Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



Pdf көрінісі
бет23/80
Дата06.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#16336
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   80
Байланысты:
Менеджмент 2020

мектептегі істер жағдайы, қол жеткізілген мақсаттар 
жəне шешілмей қалған міндеттер жөнінде ақпаратты енгізетін 
жоспарлауға дайындық;
– негізгі бағыттар бойынша жоспарларды құру (жалпы біліммен 
қамту бойынша жұмыс, тəрбие жұмысы, педагогтардың біліктілігін 
арттыру, мектепішілік бақылау жəне басқалары);
– мектеп қызметінің тараулары, бағыттары бойынша дайын-
далған жобаларды үйлестіру, оларды жоспардың бірыңғай жобасына 
біріктіру;


54
– жаңа оқу жылының алдында тамыз айында өтетін педагогика-
лық кеңесте жылдық жоспарды бекіту.
Жоғарыда менеджмент функцияларының тығыз өзара байланы-
сы туралы айтылған болатын. Жоспарлаудың бақылау (мониторинг) 
барысында ұйымда анықталған деректерге негізделуі даусыз. Тек 
сенімді жəне ең анық деректерді ғана емес, сонымен бірге білім беру 
ұйымының қызметін жан-жақты сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау 
маңызды. Ақпаратты жинау көп жағдайларда мекеме жұмысындағы 
жетістіктерді анықтауға, қол жеткізілген жетістіктерді көрсету мен 
растауға бағытталған. Осы деректердің маңыздылығын ескеріп, олар-
дың қызметкерлерді ынталандырудағы, бүкіл педагогикалық ұжым əр 
педагог үшін жетістік жағдайын қалыптастырудағы рөлін белгілей оты-
рып, шешілмеген мəселелер туралы мəліметтердің, ұйым жұмысындағы 
қиындықтардың маңыздылығын атап көрсету қажет. Білім беру 
мекемелерінің əкімшілігі үшін ұнамсыз, сондықтан да көбінесе олар 
мойындамайтын осы ақпарат алдағы жұмыстың мақсаттары мен 
міндеттерін, оларға жету тəсілдерін анықтауға, жүзеге асырылуы білім 
беру мекемесінің жаңа деңгейге шығуын қамтамасыз ететін жоспар-
ларды əзірлеуге мүмкіндік береді. Сапаның заманауи менеджментінде 
басқарудың көптеген үлгілері мен тəсілдері (сапа үйірмелері, SWOT-
талдау жəне басқалары) едəуір деңгейде қиыншылықтар, шешілмеген 
мəселелер, жіберіліп алған мүмкіндіктер жəне т.б. туралы мəліметтерді 
жинауға бағытталған.
Жоспарлау үдерісі, сондай-ақ жоспарлардың өзін жүзеге асыру 
сияқты маңызды қызметтер ұжымда немесе жұмыс тобында бірлесе 
отырып жүзеге асырылса тиімді болады. 
Басшының жұмыс жоспарын жасырын немесе санаулы 
қызметкерлермен бірге дайындау əрекеті өнімсіз жүктемелерге ғана 
соқтырмайды, сонымен бірге білім беру мекемесінің педагогикалық 
ұжымы, қызметкерлері жоспарлы құжаттарды бөгде, өздерінің кəсіби 
қажеттіліктері мен ұмтылыстарын əлсіз көрсетеді деп қабылдайды. 
Оның үстіне мұндай іс-əрекет білім беру мекемесін басқарудың 
ұжымдық, мемлекеттік-қоғамдық сипатымен қарама-қайшылыққа 
кіреді. Жұмыс тобының құрамына жұмыстың кейбір учаскелеріне жа-
уап беретін мамандар (директордың тəрбие жұмысы жөніндегі орын-
басары, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, əлеуметтік 
педагог, психолог, мектеп кітапханашысы жəне басқалар) ғана емес, 
сонымен бірге ақпараттық талдау-синтетитикалық тұрғыда өңдей 
алатын, компьютерлік қолдану бағдарламаларымен жұмыс істейтін, 
мəтінді редакциялайтын жəне басқаға икемді қызметкерлерді де қосуға 
болады. Топтың осындай жинақталуының арқасында, біріншіден, 


55
жоспарлау неғұрлым нақты, негізделген, жүйелі болып жүргізіледі, 
екіншіден, қызметкерлер жоспарлардың дайындығына қатысқанда, 
мекеме əкімшілігімен қатар жоспарлардың іске асырылуы үшін 
жауапкершілікті бөле бастайды.
Ағымдағы жоспар оқу тоқсанына құрастырылады, ол жалпы мектеп-
тік жылдық жоспардың нақтылауы болады. Сонымен, жоспарлардың 
негізгі түрлерінің болуы мектеп ұжымының, оқушылардың жəне ата-
аналардың қызметін үйлестіруге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, осы 
жоспарлар мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің жоспарларына 
қатысты стратегиялық түрде де болады [94].
Білім беру мекемесінде жоспарлау функциялары оның басшы-
сымен қатар, педагогтармен де іске асырылады. Сынып жетекшісі 
сыныптағы тəрбие жұмысының жəне ата-аналармен жұмыстың жо-
спарларын əзірлейді. Нақты бір пəн мұғалімі күнтізбелік-тақырыптық 
жоспарлауды жүргізеді, сабақ жоспарларын əзірлейді, тəжірибелік-
эксперименттік, өз біліктілігін арттыру бойынша жұмыстың жоспар-
ларын құрады. Осы функцияны мұғалім қалай атқаратынын зерделеу 
[51, 114], оқытушының жоспарлау технологиясы, көбінесе, оқушыға 
мақсатты əсер ету құралы ретінде қарастырылмайтынын анықтады. 
Мектептерде тұлғалық-бейімделген, жеке тұлғаға бағытталған оқу мен 
тəрбиенің тұжырымдамалары кеңінен іске асырылуына қарамастан
оқушылар жоспарлау қызметіне сирек қатыстырылады. Сонымен, жос-
парлау білім беру мекемесі менеджерінің, педагогтың жəне оқушының 
да ерекше міндеті.
Ғалымдар жоспарлауды басқарушы ақпараттың əр түрлерін есепке 
алумен, ұзақ мерзімді, орта мерзімді жəне қысқа мерзімді жоспарлар-
дың əзірленуімен, үдерістік, жүйелі жəне жағдайлық көзқарастарды пай-
даланумен, басқару нысандарын бөлумен жəне басқаларымен жүргізуді 
ұсынады. Бұдан басқа, жоспарлау оқушы тұлғасының қалыптасуы мен 
дамуын болжауда, педагогикалық үдеріс субъектілерінің жүйелі өзара 
əрекетінде, жоспар алды негіздемелерде жəне əдістемелік шешімдердің 
нұсқалық талдауында негізделуге тиіс [51, 77 б.].
Жоспарлаудың ең күрделі жақтарының бірі – мақсат қою, яғни 
болашақ қызметтің мақсаттар жүйесі мен міндеттерін анықтау. Дұрыс 
қойылған мақсаттар олардың іске асырылуы үшін ең қажетті жəне 
тиімді əрекеттерді таңдауға, сол сияқты осы мақсаттар мен міндеттерге 
жетудің бақылауы жүргізілетін индикаторлардың шеңберін белгілеуге 
мүмкіндік береді. Ең бастысы, мақсаттар келесі талаптарға сəйкес 
болуға тиіс:
– нақтылығы мен өлшемділігі, яғни мақсаттың тұжырымдалуында 
сапалықпен қатар, сандық та сипаттамалар болуға тиіс. Осындай 


56
сипаттамалардың болуы əрі қарай мақсатқа жету дəрежесінің сенімді 
диагностикасын іріктеуге жəне пайдалануға мүмкіндік береді;
– ұйымның əртүрлі құрылымдық бөлімшелері мақсаттарының 
қайшылықсыздығы мен келісімділігі. Келісімділік бөлімдер мен 
қызметкерлердің иерархиялық бағыныштығын ескеретіндей тік, 
сондай-ақ бір деңгейдегі құрылымдардың өзара əрекетінің есебіне 
негізделетін көлденең болуы мүмкін; 
–  мақсаттың белгілігі, яғни оның жүзеге асырылуының нақты 
уақытты параметрлерін көрсету;
– қол жетерлігі, бұл ұйым немесе оның бөлек құрылымдық 
бөлімшелері, сондай-ақ қызметкерлері үшін мақсаттың қолдан 
келетіндей болуын көздейді; мақсаттарға қол жету үшін материалдық, 
кадр, уақыттық ресурстардың болуы
– икемділік. Мақсат ішкі жəне сыртқы ортаның өзгерістерін есепке 
алумен үнемі түзетілуі тиіс.
Өз кезегінде, дұрыс жазылған мақсат кейіннен декомпозицияға 
жатқызылады. Декомпозиция барысында шешімі жалпы жаһандық 
мақсатқа қол жету шартының қызметін атқаратын жеке, нақты міндет-
тер анықталады. Мақсаттар мен міндеттер арасындағы айырмашылық 
жиі бағдарлау белгісі бойынша да жүргізіледі: мақсат бізді не жəне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет