Монография «Елтаным баспасы»


Біріншіден,  фразеологиялық  мағына  концептіден  кең,  оның



Pdf көрінісі
бет66/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   193
Байланысты:
Verstka

Біріншіден,  фразеологиялық  мағына  концептіден  кең,  оның 
перифериялық  аймақты  жасайтын  лингвокреативтік  қырлары 
бар. Екіншіден, концептінің анықтамасы бойынша, семиотикалық 
бағдар мен негізігі тілдік бірлік – сөздің тұрпат межесіне қарай ойы-
сады. 
Фразеологизмде жатқан концепт лингвокреативті деп бекер айтыл-
майды. Бұлай айтудың когнитивтік фразеологияда маңызды мақсаты 


82
бар. Ол: «фразеологиялық концептінің» өзіндік ерекшеліктерін көрсету. 
Бірінші ерекшелік. Əдеттегі концептілер тілден де тыс (музыка, живо-
пись, сəулет, скульптура) жағдайда өмір сүреді. Əрине, тілдік қатысымда 
концепт айтылымға ие болады. Сөз тура мағынасында концептіге əрі тез, 
əрі оңай жол ашады. 
Мысалы, бесік сөзі – «Бесік» концептісі – зат. қазақ халқының мəдени 
мұраларының бірі, ұлт өнерінің төл туындысы, баланың кеудесі мен 
аяғын қаттырық байлап жатқызатын, дəретін жайдырмау үшін ар-
найы орнатылған түбегі мен ш.мегі бар нəресте бөлеуге арналған ағаш 
төсек [ҚƏТС. 3т. 2006:295]. 
Əке сөзі «Əке» концептісінің негізін қалайды: балалы болған ер адам. 
[ҚƏТС. 2т. 2006:403]. Егер сөз концепті көпмағыналы болса, əңгіме дəл 
қандай концепт екендігін табу қиынға түседі. 
Мысалы  бас  сөзінің  қазақ  əдеби  тілінің  сөздігінде  23  мағынасы 
талданған.
Мысалы, Бас зат. 1. а н а т. Адам не жануарлар денесінің жоғары не 
алдыңғы қозғалмалы бөлігі. ... 3. Кісінің жеке дара –өзі; адам. 14. Белгілі 
бір амалдың ұйытқысы, себепкері; 22. Белгілі бір процестің баталуы. 
[ҚƏТС. 3т. 2006: 10-11]. Ауыспалы мағынадағы екіншілік аталымдардың 
концепт құрудағы қайшылықтар кездеседі: мысалы, жанымның жай-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет