–
нысаналар арасындағы байланыс пен тәуелділіктің көрінісі;
Жеке шағын стильдерге тән қатысымдық құрылымдар:
–
елдің экономикалық, географиялық жағдайын сипаттау;
–
өмір сүру ортасын сипаттау;
–
тарихи тұлғалардың қызметтерін сипаттау;
Студент берілген деңгей аясында төмендегідей тақырыптар төңірегінде
тілдік қатысымға түсе алуы қажет:
–
адам және қоғам;
–
адам және саясат;
–
адам және ғылым;
–
адам және экономика т.б.
С2 Студент берілген деңгей негізінде мынандай коммуникативтік
тапсырмаларды орындай алуы қажет. Тіл иесінің жылдам айтылған сөзін
түсіну. Ғылыми еңбектерді оқып баяндай білу. Мәжіліс, жиналыстарда өзіне
қажетті ақпарат пен мәліметтерді жаза алуы. Өз кәсіби шеңберінде кеңес беріп,
пікір білдіруі. Өзінің ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша мақала баяндама
жазып, өз пікірлерін қорғай білуі қажет. Ғылыми еңбекке эссе, жоспар (жай
және күрделі), пікір, түйіндеме жаза алуы міндетті.
Студенттердің қазақ тілін сөйлесім әрекеті түрлері бойынша меңгеру
іскерліктеріне қойылатын талаптар
Негізгі деңгей
Негізгі деңгейдің лексикалық минимумы шамамен 1200-1500 сөз
Тыңдалым бойынша студент әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени,
ресми-іскери, саладағы 250-300 сөзден тұратын мәтінді тыңдап, оның
мазмұнындағы негізгі және қосымша ақпараттарды түсе алуы қажет. Мәтінге
баға бере білуі керек: мәтінді қолдау, ризашылығын (қарсылығын) білдіру
таңданысын, қызығушылығын, мақтаныш сезімін, өкінішін, қуанышын,
ренішін, қорқынышын, үмітін білдіру.
Мәтінді оқу қарқыны минутына 220-250 буын.
Мәтін бір рет тыңдалады.
Достарыңызбен бөлісу: