Лекция тақырыбы: Діни топтар Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Әлеуметтік топтардың жалпы ерекшеліктері мен түрлері, Діни топтардың жалпы ерекшеліктері мен



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата06.01.2022
өлшемі338,97 Kb.
#16084
түріЛекция
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Лекция 11 (1)

Таза діни топтар. Бұл топтарда ең бірінші тұратын діни байланыстар 

болып  табылады.  Бұл  дегеіміз  осы  топтарда  рухани  және  діни  байланыс 

табиғи  және  органикалық  байланыстардан  да  күшті  болады.  Яғни  бұл 

топтарда  қатынастар  «дін  бауырластығына»  негізделеді  және  топ  рухани 

тұтастық  сипатына  ие  болады.  Мұндай  атмосферада  топ  мүшелері  табиғи 

тұрғыдан  бар  болған  туымтық  байланыстарды  екінші  орынға  қояды.  Тіпті 

кей жағдайларда бұл теріс ықпал шарықтау шегіне жетуі мүмкін.  

Толықтай  діни  топтарды  басқалардан  айыратын  мәселе  де  бұрынғы 

әдет-ғұрыптардың  жартылай  немесе  толықтай  жойылуы,  маңызын  жоғалуы 

болып  табылады.  Жаңа  діни  сенімнің  тӛңірегінде  топталған  адамдар  ортақ 

діни ритуалдар мен құлшылықтар арқылы бір бірімен тығыз қарым-қатынас 

орнатады  және  сыртқы  әлемге  деген  жаңа  ұстаным  қалыптастырады.  Бұл 

жағдай  жаңа  діннің  жақтастарын  дәстүрлі  қоғамнан  оқшауландырады,  тіпті 

жалғыздық  ішінде  қалуы  мүмкін.  Сонымен  қатар  осы  оқшаулану  мен 

ӛзгешелену  жаңа  діни  топтың  ӛз  проблемаларын  ӛзі  шешуіне  және  топ 

мұшелерінің  арасындағы  бауырластық  пен  бірліктің  артуына  жол  ашады. 

Осы арада жаңа діни топ жаңа жақтастар табады. Дәстүрлі және табиғи діни 

топтардың  қысымынан  кейін  аталған  толықтай  діни  топтар  құпия 

жамағаттарға айналуы да мүмкін.  

Дәстүрлі қоғамнан бӛлініп шыққан толықтай діни топты басқаларынан 

ажырататын  ең  басты  ерекшелігі  жаңа  дүниетанымдық  кӛзқарас,  жаңа 

қоғамдық  жүйе  мен  басқалардан  ӛзгеше  кейбір  ұстанымдардың  болуы. 

Сонымен  қатар  кейде  органикалық  жамағатқа  тән  құндылықтар  құпия  және 

сыртқа  жабық  түрде  ӛмір  сүріп  жатқан  толықтай  діни  топтарда  да  болуы 

мүмкін. 

Әуелі  бірнеше  мүшесі  бар  болған  діни  топтың  аясы  кейін  кеңеюі 

мүмкін.  Кейбірі  миссионерлікпен,  кейбірі  білім  берумен  және  уағызбен, 

кейбірі де жихадпен, басқалары да тариқат жолымен таралуы мүмкін.  

А)Алғашқы және ұлттық діндер деңгейіндегі таза діни топтар.  

1)  жасырын  діни  ұйымдар.  Қарапайым  қоғам  мен  ӛркениеттерде 

кездесетін  жасырын  діни  ұйымдар  толықтай  діни  топтардың  қарапайым бір 

үлгісі  болып  табылады.  Сонымен  қатар  жасырын  діни  ұйымдар  қарым-

қатынастары  күрделі  қоғамдар  мен  ӛркениеттерде,  тіпті  қазіргі  заманауи 

қоғамдарда  да  кездеседі.  Мысалы  исламда  Карматия,  Батиния,  Исмаилия 

қозғалыстары  мен  дурзи  және  нусайрия  жамағаттары  т.б.  христиандықта 

гностицизм, масондық.  

Алғашқы  қауымдарда  құпия  қауымдастықтар  таза  діни  себептерге 

байланысты  құрылса  да,  қоғамдық  қарым-қатынастар  күрделенген  сайын 

діни  факторларға  қоса  басқа  себептер  де  араласқандығы,  әсіресе  заманауи 

қоғамдарда  таза  діни  мүдделерге  негізделген  ұйымдармен  қатар  толықтай 

дүнияуи  (экономикалық,  әлеуметтік,  мәдени,  саяси  т.б.)  мүдделерге 

негізделген  жасырын  ұйымдардың  құрылғандығын,  кей  кездері  бұлардың 

біріккендігін кӛруге болады.  

Жасырын  діни  ұйымдар  арнайы  тәжірибеден  ӛткен  және  белгілі  бір 




шарттар бойынан табылған адамдар қабылданған діни топ болып табылады. 

Бұл топқа мүше болу табиғи діни топтардағыдай қарапайым жолмен жүзеге 

аспайды.  Ерік  пен  таңдау  арқылы  ғана  топқа  кіре  алады.  Топтағы  салт-

дәстүрлер  ұйымға  қабылданған  адамдарға  ғана  арналған.  Ӛте  құпия 

болғандықтан сырттан келген адам мен зерттеушілердің ӛзі бұл ұйымдардың 

мәнін,  мақсатын  ұғынуы  ӛте  қиын  болады.  Жасырын  діни  ұйымдарды 

құрылымы  жағынан  үш  түрге  бӛлуге  болады:  1)  пайғамбар,  лидер, 

реформатор  секілді  «жеке  тұлғаның  басшылығына  негізделген»  жасырын 

діни  ұйымдар.  Мұның  мысалын  Израил  және  грек  дін  тарихынан  кӛруге 

болады.  Бұларды  харизматикалық  ұйымдар  деп  те  атауға  болады;  2)  бір 

діннің  ішінен  келіспеушілік,  алауыздық  т.б.  себептерге  байланысты 

«бӛлінудің  нәтижесінде  пайда  болған»  жасырын  діни  ұйымдар.  Исламда 

батиния,  исмаилия,  карматия,  хуррамия,  ихуан  ас-сафа  секілді  топтарды 

осыларға  жатқызуға  болады;  3)  мәртебелер  жүйесіне  тәуелді  (иерархиялық) 

жасырын діни ұйымдар. 

2) Сыр (мистер) ұйымдары толықтай діни топтардың аса маңызды бір 

түрі болып табылады. Дамыған кӛне мәдениеттердің кӛпшілігінде, сондай-ақ 

Полинезия секілді алқашқы қауымдық деңгейдегі мәдениеттерде де осындай 

ұйымдар кездеседі.  

Шын мәнінде бұл ұйымдарды жасырын діни ұйымдардан ажырату ӛте 

қиын.  Бірақ  бұл  топты  басқаларынан  айыратын  ерекшеліктері  де  бар. 

Мысалы  жасырын  ұйымдардың  құрушыларын  табу  ӛте  қиын,  тіпті  мүмкін 

болмаса, ал бұл ұйымда  бұлыңғырлау болса да оның мифологиялық немесе 

тарихи  құрушысы  белгілі  болады.  Екінші  бір  маңызды  ӛзгешелігі  де  бұл 

ұйымдарда  алғашқы  жасырын  ұйымдармен  салыстырғанда  тереңірек,  жан-

жақты  әрі  дамыған  әпсаналар,  доктриналар,  теология  мен  ритуалдар 

кездеседі,  сондай-ақ  ӛзара  кӛмек  ӛте  күшті  болады.  Бұл  ұйымдарда  негізгі 

мақсат  діни  сипатта  болады.  Бұл  ұйым  ең  баста  дәстүрлі  дінге  қарсы  шығу 

әрекеті ретінде пайда болады. Оның ӛмірі қысқа немесе ұзақ болуы мүмкін. 

Сыр  культі  топтың  мүшелері  тарапынан  ӛте  құпия  түрде  сақталады. 

Гректерде Элозис (маусымға байланысты), Дионисий, Орфизм.  

Б) Әлемдік діндердегі діни топтар.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет