№7
Ғылыми зерттеу әдістерін топтап
бөлу.
9 апта
10 апта
№8
Зерттеудің эмпирикалық әдісінің
педагогика ғылымындағы рөлі.
9 апта
11 апта
№9
Тестілердің типтері мен
формалары.
12 апта
13 апта
№10 Педагогикалық тәжірибенің
түрлері,оларды топтап бөлу.
12 апта
15 апта
Дәрістік кешені
Модуль 1
Ғылми іс-әрекет процесі
Дәріс №1
Дәріс тақырыбы: Ғылыми іс - әрекет (ғылыми процесс ретінде)
Аннотация. Ғылымның адамдармен,
табиғаттың, қоғамның, ойлау процестерінің арақатынасы
туралы сөз қозғалады.
Кілт сөздер:
ғылым, таным, зерттеу, қоғам, әлеумет, ғылыми кадрлар, мерзімдер.
Дәріс жоспары:
5. Ғылым – таным процесінің ерекше формасы.
6. Ғылыми шығармашылық.
7. Ғылыми іс - әрекет, оның мақсаты мен ерекшеліктері.
8. Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстары – курстық және дипломдық жұмыс.
Дәріс тезистері
Ғылым – адамдардың табиғат, қоғам, ойлау туралы білімдерінің жүйесі. Осы үш
саланың әрқайсысына қатысты ғылымдардың жеке салалары және олардың даму
заңдылықтары бар.
Қазіргі заманғы ғылым – жаңа білім өндіру және мақсатқа сай оны беріп отыру
жөніндегі әлеуметтік бағдарлы қызмет, қоғамдық өндірістің өзіндік түрі, жиынтығында
дүниенің ғылыми бейнесін құрайтын білімдер жүйесі, аса маңызды әлеуметтік қару.
Қоғамдық сананың түрлерінің бірі әрі ерекше қызмет бола отырып, ғылым, К.Маркс
айтқандай, қоғамның идеалдық және практикалық байлығын білдіреді.
Қазіргі жағдайларда ғылым ұжымы жетекшісінің рөлі артып отыр. Социологиялық
зерттеулер ғылыми – зерттеу жұмыстардың төмен нәтижелілігі ғылыми кадрларды
орналастыру мен пайдаланудың дұрыс еместігінен, жеке салалар мен қызметкерлердің, ең
алдымен жастардың жұмысына ғылыми жетекшіліктің нашарлығынан екендігін
дәлелдейді. Маманданған ғылыми жетекшіліктің маңызы әсіресе қысқа мерзімді
зерттеулер бағдарламаларында арта түседі.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1.
Қаңтарбай, С. Е. Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі [Текст] : оқулық / С. Е.
Қантарбай, Ж. А. Жүсіпова. - Алматы : Дәуір, 2011. - 272 б.
2. Жиенбаева, С. Н. Педагогикалық ғылыми зерттеу теориясы мен әдістемесі [Текст] : оқу
құралы / С. Н. Жиенбаева. - Алматы : Отан, 2015. - 126 бет.
3. Демеуов, А. Қ. Ғылыми зерттеу жұмысы [Текст] : оқу құралы / А. Қ. Демеуов. -
Алматы : Эпиграф, 2016. - 132 бет.
Достарыңызбен бөлісу: