І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №3 / 2018



Pdf көрінісі
бет190/198
Дата07.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#16935
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   198
 
 
 
 
 
 
 


 
111 
                          ISSN 2616-8901.  
Математика және жаратылыстану-техникалық сериясы
 № 4 / 2018  
техникалық ғылымдар» сериясы 
 
 
ҒАЛЫМ, ҰСТАЗ ЕЛ ЕСІНДЕ 
 
 
 
 
 
Жанарбек Ысқақұлы Бүркітбаев 1944 жылы ақпан айының 24 жұлдызында Талдықорған 
облысы,  Көксу  ауданы,  Елтай  ауылында  қарапайым  шаруалардың  отбасында  дүниеге  келген.  
1951 жылы Елтай ауылдық орта мектебінің бірінші  сыныбына оқуға қабылданып, 1960 жылы 
Талапты  орта  мектебін  тамамдайды.  Сол  жылы  Алматы  қаласындағы  С.М.Киров  атындағы 
Қазақ  мемлекеттік  университетінің  математика  факультетіне  оқуға  түсіп,  1966  жылы  үздік 
дипломмен бітіреді. 
Университетті бітірген соң Қазақ ССР  ағарту министрлігінің жолдамасымен Целиноград 
(қазір  Астана)  қаласындағы  Целиноград  құрылыс-инженерлік  институтына  жіберіліп,  жоғары 
математика  кафедрасының  ассистенті  лауазымына  қабылданады.  1970  жылы  осы  кафедраның 
аға оқытушысы болып сайланады.   
1972  жылы  жылы  Қазақ  ССР-ның  Ғылым  Академиясы  жанындағы  «Математика  және 
механика» институтының аспирантурасының күндізгі бөліміне түседі. Оның ғылыми - зерттеу 
жұмысына  жетекшілікті    С.М.Киров  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  университетінің  (қазіргі  әл-
Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) профессоры, физика-математика ғылымдарының 
докторы Қ.А.Қасымов атқарды.  
1975 жылы  аспирантураны бітірген соң Целиноград құрылыс-инженерлік институтына 
жіберіліп,  жоғары  математика  кафедрасында  аға  оқытушылық  қызметін  жалғастырады.  Бұл 
институтта атқарған қызметі үшін екі рет алғыс хаттармен марапатталыпты. 
1978  жылы  Талдықорған  педагогикалық  институтының  «Математикалық  анализ  және 
алгебра»  кафедрасының  оқытушысы  болып  қабылданады,  ал  1979  жылы  конкурс  бойынша 
«Математикалық анализ» кафедрасының аға оқытушысы лауазымына сайланады. 
Жанарбек  Ысқақұлы  1981  жылы  академик  О.Жәутіков  басқарған  Кеңесте 
«Асимптотические методы решения сингулярно-возмущенных дифференциальных уравнений» 
тақырыбында физика-математика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін кандидаттың 
диссертациясын сәтті қорғайды. 
1986  жылы  Талдықорған  педагогикалық  институтының  «Алгебра  және  геометрия» 
кафедрасының меңгерушісі м.а. лауазымына тағайындалды.  
1988  жылы  Халыққа  білім  беру  жөніндегі  КСРО  мемлекеттік  Комитетінің  шешімімен 
математика доценті ғылыми атағын алады. 
1989  жылы  қайта  құрылған  «Жоғары  математика»  кафедрасының  меңгерушісі  болып 
сайланады және бұл жұмысты 1997 жылға дейін атқарады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   198




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет