ISSN 2616-8901. Математика және жаратылыстану-техникалық сериясы № 4 / 2018 техникалық ғылымдар» сериясы - кодты білімді кеңейтіп, оны жасаушыларға кодты оқуға және портативті жасауға
мүмкіндік беретін ортақ инфрақұрылымды қамтамасыз ету;
- тегін портативті, өнімділікті оңтайландыратын, кодты ұсынатын алдын-ала коммерциялық
көзқарасқа негізделген бағдарламалар, яғни кодты ашық немесе тегін талап етпейтін лицензиямен
қамтамасыз ету [1].
OpenCV-тың алғашқы нұсқасы 2000 жылы IEEE Computer Vision және Pattern Recognition
конференциясында жарияланып, 2001 және 2005 жылдар аралығында шығарылды. 1.1 нұсқасы 2008
жылдың қазанында шығарылды.
OpenCV-тың екінші негізгі нұсқасы 2009 жылдың қазанында шықты. OpenCV 2 C ++
интерфейсіне маңызды өзгерістер енгізді, ол оңайырақ, көп типті қауіпсіз үлгілерді, жаңа
функцияларды және қолданыстағы қосымшаларды жақсартуға бағытталған. 2012 жылдың
тамызында OpenCV-ті қолдау жүйесін developCenter және пайдаланушы сайты бар openCV.org
жасады.
OpenCV кітапханасының қазіргі мақсаты нақты уақыт режиміне көзделген қосымшалардың
жұмыс жасау өнімділігін арттыру және тиімді оптимизациялау болып табылады. Сонымен қатар, бұл
кітапхананың ядросы С бағдарламалау тілінде жазылғандықтан ол көп ядролы процессорлар
пайдалана алатын мүмкіндікке ие.