«Қыз-келін»
– қыз, бойжеткен, ару, қалыңдық, келін, келіншек, жеңге,
қайын сіңлі;
«Əйел-ана»,
– əйел (жұбай, зайып, жар, қосағы), қатын, ана, (апа,
шеше), əже, кейуана, кемпір;
«Бəйбіше-тоқал»
– бəйбіше, тоқал, ханым, қайын ене, ханша,
бике, бибі, бикеш, күң, күңше, күндес, жесір т.б. барлығы 32 бірліктен
тұратын үш іргелі тақырыпқа бөлуге болады. Өйткені көрсетілген атау-
лардан ұлттық мəдениеттің ерекшелігі, салт-дəстүрлері, əдет-ғұрыптары,
мəдени құндылықтары аңғарылады. Сондай-ақ, «Əйел» макроконцептіні
таныту үшін əйел лексемасын тұрпат межесінде алсақ, онда айналасы-
на ұйымдасқан тіл бірліктерін – лексикалық, фразеологиялық, мақал-
мəтелдер жүйесін көреміз.
Мəселен, тек «Қыз-келін» тақырыбы маңына қызға қырық үйден
тыю, қыз қылығымен, қызым саған айтам, келінім сен тыңда т.б. тіркес-
тер қазақ ғұрпында қызды болашақ өмірге дайындау, тəрбиелеу, ескерту
сынды үлгілермен айтылады.
Халқымыз қыз баланы əрқашан ибалылыққа, иманжүзділікке, бол-
мысы өзге нəзіктікке, сыпайылыққа тəрбиелеуге аса жауапкершілікпен
қараған. Сондықтан да қырық үйден тыю деп жиі қыдыртпауды, белгісіз,
мəнсіз ортамен көп араластырмауды көздеген. Жоғарыда келтірілген əр
тақырып аясындағы жеке лексемалардың фразеологизмдердегі көрінісі
өте бай əрі жан-жақты. Тек «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде»
мыңнан астам тіркестер тіркелген.
Есік көрген – бұрын күйеуде болған əйел туралы. «Есік көргенді алма,
бесік көргенді ал» мақалының қысқартылып, фразеологияланғаны. Бұл
фразеологизм астарында халықтық салт-дəстүр бойынша жас жігітке
беті ашылмаған қызға үйленгенінің жөн екендігін аңғартады.
Ал «Əйел-ана» тақырыбына қатысты шоғырланған фразеологиялық
тіркестер мазмұны қазақ мəдениетінде тіпті заңнамалық кодекске лайық.
Олай болуы заңдылық та. Себебі бұл тіркестерде «Ана» бейнесі тек
моральдық биіктен көрінеді.
Əйел атауының когнитивтік құрылымының ішкі мəнінде ерекше
көрініс беретін ақпараттар ретінде белгілі бір айтылмақшы ойды тұп-
74
тура тікелей емес, образдар арқылы бейнелеп, астарлап тілдегі табу,
эвфемизм, дисфемизм, ирония, парафраза сияқты этнотанымдық сим-
волдар тəсілдерін кеңінен қолдана отырып, ассоциациялық фондық
образы үйлес парадигмалық қатынас құруға болады. Бұл, əсіресе, əр
ұлттың этноменталдық таным жүйесінен ерекше көрініс береді. Қазақ
дүниетанымында əйелдердің еркектерден бір саты төмен тұратындығы
дүниенің тілдік бейнесіндегі гендерлік ұғымдармен байланысты тіркес-
термен айқындала түседі: нашар кісі, тесік моншақ, шүйкебас, төмен
етек т.б. Осы атаулардың ішкі семантикалық, стильдік экспрессивтілік
мəнінің өзі ұлттың мəдени болмысы мен ойлау жүйесінен, қоршаған
дүниені қабылдаудағы өзіндік ментальдық танымынан қажетті ақпарат
беретіні анық.
Тілдік құрылымдармен таңбаланған бұл дəстүрлер мен жоралғылардың
этнотанымдық табиғатында қыз балалар мен жас келіндерді, əйелдерді
түрлі теріс мінездерден, қылықтардан сақтандыру мақсатында
қолданылатын табу сөздер мен ұғым түсініктер негізінде қалыптасқан
ырымдар баршылық.
Мысалы: қыз балаға кəрі жілікті ұстатпау (болашақ күйеу кəрі бо-
лады);
ер адамның жолын кеспеу (жігіттің жолы болмайды);
əйел адамға пышақ қайратпау (күйеуінің сағы сынады);
келін ата-анасының атын атамауы (сыпайылық, əдептілік); т.б.
сияқты ырым, тыйымдардың мазмұнынан ұлт мəдениетінің бейнелі об-
раздары мен құрылымдағы фреймдік үлгілерін жете аңғаруға болады.
Тілімізде əйел атауының концептуалдық өрісіне енетін қыз атауымен
байланысты қызбөрі, қызойнақ, қыз айттыру, қыз алып қашу, қыз кəде,
қыз ұзату, қыз жасауы, қыз қуу т.б. сияқты ұлттық салт дəстүр мен
ғұрып нышандарын бейнелейтін этнографизмдер мен мақал-мəтелдер,
фразеологизмдер орасан көп.
Осылайша, когнитивтік жүйе арқылы адам дүниені танып, өз
көзқарасын бейнелі фразеологиялық жүйемен суреттей алады. Демек,
дүниенің əлдебір тұрақты ұлттық моделін айқындау үшін, ұлттық
өмір элементтерінің өзара қарым-қатынасын, құрылысын білу тілді
тұтынушылар үшін аса маңызды мəселе.
В.фон Гумбольдт: Язык народа есть его дух и дух народа есть его
язык, и трудно представить себе, что-либо более тождественное. – (Из-
75
бранные труды. М.,1984.) деп көрсеткен тұжырымдамасы ХХІ ғасыр
мəдениеті үшін де өзектілігін жоймаған ақиқат болып отыр.
Əйел бейнесін сипаттайтын фразеологизмдерде ұлттық болмыс пен
дүниетанымдық ерекшелік бар. Фразеологиядағы əйелдер бейнесіндегі
концептілік құрылымдардың көрінісі – ұлттың ментальдық көрсеткіші.
Мəселен, ерекше этносимволдық мəні бар төмендегі тіркес мазмұнынан
қазақ халқының ұлттық таным көкжиегінен қажетті ақпарат алуымызға
болады. Əйелдің жақсысы – ақылшың. Қазақ салтында əйелдің сан алу-
ан абзал қасиеттерінің біріне оның еріне кеңес беріп, ақылын айтып оты-
руын жатқызады; қазақ сахарасында дүйім елді аузына қаратып, өзінің
елден ерекше ақыл парасатымен құрметке бөленген аналар аз болмаған.
Сондай ақыл парасаттың кені болған əйелдер əрқашан да еркектің басы-
на қиын-қыстау күн түскенде жанынан табылып, оған ақыл айтып, күш,
рух беріп отырған. (Ə.Қайдар. Халық даналығы. Алматы, 2004.)
Қазір моральға міндеттейтін болашақ жар, əйел, ана дейтін сөздермен
қыз балалардың лингвистикалық интуицияларын өте керемет деп айтуға
болмайды. Олардың бойында бұл ұғымдар туралы имплициттік білім
көрінісі бəсеңдеп барады. Қазақта: «Əйелі азған елдің болашағы жоқ»
деген қатаң ескерту бар.
Қазақ əйелінің ойлау қабілеті, зейін-зерде ерекшелігі, парасат-пайым
деңгейінің, мінезінің, еңбекқорлық, төзімділік, махаббат, сұлулық т.б.
фразеологизмдер суреттейтін тілдік көрінісі этностың ерекше этноцентр-
лік концептілерін құрайды. Болашақта «Қазақ əйелі» макроконцептісінің
қазіргі заманға сай «іскер əйел» т.б. микроконцептілеріне, имиджіне,
кəсіби-интеллектуалдық өрісіне дəйектелген динамикалық жүйесін
қазіргі қазақ қоғамының рухани-əлеуметтік үрдісімен салыстыра
қарастыруды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |