І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №3 / 2018


Қазақстан  Республикасының  президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына



Pdf көрінісі
бет134/198
Дата07.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#16935
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   198
Қазақстан  Республикасының  президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
Жолдауында: «Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін 
Қазақстан  кедергісіз  аймаққа  айналуға  тиіс.  Мүмкіндіктері  шектеулі  адамдар  тұрмыстық 
қызмет  көрсету,  тағам  өнеркәсібі,  ауыл  шаруашылығы  кәсіпорындарында  жұмыс  істей  алады. 
Мен барлық кәсіпкерлерге оларды жұмысқа орналастыруға көмектесіңіздер деп тағы да айтқым 
келеді….». 
Инклюзив  –  сөзі  латын  тілінен  аударғанда  «өзімді  қосқанда»  ал,  ағылшын  тілінен 
аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді [1]. 
XX ғасырдың аяғында көптеген дамыған әлем елдерінде (АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, 
Германия, Скандинавия елдерінде) мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды дамытуда алдыңғы 
орында тұрған инклюзивті білім беру болды.  
 Біздің елде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 
2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет  «Мүмкіндігі 
шектеулі  балаларды  әлеуметтік  және  медико-педагогикалық  тұрғыдан  қолдау»  туралы  заңды 
қабылдады.  Осы  заң  аясында  жарымжан  балаларға  ерте  бастан  білім  беру  мәселесіне  мән 
берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. 
Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет