І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №3 / 2018



Pdf көрінісі
бет110/198
Дата07.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#16935
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   198
  
64 
ISSN 2616-8901.
  Математика және жаратылыстану-техникалық сериясы
 № 4/ 2018  
 
- әр білім алушы үшін жеке оқу қарқыны қойылады, сабақтан тыс уақытта экспериментті 
қайталау мүмкіндігі пайда болады; 
-  компьютерлік  модельдермен  оқу  зертханасы  жағдайында  орындау  мүмкін  емес 
зертханалық жұмысты орындауға нақты мүмкіндік пайда болады; 
-  білім  алушылар  дербес  компьютерді  оқыту  құралы  ретінде  оңтайлы  пайдалану 
дағдыларын меңгереді; 
- білім алушылар электрондық ресурстармен жұмыс істеу дағдыларын алады. 
2. Оқытушыға қатысты: 
-  білім  алушылармен  жеке  жұмыс  істеу  үшін  уақыт  үнемдейді  (әсіресе  артта 
қалғандармен); 
- оқыту үдерісінің нәтижелеріне жылдам талдаулар жүргізу мүмкіндігі пайда болады. 
Компьютерлік  зертханалық  жұмыс  нақты  физикалық  құралдармен  нақты  зертханалық 
жұмысты алмастыра алмаса да, оны орындау білім алушылардың нақты экспериментке қажетті 
дағдыларын  қалыптастырады.  Білім  беру  үдерісінде  интерактивті  тесттерді  сабақтарда  тиімді 
қолдану білім беру сапасын арттыруға ғана емес, сонымен қатар қаржы ресурстарын үнемдеуге 
де ықпал етеді, қауіпсіз, экологиялық таза орта жасайды. 
Физика  пәні  бойынша  виртуалды  зертханамен  жұмыс  жасау:  практикалық  дағдыларды 
қалыптастыру  және  бекіту  кезінде  оқу  үдерісінде  физикалық  шамаларды  өлшеуді  бақылау 
үшін,  жалпылама  қайталауды  ұйымдастыру  кезінде,  практикалық  біліктердің  қалыптасуын 
диагностикалау  және  қажет  болған  жағдайда  оларды  түзету,  жеке  өзіндік  жұмыс  үдерісінде 
орынды. 
Білім  алушылардың  жеке  өзіндік  жұмысының  тиімді  түрлерінің  бірі  -  үй  зертханалық 
жұмыстарын  орындау.  Мұндай  жұмыстарға  арналған  тапсырмалар  өте  қарапайым  болуы 
мүмкін, мысалы, «механикалық тербелістер» тақырыбын зерттеу кезінде секундомер мен жіпке 
ілінген жүк көмегімен тербеліс заңдылықтарын зерттеу, қолдан жасалған электр батарейкасын 
жасау.  Кейбір  осындай  үйде  жасалатын  жұмыстарды  зерттеу  жұмыстары  деп  атауға  болады, 
мысалы  дененің  электрлену  құбылысын  зерттеу.  Осы  жұмыстардың  көпшілігін  орындау 
кезіндегі  міндетті  шарт  -зерттеуді  белгілі  бір  мерзімде  орындау.  Зерттеу  жұмыстарын 
стандартты емес орындаған білім алушылар мадақталуы керек. Зерттеу жұмыстарының есебін 
білім  алушылар  презентациялар,  фотоесептер  және  шағын  бейнероликтер  түрінде  дайындауы 
мүмкін. 
Бүгінгі таңда оқыту үдерісінде әрбір білім алушы өзі білім алу мен шығармашылық өзін-
өзі  көрсету  қабілетін  меңгеру  басты  болып  табылады.  Жаңа  ақпараттық  технологиялар  оқыту 
сапасын арттыруға және сайып келгенде жаңа тұлғаны - жауапты, білімді, креативті ойлайтын, 
қойылған  мәселелерді  шешуге  ерекше  шығармашылықпен  қарауға  қабілетті  тұлғаны 
тәрбиелеуге көмектеседі. 
Ақпараттық  технологияларды  пайдалануға  негізделген  арнайы  оқытудың  жаңа 
құралдары,  дәстүрлі  оқыту  құралдарын  ығыстырмай  толықтыруы  керек  деп  айтқым  келеді. 
Олар оқу үдерісінде қатаң анықталған қызметтерге ие және оқытудың белгілі кезеңдерінде ғана 
қолданылады.  Дегенмен,  оқытушы  заманауи  оқыту  құралдарымен  жұмыс  істей  білуі  тиіс. 
Өйткені, оқытушыға оқу үдерісінде интернетке шығуды қамтамасыз ететін компьютерлер мен 
мультимедиалық  проекторлар,  электрондық  тақталарды  пайдалану  оқытуды  қызықты, 
тартымды етуге көмектеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет