Түсінігі. Негізгі сұрақтары


Дәріс 3. Қазақстанның экологиялық климаттық жағдайының сипаты



Pdf көрінісі
бет5/28
Дата06.01.2022
өлшемі0,75 Mb.
#16847
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Дәріс 3. Қазақстанның экологиялық климаттық жағдайының сипаты.   

 

Негізгі сұрақтары: 

1.  Қазақстан климатының экологиялық жағдайлары 

2.  Қазақстан климатын бақылау және анықтау 

3.  Климаттың ғаламдық жылынуы салдарының әсері 

 

       Атмосфера  күйінде  елеулі  өзгерістер  адам  қоғамының  қызметінен  тууы 



мүмкін.Таяудағы  уақытқа  дейін  оның  ықпалы  біршама  шағын  болды  да 

тропосфераның 

төменгі 

қабатында 

ғана 

байқалды,яғни 



микроклиматпен,сирегірек  мезоклиматпен  шектелді  мысалы,қуаншылық 

аудандарды суару,орман шабу,құрылыс.Қазіргі кезде планетарлық масштабта 

климатты  жаңарту    маңызына  энергия  өндіру  ие  болып  отыр.Бүкіл  құрлық 

үшін  орта  есеппен  бір  жыл  ішінде  пайдаланылатын  энергияның  мөлшері 

0,02ккал\м²  екені  анықталған.Өнеркәсіп  аудандарында,қалаларда  бұл  едәуір 

жоғары,жылына  жүздеген  ккал\см²-ге  дейін  жетеді.Күнніңбәз  баяғыда 

консервіленген энергиясы  тас көмір,мұнай,шымтезек т.б босаған,энергияның 

жаңа 


түрлер 

пайдалануда,мысалы 

атом 

энергиясы.Сөйтіп,бүкіл 



пайдалынатын  энергия  жинақталып  келгенде,Күннің    жылынуына  қосымша 

атмосфераға келіп түсетін энергияға айналып отыр.  

        Өндірістің  қазіргі  көлемінде  пайдалынылатын  энергия  мөлшшері  әр  17 

жылда  екі  еселенуте  тиіс.Бұл  200  жылдан  кейін  жыл  сайын  шығарылатын 

энергияның мөлшері құрлықтың радияиялық баланс шамасына жетеді деген 

сөз,ал  энергия  пайдалану  қарқыны  өсетін  болса(бұл  толық  ықтимал),бұл 

100жылдан  аз  уақытта  болады.Мұндайдың  болмауы  мүмкін,бірақ  құрлық 

үшін  жылына  1ккал\см²    дей  қосымша  жылу  өндіру  міндетті  түрде  дерлік 

орын  алатын  болды.Күн  радиаиясынан  келіп    түсетін  проенттің  үлесін  ғана 

құрайтын  жылудың  осы  мөлшері,мәселен  поляр  мұздарының    шапкасын 

қысқарту үшін жеткілікті болар еді.Арктика климаты едір жылиды,қоңыржай 

елдерінің  климаты  аз  жылынады,  жауын-шашынның  қайта  бөлінісі  пайда 

болады.Мұздықтардың  ертінді  сулары  Мұхит  деңгейінің  көтерілуін 

тудырады.  Өзгерістер  едәуір  болып  шығады,бұлардың  бәрін  болжауға 

қиынға түседі.Адамзат үшін бұлардың бәрі бірдей қалаулы да қолайлы бола 

бермейді.Адамның қызметімен оларды бағалау және қолайсыз нәтижелердің 

дер кезінде алдын алу мақсатымен байланысты климаттың мүмкін боларлық 

планетарлық  өзгерістерін  елеулі  зерттеу  керек  болды.Оны  жақсарту 

мақсатын көздеп  

климатты  өзгерту  мәселелрін  зерттеу  маңызы  бұдан  да  кем  емес.Екі 

проблемма да өте тығыз байланысты. 

      Атмосфера  –географиялық    қабық  компоненті.Климат-  қатты  жер 

бетін,Мұхит  пен  құрлық  суларын,өсімдік  жамылғысын,жануарлар  дүниесін 

т.б, яғни географиялық қабықтың барлық компоненттерін қоса атмосфераның 

төселме  бетпен  өзара    әсерінің  нәтижесі.Климатты  терең  білмейінше 

географиялық қабықта  болып жатқан процестерді түсінуге болмайды. 




      Климаттың  ауыл  шаруашылығына  тигізетін  әсері  де  ерекше.Бір 

дақылдарға  -жылу  ,екіншілеріне  –ылғал,үшіншілеріне-жарық  көбірек 

керек.Республиканың солтүстік және орталық аудандарда егін суаруды қажет 

етеді. 


      Бірақ  климат  жағдайлары  адамның  шаруашылық  әрекетіне  барлық 

уақытта  қолайлы  емес.Қолайсыз,тіпті  зиянды  атмосфералық  құбылыстарға 

қуаңшылық,аңызақ,үсік, көктайғақ, шаңды дауылдарды жатқызуға болады. 

      Қазақстанның климаты жалпы құрғақтығымен ерекше көзге түседі,әсіресе 

оңтүстікте жаз өте ыстық болады. 

       Климатқа  адамның  шаруашылық  әрекеті  едәуір  дәрежеде  ықпал 

жасайды.Орманды  кесіп  азайту  жергілікті  жер  климатының  құрғауына 

апарып  соғады.Ал  қолдан  жасалған  зор  көлемді  су  қоймалары  ылғалды 

көбейтіп,климаттың континенттік дәрежесін бәсеңдетеді. 

       Дүние  жүзі  елдері  барған  сайын  әр  түрлі  мақсаттарда  отынды  көп 

жағуда.Соның  нәтижесінде  атмосферада  көмірқышқыл  газының  мөлшері 

артып  бара  жатқандығы  байқалады.Ғалымдардың  шамалауынша,бүкіл  Жер 

шарының  орташа  температурасы  XIX  ғ.  соңынан  бері  0,5°Cшамасында 

жоғарылаған.Егер  атмосфераның  жер  бетіне  таяу  қабатының  орташа 

температурасы    1-2°C-қа  артса,Антрактидамен  Гренландияның  мұз  сауыты 

ери бастауы мүмкін деген болжам бар.Ондай жағдайда  

әлемдік  мұхиттың  деңгейі  көтеріліп,материктің  жағалық  ойпаттарын  су 

басады. 


         Климаттың  өзгерісі  адамның  денсаулығына  және  шаруашылық 

әрекетіне  қолайсыз  әсерін  тигізетіні  анықталған.Сондықтан  қазіргі  кезде 

адамзаттың  алдына  атмосфераны  ластанудан  сақтау,  климаттың  жағымсыз 

өзгерістеріне жол бермеу     мәселесі қойылып отыр. 

Климат  өзгермей  қала  алмайды,  өйткені  уақыт  ішінде  оның  қалыптасу 

факторлары  өзгереді.  Бұрынғы  өткен  кездегі  Жердің  климаты  қандай 

болғандығы  туралы  организмдердің  қазба  қалдықтарын,  гидрологиялық 

процестердің  іздерін,  литогенездерді  т.  б.  зерттеу  үстінде  алынған  жанама 

деректер бойынша ғана пайымдауға болады. Бұл деректерді сөзсіз ақиқат деп 

айтуға болмайды, бірақ бұлар неғұрлым көп болса, соғұрлым қорытындының 

дұрыстығы  ықтималдырақ  болады.  Өткен  кездегі  климаттарды  қалпына 

келтірудің  ықтималдығы  Жердің  қазіргі  климаты  туралы  білімдердің 

дамуымен,  сондай-ақ  жанама  белгілерді  зерттеудің  жаңа  әдістерін 

қолданумен арта түседі. 

Зерттеушілердің  арқасында  соңғы  миллиард  жыл  ішінде  Жер  бетіндегі 

климат және жоғарғы ендіктер арасында қазіргіден температураның едәуір аз 

контрастары арқылы айырымдалады деп жобалауларына негіздер бар. Мұнда 

тропиктік  ендіктерде  температура  қазіргіге  жақын,  ал  қоңыржай  және 

жоғарғы  ендіктерде  қазіргіден  едәуір  асып  түскен.  Климаттық  зоналылық 

қазіргідей  нақтылы  айырымдалмаған.  Бірақ  жылы  климаттың  жалпы 

фонында  кезінде  жоғарғы  ендіктерде  мұздану  дами  алатын  біршама  қысқа 

мерзімді  (жүздеген  мың,  мүмкін,  миллиондаған  жыл)  суынулар  болған. 

Соңғы  төрттік  —  бұдан  600—700  мың  жыл  бұрын  басталған  дәуір  нақ  осы 



суық  кезеңге  жатады.  Осы  уақыт  ішінде  мұздану  талай  рет  ұлғайып  өсіп, 

қысқарды,  мұздық  дәуір  мұздық  аралықтарымен  алмасты.  Соңғы  мұздану 

бұдан  10  мың  жылға  жуық  бұрын  аяқталды.  Жоғарғы  ендіктердегі  мұздану 

қысқарды,  бірақ  жоғалып  кетпеді.  Қазіргі  климат  Жердің  «қалыпты» 

климатынан  суығырақ.  Осының  негізінде  қазіргі  дәуір  —  мұздықтықтың 

бөлігі деп жобаланады. 

Тарихи  уақыт  ішінде  климаттық  өзгерістері  туралы,  әрине,  ең  жақсысы 

аспаптық  метеорологиялық  байқаулардың  дерегі  бойынша  пайымдау.  Бірақ 

бұлар 200 жылдан сәл асатын уақыттан бері, ал жаппай аспаптар көмегімен 

бұдан  да  аз  не  бары  100  жылдан  бері  жүргізіледі.  Сондықтан  да 

археологиялық,  фольклорлық,  әдеби  (әсіресе  шежіре)  материалдардың 

маңызы  зор.  Климат  өзгерістерінің  табиғи  кепілдіктері  —  мұздықтардың, 

көлдердің,  өзендердің  ауытқулары,  ағаштардың  өсуі  т.  б.  пайдаланылады. 

Жинақталған  бұл  деректер  тарихи  уақыт  ішінде  климаттың  күрт  өзгерістері 

болмады,  бірақ  орта  күй  маңындағы  баяу  ауытқулар  үнемі  болып  тұрады, 

мұнда олардың белгілі ритмдері білінеді деп санауға мүмкіндік береді. Орта 

есеппен  11  жыл  ішінде  климат  ауытқулары  күдік  тудырмайды,  ал  80—90 

жылдық кезеңдер байқатып отыр. Ішкі ғасырлық кезеңдерден басқа ұзақтығы 

бірнеше жүз жыл (ғасырдан тыс) кезеңдер белгіленеді. 

Климат  өзгерістерінің  себептерін,  ең  алдымен  климат  түзетін 

факторлардан  —  Күн  радиациясынан  және  жердің  бетінің  сипатынан 

іздестіру  керек,  әсіресе  әңгіме  геологиялық  уақыт    көлеміндегі  климат 

өзгерістері  жөнінде  болса,  космостық  ықпалдарды  жоққа  шығаруға 

болмайды.  Мәселен,  Жер  галактикалық  жыл  ішінде  (кезең<200  млн  жыл) 

өзгеретін  қайсыбір  космостық  ықпалды  бастан  өткеріп  жатуы  мүмкін,  егер 

бұл  солай  болса,  климат  та  өзгеруге  тиіс.  Ауаның  интенсивті 

меридиональдық  ауа  тасымалын  тудыра  алатын  толысу  түзетін  күштердің 

күшеюі  Ай  мен  Күннің  1800—1900  жылда  бір  рет  болатын  ерекше  өзара 

орналасуы  кезінде  (бір  түзуде  және  бір  жазықтықта)  Жерге  ықпалынан  деп 

түсіндіреді. 

Жердің  бүкіл  тарихында  Күннің  шығарған  энергиясының  мөлшері 

өзгерді  ме,  өзгерсе,  нақ  қалай  өзгерді,  ол  жағы  белгісіз.  Алайда  оған 

қарамастан Жер бетіне түсетін Күн радиациясының мөлшері және оның Жер 

бетіне  таралуы  тұрақты  болып  қала  алмайды.  Жер  орбитасының 

эксцентриситеті 92000 жыл кезеңде ауытқитыны және тиісінше Жер мен Күн 

аралығы  да  өзгеретіні  мәлім.  40000  жыл  кезеңде  эклиптикаға  қарай  Жер 

осінің еңістігі өзгереді. Бұл еңістік неғұрлым аз болса, поляр облыстары Күн 

жылуын  соғұрлым  аз  алады.  Күн  жылуының  Жер  бетіне  таралуына 

прецессия ықпал етеді. 

Адамның  қызметіне  байланысты  көбейе  түсетін  атмосферадағы  көмір 

қышқыл газының болуы климатқа ықпал ететіні сөзсіз. 

Төселме  беттің  климатқа  ықпалын  қарастыра  отырып,  материктер  мен 

мұхиттарда  мұздың  таралуына  көңіл  аудармауға  болмайды.  Мұздардың 

түзілуі бір жағынан, климатпен байланысты, екінші жағынан, оның климатқа 

зор  ықпалы  бар.  Мұз  жамылғы  кеңейе  отырып  өтетін  облыстарда 



температураның  едәуір  төмендеуі  болады;  бұл  өз  кезегінде  мұздықтардың 

өсуіне жол ашады. Мұз жамылғы климатты «салқындатады». 

Төселме  бет  сипатының  өзгерістері  түрлі  көлемде  болуы  мүмкін  және 

олардың  климатқа  ықпал  дәрежесі  бірдей  емес.  Планетарлық  масштабта 

климатқа  құрлық  пен  Мұхиттың  алып  жатқан  ауданының  өзгерісі, 

материктер  орналасуының  өзгерістері  үлкен  ықпал  тигізуі  тиіс.  Мәселен, 

жоғары  ендіктердегі  құрлық  алаңының  артуы  Жер  үстінде  ауа 

температурасының  төмендеуін  тудыруға  тиіс,  әрі  керісінше  қыста  құрлық 

үстінде  қоңыржай  және  жоғарғы  ендіктерде  туатын  антициклондар  ауаның 

салқындауын күшейтеді. 

Рельеф  өзгерістерінің  ықпалы  да  өте  үлкен,  өйткені  таулардың  үстінде 

атмосфера сирелген, су буы мен тозаң тапшы, мұнда жылу шығыны көп. Жер 

бетінде  таулар  неғұрлым  көп,  неғұрлым  биік  болса,  соғұрлым  ауа 

температурасы  төмен.  Қазіргі  рельефті  толық      тегістеп      шығу,  ауа 

температурасын  0,7°-қа  арттырған  болар  еді.  Тау  түзілу  дәуірінде  ауа 

температурасы төмендеуге тиіс. 

Климат  өзгерістеріне  қандай  да  болсын  себептердің  шынайы  ролін 

анықтау,  олардың  ықпал  нәтижелерін  өзара  «салмалау»  салдарынан  өте 

күрделі болып келеді. 

1995  жылы  мамырда  Қазақстан  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Климаттың 

өзгеруі  жөніндегі  негіздемелік  конвенциясын  (бұдан  әрі  –  БҰҰ  КӨНК) 

ратификациалады. 1999 жылы 12  наурызда Киото хаттамасына (бұдан әрі – 

КХ) қол қойды, ал 2009 жылы наурызда ратификациалады.  

Қазір  Қазақстан  Киото хаттамасының  мақсаттары  үшін  Конвенцияның 1 

Қосымшасының тарабы болып табылады және өзінің Киото хаттамасының Б 

Қосымшасына кіру жөніндегі ниетін білдірді. 

БҰҰ КӨНК ратификациалаған кейін Қазақстанның берілген халықаралық 

құжат шеңберінде мынадай міндеттемелері бар: 

 

БҰҰ  КӨНК  және  КХ  жүзеге  асыруды  үйлестіру  бойынша  ұлттық 



органды тағайындау; 

 

Елде  ПГ  шығарындыларының  барлық  көздерін  және  ПГ  сіңіргіштері 



абсорбцияларын анықтау бойынша ұлттық жүйе әрекет етуі керек; 

 

Парниктік  газдар  шығарындыларының  жылсайынғы  түгендеуін 



жүргізу және БҰҰ КӨНК Хатшылығына жіберу; 

 

Конвенция  мен  хаттама  ережелерін  жүзеге  асыру  жөніндегі  елдің 



Ұлттық хабарламаларын БҰҰ КӨНК Хатшылығына ұсыну; 

 

Парниктік  газдар  шығарындыларын  қысқартуға  бағытталған  іс-



шараларды іске асыру. 

2009  жылы  6  тамызда  ҚР  Үкіметінің  №  1205  Қаулысымен  Министрлік 

Уәкілетті ұлттық орган (УҰО/DFP) болып белгіленді. 

2000  жылдан  бастап  елде  парниктік  газдар  (ПГ)  шығарындыларын 

түгендеу  жүргізіліп  жатыр.  2009  жылы  қыркүйекте  БҰҰ  КӨНК 

Хатшылығына І Қосымша елдері үшін талаптар бойынша орындалған, яғни  

CRF  үлгісінде,  ПГ  шығарындыларын  түгендеу  бойынша  есеп  ұсынылды. 

2010 жылы тамызда БҰҰ КӨНК Хатшылығы осы есепті орындауды тексеру 




бойынша  халықаралық  сарапшылар  тобын  құрып,  Қазақстанға  жіберді. 

Осылайша 2010 жылдан бастап парниктік газдарды түгендеуді халықаралық 

сарапшылар тобымен тексеру жылсайынғы негізде жүргізіледі. 

2012 жылы жасалған парниктік газдарды түгендеуге сәйкес 2010 жылға 

арналған  парниктік  газдар  шығарындыларының  жалпы  көлемі  СО2 

эквивалентінде 262 млн. тоннаны құрады. 

1998  жылы  Қазақстан  парниктік  газдарды  түгендеу  бойынша  Бірінші 

Ұлттық хабарламаны шығарды. 2009 жылы маусымда Бонн қаласында БҰҰ 

Климаттың  өзгеруі  жөніндегі  негіздемелік  конвенциясы  Тараптары 

конференциясының  Қазақстандағы  Екінші  Ұлттық  хабарламасы  ұсынылды. 

2011 жылдан Үшінші Ұлттық хабарламасын әзірлеу бойынша жоба басталды, 

ол І Қосымша елдері үшін талаптар бойынша орындалатын болады. 

Қазақстан  2020  жылға  дейін  парниктік  газдар  шығарындыларын 

базалық  1992  жылға  қатысты  15  %  азайту  бойынша  ерікті  мөлшерлік 

міндеттемерді қабылдады. 

Парниктік  газдар  шығарындылаын  азайту  бойынша  қабылданған 

мөлшерлік  міндеттемелерді  орындау  және  оларды  төмендету  бойынша 

ынталандырушы  тетік  құру  мақсатында  елде  ішкі  көміртекті  нарық  құру 

бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта сауда тетігінің құқықтық 

шектері орнатылған, олар алдағы уақытта жетілдіріледі. 

ҚР Экологиялық кодексіне сәйкес көміртекті нарықтың бірінші әрекет 

ету кезеңі 2013 жылға айқындалған. 

Парниктік  газдар  шығарындылары  бойынша  мониторинг  және 

есептіліктің  ұлттық  жүйесі  құрылып  жатыр,  көміртегі  бірліктерінің 

мемлекеттік тізілімі қалыптастырылуда. 

Құрылып жатқан нарық қор үнемдеу, ең үздік технологияларды енгізу, 

энергия  сыйымдылық  пен  көміртегі  көлемі  көрсеткіштерін  төмендету 

бойынша мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр. 

Соңғы жылдары бүкіл әлемде ауа-райының жаһандық өзгеруі жайында 

жиі  айтылуда. Қазақстанның географиялық орналасу ерекшеліктері теңіздер 

мен 

мұхиттардан 



алшақтығы, 

ауа-райының 

құрғақшылығы, 

су 


ресурстарының  дефициті  Қазақстанды  ауа-райының  өзгеруі  ерекше  әсер 

ететін  елдерге  жатқызуға  мүмкіндік  береді.  Ауа-райының  өзгеруіне 

адаптация  бойынша  уақытылы  және  дұрыс  шараларды  әзірлеу  және 

қабылдау үшін сапалы статистикалық деректер қажет.  

Қоғамды  ауа-райының  өзгеруі  туралы  ақпараттандыру  үшін  келесі 

негізгі көрсеткіштерді қадағалау және жариялау қажет: 

- ауаның температурасы; 

- атмосфералық жауын-шашын; 

- парниктік газдардың шығарындылары. 

Ауаның  температурасы  Жердің  ауа-райы  жүйесінің  жағдайымен 

тікелей  байланысты.  Көрсеткіш  температураның  орташа  жылдық  ауытқу 

тенденцияларын  сипаттайды  және  ауа-райының  табиғи  өзгеруінің 

циклдігімен  және  жаһандық  жылуға  антропогендік  әсерімен  байланысты 

өзгерулердің дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. 




Ауа температурасының өзгеруі Жердің ауа-райы өзгеруінің ең маңызды 

мәселелері туралы айғақтайды, бұл соңғы он жылдықтарда ерекше көрінуде. 

Ауаның  температурасын  байқау  ұзақ  уақыт  аралығында  жүргізілуде.  Соңғы 

кездерде  парниктік  газдардың  антропогендік  шығарындылары  көлемінің 

ұлғаюы температураның орташа жылдық мәндерінің тез өсу себептерінің бірі 

болып  табылады.  Температураның  абсолюттік  мәндерінің  өзгеруі  және  осы 

өзгерулердің  дәрежелері  Жер  ауа-райының  өзгеруінің  мүмкін  салдарын 

сипаттайтын маңызды параметрлерді білдіреді.  

Бұл  мұздардың  еруі,  теңіздерде  су  деңгейінің  жоғарылауы,  су 

тасқындары, құрғақшылық және басқа құбылыстар. Температураның орташа 

жылдық 

мәндерінің 

тенденциялары 

мен 


болжамдары 

мақсатты 

көрсеткіштермен  байланысты  болуы  мүмкін.  Жаһандық  температураның 

орташа  жылдық  мәндерімен  қатар  температуралық  өзгерулердің  дәрежелері 

мен  кеңістіктік  бөліну  табиғи  эко  жүйелердің  ауа-райының  өзгеруіне 

бейімделуге мүмкіндігін анықтау үшін маңызды 

Көрсеткіш Цельсий градустарында өлшенеді. 

1992  жылы  Қазақстан  қосылған  Бүкіләлемдік  метеорологиялық 

ұйымның 

конвенциясы 

мониторингтің, 

соның 


ішінде 

ауаның 


температурасын 

байқау, 


гидрологиялық, 

метеорологиялық 

және 

геофизикалық  станцияларды  жүргізу  гидрометеорологиялық  желілердің 



қызметі мен оларды жасауда халықаралық қарым-қатынасқа септігін тигізеді. 

Қазақстан  1995  жылы  БҰҰ  ауа-райының  өзгеруі  туралы  Негіздемелік 

конвенциясын 

(БҰҰ 


АӨНК) 

ратификациясын 

жасап, 

ауа-райы 

сипаттамаларының  өзгеруін  жүйелі  байқауды  жүргізеді.  Қазіргі  кезде 

Бүкіләлемдік  метеорологиялық  ұйымның  (БМО)  станциялар  тізіміне 

Қазақстанның  65  метеорологиялық  станциялары  кіреді.  Қазақстанның  14 

станциясы Ауа-райын байқаудың жаһандық жүйесіне(АБЖЖ) енгізілген.  

Ауаның  температурасын  байқау  гидрометеорологиялық  станциялар 

желілері көмегімен уақыттың ұзақ кезеңі аралығында жүргізуге ұсынылады. 

Ауа  температурасын  байқау  жүйесінің  барлық  пункттерінде  тәулігіне  сегіз 

рет  бірдей  уақытта  0,2

  о

С  дәлдігімен  өзгерту  қажет.  Алынған  деректер 



материалдың  сапасы  мен  біртектілігін  тексеру  үшін,  сондай-ақ  әр  түрлі 

сипаттамаларды (он күндіктер, айлар мен орташа жылдық және көпжылдық 

мәндер,  дисперсиялар  бойынша  орташа  температураларды)  анықтау  үшін  

гидрометеорологиялық  қызметте  өңдеуден  өтуге  міндетті.  Белгілі  бір  уақыт 

аралығындағы  температураның  көпжылдық  нормаларға  қатынасы  нормадан 

қатынасы ретінде анықталады және базалық орташа мәннен (1961-1990 жж.) 

байқалатын мөлшердің айырмасы ретінде есептеледі. 

Халықаралық  әдістер  мен  стандарттар  ретінде  Ауа-райын  байқаудың 

жаһандық  жүйесі  шеңберінде  әзірленген  әдістемелерді,  және  БМҰ  бірге 

үйлестірілетін  басты  геофизикалық  обсерваториясы  әзірлеген  «Байқауларды 

іске  асыру  бойынша  метеорологиялық  станциялар  мен  посттарға  берілетін 

ақыл-кеңестерді» пайдалануға ұсынылады. 




Қазіргі  кезде  Қазақстанда  ауаның  температурасын  жүйелі  байқауды 

Қазақстан  Республикасы  Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігінің 

«Қазгидромет» РМК іске асыруда. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет