Оқушылар үшін оқыту нәтижелері: жабайы аңдар туралы қосымша түсінік
алады, сын есімнің шырайларын айыра алады, топта талдау жасай алады.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық, жұптық, сұрақ-жауап, рөлдік.
Жаңа технология элементтері: сын-тұрғысынан ойлау, диалогтық оқыту,
жас ерекшеліктеріне байланысты, білім беру үшін бағалау және оқуды
бағалау,білім беруде АКТ пайдалану, талантты және дарынды балаларды
оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе карточкалар, суреттер, интерактивті тақта,
флипчарттар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру:
-
Амандасу.
-
Психологиялық ахуал. Оқушыларды шаттық шеңберіне шақыру.
-
Біз күнде аспанға қарағанда нені көреміз? Күннің көзі бізге не береді? Күннің
көзі бізді қалай жылытады? Олай болса, жүректерімізді ұстап , жылуын
сезінейікші. Жүрек жылуын бір-бірімізге берейік. Оқушылар бір-біріне жылы
сөздер айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |