65
ҚҰРМЕТТЕУ, СЫЙЛАУ
–
• Алдынан қия өтпеу
• Асты – үстіне түсу*
(қызмет көртсету)
• Бəйек болу*
(қызмет көртсету)
• Қадыр тұту
• Қошемет көрсету
Қазақ фразеологизмдерінде «сыйлау, құрметтеу» фреймдері осындай
менталдық бірліктермен бір семантикалық топта сақталған.
Ал адресат назары фреймдердің қарама-қарсы жақтарына шоғырланса,
онда жанама-туынды аталымдар қарсы мəнді фразеологизмдерді жасай-
ды. Мысалы:
• Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүру;
• Аузынан ақ ит кіріп, қара ит шығу;
• Дұшпанның отын сөндіру, достың атын жандыру;
• Күле кіріп, күңірене шығу;
• Жақсысын асырды, жаманын жасырды;
• Ыстығына күйіп, суығына тоңу.
Фреймдердің сан түрлілігі дағдылы (стеоретипті) жағдаяттардың
құрылымдары ретінде танылады. Иерархиялы түрде орналасқан күр-
делі фреймдерде нақтылы ақпараттар жинақталады. Өз кезегінде бұл
ақпараттық мағыналық бөліктер (слот) арқылы анықталады. Мысалы,
жыртысын жырту фразеологизмінің арғы семасы «көмектесу» концеп-
тісінде жатыр. Бұл тіркестің мағынасын талдау үшін бірнеше ақпараттық
мағыналық бөліктер жігін ажырату керек.
Бірінші ақпараттық мағыналық бөлік. Қазақтың мəдени дəстүрінде
той-томалақ, өлім-жітімде (əдетте о дүниелік болған адам жасы үлкен,
сыйлы, аузы дуалы) қатысқан ел-жұртқа қымбат, бағалы маталарды
көлемді етіп жыртыс таратады. Бұл той салтанатының бір белгісі ретін-
дегі сый-сияпаты. Ал өлім-жітімде тəбəрік етіп, ырымдап, жасын берсін,
жолын берсін деп береді.
Достарыңызбен бөлісу: