Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет33/57
Дата06.01.2022
өлшемі1,33 Mb.
#16691
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57
Байланысты:
халықаралық стандарт

Оқылым  әрекеті  бойынша  студент  өзін  қызықтыратын  салаға  қатысты 

мәліметтерді  тікелей  алуға  болатын  мәтіндерді  оқып,  мазмұнын  және  негізгі 

тақырыбын  түсінуі  тиіс.  Студент  мәтін  бойынша  түсінгенін  ауызша  айтып, 

берілген сұрақтарға жауап беруі, сұрақ қоя білуі, өз ойын айта білуі және мєтін 

бойынша  түсінгенін  өз  сөзімен  әңгімелеп  бере  білуі  қажет.  Бұдан  студенттің 

мәтіннің мазмұнын түсінген-түсінбегенін және сөздік қорының ауқымын бірден 

аңғаруға  болады.  Мәтіннің  түрлері:  әңгіме,  баяндама,  сипаттама,  нұсқау, 

дєйектеме, хабарландыру т.б. Мәтін көлемі 600-700 сөзден тұрады.  



Айтылым  бойынша  студенттер  өздеріне  ұсынылған  тақырыптардың  бірін 

таңдап,  сұхбат  құра  білуі  тиіс.  Мұнда  олардың  рухани  танымдары  тексеріле 

келіп,  таңдаған  тақырыпқа  сай  сөйлесімде  төмендегідей  шарттар  ескертіледі: 

студенттің  берілген  тақырып  бойынша  көлемі  400-500  сөзден  тұратын 

мәлімдеме  жасау,  сұхбат  құру,  серіктесін  қоштау  т.б.  бағыттарды  білім-

71 


 


  

біліктілігі,  дағдысы  болуы  қажет.  Монологтік  сөйлеуде  студент  берілген 

тақырып  бойынша  әңгіме  құрай  білуі,  оқыған  немесе  тыңдағаны  бойынша 

қатысымдық  бағытта  репродуктивті  негізде  мәтін  түзеуді  құрастыра  білуі; 

мәтінде берілген оқиға, ондағы кейіпкерлерге өз көзқарасын айта білуі тиіс. 

Диалогтік сөйлеуде студент мыналарды орындай білуі қажет: 

– 

айтушы  әңгімесінің  мазмұнын  түсіну,  өткен  тақырыптар  бойынша 



сөйлесе білу; 

– 

сөйлеушінің репликасына жауап қайтару; 



– 

диалогті аяқтай білу, өзінің ойын айта білу. 



Жазылым  бойынша  жұмысты  орындауда  студенттер  таңдаған  тақырып 

мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша баяндай білуі және сонымен 

қатар  өзінің  осы  тақырып  бойынша  жеке  көзқарасын,  тұжырымын  да  жеткізе 

білгені жөн. Мұның өзі студенттің қазақ тілін қалай меңгергенін, оның қазақша 

сөз  байлығының  ауқымын  көрсетеді.  Әрине,  жазба  жұмысы  студенттердің 

сөздік  қорымен  ғана  емес,  сонымен  қатар  олардың  сауатты  жазу  қабілеті, 

сөйлемдегі  сөздердің  нормаға  сай  байланыстыруы  тұрғысынан  бағаланады. 

Жазба жұмысы (эссе-шығарма) 400-500 сөз көлеміндегі мәтінмен берілуі тиіс. 

Оқиғаны хабарлау,  суреттеу,  баяндау  түріндегі  мәтіндер әдеби  тіл  нормасына 

сай болуы қажет. 

Жазылым бойынша студент өзіне таныс қызықтыратын мәселелердің толық 

қатары бойынша қарапайым, нақты сипаттама бере алады. Өз сезімі мен алған 

әсерін қоса отырып, қарапайым мәтін құрай алады. Шынайы болған немесе көз 

алдына елестете алатын оқиғалар туралы сипаттай алады.  

Өзін қызықтыратын тақырыпқа қысқа, қарапайым эссе жаза алады. Өзінің 

қызмет  шеңберінде  кездесетін  күнделікті  таныс  немесе  таныс  емес  мәселелер 

бойынша  жиналған  ақпараттар  туралы  өзінің  пікірін  хабарлап  қортындылай 

алады.  Күнделікті  өмірде  кездесетін  ақпаратты  беретін  және  қолданылған 

әрекетті түсіндіретін қалпы мен мазмұны стандартты өте қысқа баяндама жаза 

алады. 


Кәсіби бағдарлы деңгей 

Кәсіби бағдарлы деңгейдің лексикалық минимумы шамамен 1300-1600 сөз. 



Тыңдалым бойынша студенттер бейтаныс кәсіби бағдарлы мәтінді таспадан 

тыңдап,  ақпараттың  мазмұнын,  тақырыбын,  негізгі  идеясын,  негізгі  және 

қосымша хабарды толық түсіне білуі тиіс. Тыңдалым уақыты – 3-4 минут және 

бір  рет  тыңдалады.  Мәтін  көлемі:  600-800  сөз.  Мәтінде  5-6  таныс  емес  сөз 

кездесуі  мүмкін.  Диктордың  оқу  (сөйлеу)  қарқыны  қалыпты,  сөйлеу 

жылдамдығы: 220-250 буын. 

Егер  тыңдалым  диалог  арқылы  жүзеге  асатын  болса,  онда  студент 

сұхбаттасушының  кәсіби  тақырып  аясында  қойған  сұрағын,  айтқан  ойының 

мазмұнын тыңдай отырып, түсініп, жауап қайтара білуі тиіс. Диалог көлемі: 10-

12 

сөйлем құрылымынан тұруы мүмкін. 

Әдеби нормада қалыпты жылдамдықпен айтылған нақты және абстрактылы 

тақырыптағы  ақпараттарды  тыңдап,  түсіне  алады.  Тіл  иесімен  дайындықсыз 

72 

 



  

сұхбатқа түсе алады. Өз қызметі  шеңберіндегі тақырыптар бойынша қалыпты 

нормада  айтылған  лингвистикалық  құрылымы  мен  мағыналық  жағынан  орта, 

нақты және абстрактылы тақырыптардағы негізгі ойды түсінеді. Әдеби нормада 

үнтаспаға  жазылған  хабарламаларды  тыңдап,  ондағы  айтушының  бірнәрсеге 

көзқарасын анықтай алады. 

Радиодан әдеби нормада берілген деректі радио хабарлардың және басқа да 

материалдардың көпшілігін түсіне алады. Ондағы сөйлеушінің сөйлеу мәнерін 

көңіл күйін анықтай алады.  

Мәтінді оқу қарқыны минутына 220-250 буын. 

Мәтін бір рет тыңдалады. 

Мәтін көлемі 500-600 сөз. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет