active methods, interactive methods, training, physics, didactic tasks. Оқытудың белсенді әдістері бұл оқу материалын меңгеру барысында білім алушылардың ойлау және практикалық іс-әрекетінің белсенділігі мен әртүрлілігін қамтамасыз ететін әдістер жүйесі. Оқытудың белсенді әдістері практикалық бағытта, оқытудың ойын іс-әрекеті мен шығармашылық сипатында, интерактивтілікте, әртүрлі коммуникацияларда, диалогта, білім алушылардың білімі мен тәжірибесін пайдалануда, олардың жұмысын ұйымдастырудың топтық нысанында, қозғалыс пен рефлексияда. Кілт сөздер:белсенді әдістер, интербелсенді әдістер, оқыту, физика, дидактикалық тапсырмалар. Қазіргі уақытта әлемдегі көптеген елдердің үкіметтері білім беруді дамытудың сапасы
мен тиімділік мәселесін назарда ұстауда. Білім беру елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін стратегиялық сала болып отыр. Елдің бәсекеге қабілеттілігі өскелең ұрпаққа білім беру
деңгейі бойынша салыстырылады. Президентіміздің үкімет пен ұстаздар қауымының алдына
қойған маңызды ұлттық жобаларының бірі өскелең ұрпаққа заманауи білім беру.
Білім беруді жаңғырту білім алушылардың белгілі бір білім мөлшерін меңгертуін ғана
емес, сонымен қатар оның жеке басының танымдық және жасампаздық қабілеттерін дамытуға
бағытталған. Оқу орындары білім алушылардың дербес іс-әрекеті мен жеке жауапкершілігінің
тәжірибесін, яғни білім беру мазмұнының қазіргі заманғы сапасын анықтайтын негізгі құзыреттерді
қалыптастыруы тиіс әмбебап оқу іс-әрекеттерінің біртұтас жүйесін құрайды. Білім алушы оқу
орындарында алған білім мен іскерлікті нақты өмірлік жағдайларда қолдана білуі тиіс.