І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №3 / 2018


Оқытудың  ақпараттық  технологиясы



Pdf көрінісі
бет130/198
Дата07.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#16935
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   198
Оқытудың  ақпараттық  технологиясы  –  бұл  ақпаратпен  жұмыс  істеуге  арналған 
арнайы  тәсілдер,  программалық  және  техникалық  құралдарды  (аудио,  бейне  құралдар, 
компьютерлер,  телекоммуникациялық  желілер)  пайдаланатын  педагогикалық  технология 
болғандықтан, бұл сабақ барысында басты техникалық құрал интерактивті тақта қолданылды. 
Сабақ  барысында  оқушылар  мен  ақпараттық  жүйе  арасында  белсенді  қарым-қатынас  болды. 
Оқушыларға  интерактивті  тақтаны  жақсы  меңгеру  мақсатында  интерактивті  тақтаға  шыға 
отырып,  оны  қолдана  білуге  мүмкіндік  берілді.  Ақпараттық  технологиялардың 
ұйымдастырылуына  өз  үлесін  тигізетін  көрнекіліктерінің  қатарындағы  электронды  оқулық, 
сондай-ақ мультимедиалық техникалық құралдардың бірі  аудио колонкалар қолданылды [7]. 
А.В.Хуторской:  «Әрбір  балада  өнертабыс  пен  ашылыс  ұйықтап  жатады.  Мұғалімге  тек 
балаларға  өзінің  шығармашылық  потенциялын  ашуға  мүмкіндік  беру  қажет»  деген.  Яғни 
тапсырмалар  бере  отырып  оқушылардың  қабілетін  ашуға    мүмкіндік  туғызуға  болады.  Осы 
айтылған  сөздерді  негізге  ала  отырып,  сабақтың  типін  саяхат  сабағы  деп    алғандықтан,  ол 
бірнеше  аялдамалардан  тұрады.  Әр  аялдаманың  дайындаған  деңгейлік  тапсырмалары  бар, 
оқушылар  сол  тапсырмаларды  орындауы  қажет,  яғни  тапсырмалар  іріктеліп  саралана  келе,  әр 
аялдамадан өткен сайын деңгейі жоғарыланып отырды. 
Қазір қолданылып жүрген жаңа технологиялардың  бірі өзін-өзі бағалау технологиясы да 
қолданылды. Сабақты қорыту барысында оқушылардың өздеріне өздерін бағалау үшін, бағалау 
парақтары  ұсынылды.    Оқушылардың  өздеріне  қойған  бағаларын  ескере  отырып,  қортынды 
бағаны мұғалім қояды [8]. 
Қазір қолданылып жүрген жаңа технологиялардың  бірі өзін-өзі бағалау технологиясы да 
қолданылды. Сабақты қорыту барысында оқушылардың өздеріне өздерін бағалау үшін, бағалау 
парақтары  ұсынылды.    Оқушылардың  өздеріне  қойған  бағаларын  ескере  отырып,  қортынды 
бағаны мұғалім қойды. 
Республикамыз өзіндік бет-бейнесі, мақсаты, даму жолы бар мемлекет дәрежесіне жетіп 
әлемге  танымал  болып  келе  жатыр.  Ендігі  Елбасымыздың    алға  қойған  мақсаты-дамыған  50 
елдің  қатарына  қосылу.  Ол  үшін  бүгінгі  заман  талабына  сай  кәсіпқой  білікті  маман  даярлау 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет