І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №3 / 2018



Pdf көрінісі
бет188/198
Дата07.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#16935
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   198
Mucor mucedo  Fresen.  Спорангия сағақтары түзу, жоғары жағы сәл  ісінген, қарапайым, 
аздап  тармақталған,  ұзындығы  1-2  см,  ашық  қоңыр  кейде  түссіз.  Көп  мөлшерде  түссіз  май 
тамшылары  бар,  субстраттан  алыс  орналасқан.  Стилоспорангилері  шар  тәрізді,  кейде  жазық, 
жаңа пайда болғандары түссіз, өсе келе сары, қызғылт сары, сары бозғылт түске айналады, түзу, 
қабығы ерігіш. Колонка формасы әр түрлі: шар,цилиндр, алмұрт тәрізді, сары түсті. Споралары 
элипсоидты, қысқа цилиндрлі негізі доғал, бүйірі тең емес, түссіз. Зигоспоралары шар тәрізді, 
бүйірі жазық, бозғылт қоңыр [14]. Суспензорлары қарама-қарсы орналасқан, өлшемдері бірдей. 
Алматы  облысы  бойынша  Кербұлақ,  Ескелді,  Қаратал  аудандарының  қоймаларынан  алынған 
Triticum aestivum L., Avena sativa L., Oryza Sativa L. дақылдарынан бөлініп алынды (7-сурет). 
 
 
Сурет- 7. Mucor mucedo Fresen. 
 
Қорытынды.  Жаңадан  жиналған  тұқымды  қоймада  сақтау  кезінде  микофлорасының 
түрлік құрамы өзгереді. Құрғақ тұқымды сақтау кезінде микофлорасын түзетін түрлер азаяды. 
Ылғалы жоғары тұқымды сақтау кезінде басқаша болып микробиологиялық процестер өзгереді. 
Егістіктен  келген  саңырауқұлақ  түрлерін  қоймада  дамитын    Aspergillums,  Penecillium,  Mucor, 
Rhizopus туыстары түрлері ығыстырады. Чапека қоректік ортасында мицелиялды колониялары 
бастапқы сұр кейін қара-сұр болып өзгереді. 
Чапека қоректік ортасында сақталған Mucor  mucedo Fresen., Rhizopus nigricans Ehrenb., 
Penicillium  cyclopium  Westling,  Aspergillus  glaucusсаңырауқұлақтар  мицилиялды  колониялары 
спора түзуге бейім болып келеді.   




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет