Кілт сөздер:графикалық ақпараттарды өңдеу, графикалық мәдениет, информатика,
оқыту. Еліміздің экономикасының қарқынды дамуына байланысты, ақпараттық технологиялардың
дамуымен қатар шығармашылық және интеллектуалдық еңбек сферасындағы олардың алатын
орнының ұлғаюына байланысты, өнеркәсіпте графикалық ақпараттарды өңдеуде компьютерлік
графиканы кеңінен қолдану қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі уақытта көптеген өндірістік
кәсіпорындар компьютерлік графикалық редакторларда еркін жұмыс жасайтын мамандарға
мұқтаж. Соңғы уақытта Қазақстанның жоғары оқу орындарының әр түрлі мамандықтары бойынша
жұмыс бағдарламаларында компьютерлік графиканы оқыту кең түрде енгізілуде.