Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15


Біліктілікке қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет78/80
Дата06.01.2022
өлшемі0,78 Mb.
#16336
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80
Байланысты:
Менеджмент 2020

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім, 
педагогикалық жұмыс өтілі 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Білім беру ұйымы директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары
(бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білім)
Лауазымдық міндеттері: Оқу-тəрбие процесін ұйымдастыруды, 
оқушыларды тəрбиелеу бағдарламаларын жасауды, оларды іске асыру 
бойынша жаңа тəсілдерді қамтамасыз етеді. Тəрбиелеу процесінің про-
блемаларына, тəрбие жұмысының нəтижелеріне, тəрбие жұмыстары 
саласындағы жағдайлар мен перспективалық мүмкіндіктерге талдау 
жасайды. Тəрбие жұмысының ағымдағы жəне перспективалық жос-
парлауын ұйымдастырады. Аға-жетекшілер, ұзартылған күн тобының 
тəрбиешілері (ҰКТ), сынып жетекшілері дене тəрбиесі-сауықтыру 
жəне көркемдік-эстетикалық циклдің қосымша білім беру педагогтері 
қызметін жоспарлауды жəне бақылауды жүзеге асырады. Тəрбие 
жұмысы жөніндегі, мəдени-тəрбие шараларын дайындау жəне өткізу 
жөніндегі қажетті əдістемелік құжаттамаларды əзірлеу бойынша 
жұмысты үйлестіреді; педагогикалық қызметкерлер өткізетін тəрбие 
процесін қамту мен өткізу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асы-
рады. Девиантты мінез-құлықты балалармен жеке тəрбие жұмысына 
бақылауды жүзеге асырады. Педагогикалық кадрларды іріктеуге жəне 
орналастыруға қатысады, тəрбиелік жұмыстармен айналысатын пе-
дагог қызметкерлердің біліктілігін жəне кəсіби шеберлігін арттыруды 
ұйымдастырады. Жұртшылық жəне құқық қорғау органдары, ата-ана-


238
лар, білім беру ұйымының ата-аналар комитеті өкілдерімен тəрбиелеу 
үдерісін қамтамасыз ететін оқу орнының əкімшілік, қызметтер мен 
бөлімшелер өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді. Оқушыларға 
медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылауды жүзеге асыра-
ды. Тəрбиелеу процесінде қолданылатын құралдар, техникалық жəне 
көрнекілік құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Белгіленген тəртіпте есеп құжаттамаларының сапалы жəне уақтылы 
жасалуын, анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етеді.
Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл 
туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», 
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке жəне отбасы ту-
ралы», «Арнайы əлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды 
əлеуметтік жəне медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау ту-
ралы», «Кəмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар 
мен балалардың қадағалаусыз жəне панасыз қалуының алдын алу 
туралы» заңдарын жəне білім берудің даму бағыттары мен перспек-
тиваларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді
педагогика, психология негіздерін; жалпыға міндетті білім беру стан-
дартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық 
ғылымның жəне практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, 
қаржы-шаруашылық қызметтері туралы заңнамаларды, еңбек, еңбекті 
қорғау, техникалық қауіпсіздік жəне өртке қарсы қорғау нормалары 
мен ережелерін, санитарлық нормалар мен ережелерді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет