8-сынып 1-тапсырма. Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз



бет1/4
Дата23.10.2023
өлшемі21,6 Kb.
#120746
  1   2   3   4

Оқу сауаттылығына арналған тест
8-сынып
1-тапсырма.
Мәтінді оқып, астындағы тест тапсырмаларын орындаңыз.
Гүлнәр мен Дәурен үйде қалды. Анасы жұмысқа кетерде, малға уақтылы шөп салуды Дәуренге тапсырды.
Гүлнәр үй ішін сыпырды, еденді таза шүберекпен сүртті. Терезе алдында үлкенді-кішілі құмыраларда өсіп тұрған үй гүлдеріне су құйды.
Дәурен достарымен бірге балық аулауға кетті. Ауыл жанындағы өзеннен он шақты балықты түске дейін қиналмай-ақ ұстады. Ол бұған қатты қуанды. Балық аулаймын деп кеш болып кеткенін Дәурен байқамады. Бір кезде анасының сөзі есіне түсті:
– Ау, достарым, мен үйге қайттым. Анам «Малға шөпті уақтылы бер» деген еді. Мен болсам ұзақ отырып қалыппын, – деп ұстаған балықтарын жинастыра бастады.
Үйге кірерде Дәурен ең алдымен малды қораға қарай бұрылды. Қора ішінен байқағаны – екі сиырдың алдында мол шөп. Жануарлар жеп тұр. Дәуреннің көңілі жайына түсті.
– Дәурен, балықты көп ұстапсың ғой, – деді Гүлнәр көйлектерді жуып жатып.
– Ия, Гүлнәр. Балықтың қызығына түсіп, кеш келдім.
Сен кешіккен соң, малдарға шөп салып қойдым.
– Рақмет, Гүлнәр, – деді Дәурен ризашылығын білдіріп. Сөйтті де, Гүлнәрдың жанында бос тұрған екі шелекті қолына алып, құдықтан су әкелуге кетті. Қайырымды әпкесіне осы сәтте қолынан келгенше көмек көрсеткісі келген еді.
1. Мәтінге қандай ат лайықты?
а) Балық аулау ә) Қайырымды әпке
б) Ананың тапсырмасы в) Дәуреннің көмегі
2. Дәурен үйге неге кеш келді?
а) Сабақтан кеш шықты. ә) Балықтың қызығына түсті.
б) Малға шөп жинады. в) Далада доппен ойнады.
3. Гүлнәрдің мінезіне лайық сөздерді табыңыз.
а) өсекші, өтірікші, жалқау ә) ұқыпты, таза, еңбекқор
б) білімді, тұйық, қыңыр в) іскер, пысық, арам
4. Мәтінге сәйкес мақалды белгілеңіз.
а) Үйінде қартың болса — асыл қазынаң
ә) Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің.
б) Аз сөз алтын, көп сөз көмір.
в) Ақылды өзінен көреді,
Ақылсыз ағайыннан көреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет