108
ISSN 2616-8901. Математика және жаратылыстану-техникалық сериясы № 4/ 2018 Cladosporium herbarum (Pers.) саңырауқұлағы Avena sativa L., Triticum aestivum L.,
Hordeum vulgare L., Zea Mays L. тұқымдарында кездесті. Метаконидия қысқалау целиндр
тәрізді конидияларғы бастама береді. Ал олардан бір клеткалы сопақша, жұмыртқа пішінді
конидиялары түзіледі. Сөйтіп бір конидия сағағында орналасқан конидиялар пішіні мен көлемі
жағынан бір-бірінен ерекшелінеді. Конидия қабықшасы тегіс немесе өсінділері болады. Жас
кониядиялар түссіз, бір клеткалы, қабығы тегіс болып келеді. Олардың өсе келе қабықшалары
тікенденеді [9]. Түстері әлсіз-зәйтүн түстен қоңыр түске дейін болады. Жеке конидиясағағында
саңырауқұлақ түріне байланысты 100ден 300ге дейінгі аралықта конидия жетіледі.
Сапрофиттерге қарағанда өсімдік паразиттерінің конидиялары ірі болғандықтан, конидия
сағағында саны аз болып келеді. Жіпшумағы қоңыр-жасыл, гифасының дамитерті 3-8,4мкм,
бұтақталған, бағана болып бекітілген орнынан басталған [10].
Cladosporium herbarumжіпшумағы және конидиялары күңгірт қоңыр түсті. Күңгірт түсті
олуы клеткаларындағы тирозин мен полифенодың тотығуының нәтижесінде түзілетін меланин
пигментінің болуына байланысты. Бұл пигменттер жіпжумақ пен конидиялардың сәулеленуге
тұрақтылығын қамтамасыз етеді [11]. Сондықтан күңгірт түсті сағырауқұлақтар қоңыржай,
шөлді шөлейтті аймақтарда өсімдіктердің сыртқы бетінде ішкі құрылысында жақсы өседі.
Cladosporium herbarum (Pers.) Link саңырауқұлақ түрі Avena sativa L., Hordeum vulgare L.
тұқымдарынан алынды. Алматы облысы, Кербұлақ, Қаратал, Ескелді аудандарының
қоймаларынан алынды (4-сурет).