77
баста адамдардың жан бағу, күн көру, тамағын асыру сияқты тұрмыс
қажеттерін өтейтін кəсіптің бір түрі болды. Бертін келе, мəдени тұрмысы
жақсарған соң, бұрынғы кəсіп мəдени өнерге жалғасты. Бірақ о бастағы
кəсіп кезінде қалыптасқан түрлі іс-əрекеттерді тура мағынада білдіретін
тілдік бірліктер ауыспалы мағынаға айналды, енді іс-əрекет, жағдаяттары
жанама суреттейтін фразеологиялық қолданыс қалыптасты.
Қазақ тілінің сөздік құрамында аңшылық пен саятшылық туралы
бірліктер бар. Ал ертеден қалыптасып, күні бүгінге дейін ұмытылмай
келе жатқан тұрақты тіркестердің құрамында аңшылық, саятшылыққа
байланысты қолданылатын кəсіби қолданыстар жиі кездеседі.
Бір кезде тура мағынасында қолданылған
ор қазу тіркесінің мəні мы-
нада. Аңшылықта аңды ор қазып аулау дəстүрі болған. Ауланатын аңға
байланысты ор терең, тік, таяз, кең немесе көлбеу болып қазылады. Аңды
қуған кезде аң орға түседі. Демек,
біреуге ор қазу тұрақты тіркесінің
шығу тегі
ор сөзімен байланысты. Тіліміздегі біреуге қиянат жасау,
жаманшылық ойлау деген ұғымды
ор қазу тіркесі арқылы беріледі. Бұл
тіркестің қалыптасу уəжі қазақ халқының аңшылық дəстүріне байла-
нысты.
В.П.Жуковтың: «внутренная форма ... формируется на базе слов конк-
ретного первично-номинативного значения» [С. 104]; «фразеологическое
значение может возникнуть в результате метафорического переосмысле-
ния словосочетания, образующего внутренную форму фразеологизмов»
[с.163]. деген ой-пікірлері осы мысалдың ішкі формасының жасалу ретін
дəйектейді.
Тілімізде саятшылық өнерге қатысты қолданылатын
шырға тартты
тіркесі бар. «Құсбегілер тіліндегі
шырға – «қызыл», «далбай», «кеп»,
«тірі» сияқты атаулармен айтылады. Қазақ халқының ауыз əдебиеті
мен жазба əдебиетінде шыр, шырға, шырғалау деген сөздер көп кез-
деседі. Бірақ бұл сөздің төркіні (этимологиясы) жете зерттеліп, əлі
анықталмаған», – дейді Ж. Бабалықов [1983, 53 б.)].
Достарыңызбен бөлісу: