Ылым тарихы мен философиясы


«Ғылыми революция»  ұғымы



Pdf көрінісі
бет16/103
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17045
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   103
«Ғылыми революция»  ұғымы  
         Дағдарыстың  кезеңі  ұсынылған  гипотезалардың  біреуі  өзінің 
мәселелерді  шеше  алатынын,  түсініксіз  фактілерді  түсіндіре 
алатынын  дәлелдегенде  бітеді,  және  осыған  байланысты  өз  жағына 
ғалымдардың көбісін тартады. Осы парадигмалардың ауысуын, жаңа 
парадигмаға  өтудін  Кун  ғылыми  революция  деп  атайды.  Бұл  үрдіс 
саланы  жаңа  негіздермен  қайта  құру,  осы  саладағы  қарапайым 
теориялық  ортақтастыруларды,  сондай-ақ  парадигманың  көптеген 
әдістері мен қосымшаларын өзгертіп қайта құру үрдісіне ұқсас.  
Әрбір ғылыми революция әлемнің қазіргі суретін өзгертеді және 
жаңа  заңдылықтарды  ашады.  Ғылыми  революция  зерттеулердің 
тарихи  болашағын  өзгертеді  және  ғылыми  жұмыстар  мен 
оқулықтардың құрылымына әсер етеді.  
 
 Осылай,  ғылыми  революция,  парадигмалардың  ауысуы  ретінде, 
рационалды-логикалық түрде түсіндірілмейді, өйткені мәселе ғылыми 
кеңестің  мамандануында:  кеңесте  тапсырманы  шешудің  құралдары 
бар,  немесе  жоқ,  сонда  кеңес  оларды  ойлап  табады.  Ғылыми 
революция  алдыңғы  деңгейлерден  алынған  барлық  затты  алып 
тастайды, ғылымның жұмысы жаңадан басталады. 
 
Т.Кун бойынша ғылымның дамуы екі циклдің өзара алмасуынан 
тұрады. 
Бұлар  –  «қалыпты  ғылым»  және  «ғылыми  революция  кезеңдері». 
Ғылым  тарихында  екіншісі  біріншісімен  салыстырғанда  өте  сирек 
болатын құбылыс. 
 
Кун  концепциясының  әлеуметтік-психологиялық  сипаты  белгілі 
бір  парадигманы  жақтайтын  ғылыми  қауымдастықтарды  танумен 
анықталады.  Белгілі  бір  парадигманы  жақтау  ғылымның  жеке 
психологиялық ерекшеліктері, оның ұнататын нәрселері, эстетикалық 
талғамдары  арқылы  көрінеді.  Осылар  және  олар  тәрізді  факторлар 
ғылыми  қауымдастықтың  негізі  болып  табылады,  парадигманың 
тұрақтылығын түсіндіреді. 
 
 Кун  концепциясындағы  басты  ұғым  –  парадигма.  Парадигма 
дегеніміз  –  зерттеудің  сол  кезеңінде  ақиқатты  болып  табылған, 
ғылыми  қауымдастық  қолдайтын  жалпылама  идеялар  мен 
методологиялық нұсқалар жиынтығы. 
 
  Парадигманың екі ерекшелігі бар: 
1. 
Оны  ғылыми  қауымдастық  атқаратын  ғылыми  жұмыстар 
үшін негіз ретінде қабылдаған. 
2. 
Онда  шешілмеген  сұрақтар  болады,  яғни  ол  ғылыми 
зерттеулерге жол ашады. 
Парадигма  –  кез-келген  ғылымның  бастауы,  өйткені  ол 
фактілерді  бағытты  түрде  сұрыптап  алуға  мүмкіндігін  жасайды. 


 
 
41 
Парадигма  –  ғылыми  қауымдастықтың  игілігі.  Ол  ғылымдарды  бір-
бірімен  өте  тығыз  байланыстырады.  Бұл  байланыс  адамдардың  кез-
келген  тобымен  салыстыра  келгенде  әлдеқайда  тығыз  болады.  Және 
де  осы  қауымдастықта  ғылымның  еңбегін  тек  қана  оның 
парадигмасын 
жақтайтын 
арнаулы 
мамандар 
бағалайды. 
Парадигманы таңдаған кезде шешуші белгі - оның негізінде шешілуге 
мүмкін  болатын  проблемалардың  маңызы  және  көлемі.  Парадигма 
өзгергенде  ғалымның  бүкіл  дүниетанымы  өзгеріске  ұшырайды.Ол 
айғақтарға  жаңадан  түсінік  береді,  оларды  жаңаша  қабылдайды. 
Декарт  армандаған  абсолютті  әділ  ғылыми  байқау  тілінің  болуы 
мүмкін  емес.  Ғылымның  түйсігі  әрқашанда  парадигманың  әсеріне 
шалдығады.  Қазіргі  педагогикалық  дәстүр  және  оқулықтардың 
мазмұны  ғылыми  революциялар  фактісін  жасырады  деп  есептейді 
Кун. Оқулықты оқысаң ғылымның дамуы бірқалыпты және ілгермелі 
қозғалыс  деген  қорытындыға  келесің.  Өйткені  ұлы  ойшылдардың 
ойлары осы заман тұрғысынан түсіндіріледі. 
         Кунның  «Ғылыми  революциялар  құрылымы»  атты  кітабының 
бірінші  басылымы  жарық  көргеннен  бері  (1962  ж.)  концепциясы 
сынға  душар  болады.  Алайда  «Ғылыми  революция»  және  «қалыпты 
ғылым» кезеңдері, «парадигма», «ғылыми қауымдастық» пен «белгілі 
парадигманы  жақтау»түсініктері  концепцияның  негізгі  түсініктері 
болып  қалды.  Кун  бұрынғысынша,  білімнің  ғылыми  емес  түрінен 
ғылыми түрге көшуі сыншылдықтан бас тартудың арқасында мүмкін 
болған  деп  есептейді.  Логика  немесе  ғылыми  тәжірибе  өздігінен 
ғылымға  белгілі  бір  теорияны  таңдауға  жол  ашпайды.Осы  мәселені 
шешетін логика емес, психология немесе әлеуметтану болады. 
       Бұл  басты  түсініктерге  өзгерулер  мен  айқындаулар  Кунның 
мынадай 
еңбектерінде 
жазылған: 
«Ғылыми 
революциялар 
құрылымы»  кітабының  соңғы  сөзінде  (1962),  «Парадигма  жайында 
екінші  толғаныс»  деген  ғылыми  теориялар  құрылымы  мәселелері 
жөніндегі  симпозиумында  жасаған  баяндамасында,  «Жаңалық  ашу 
логикасы  немесе  зерттеу  психологиясы»,  «Менің  сыншыларыма 
жауап»  атты  жұмыстарында  және  басқа  да  еңбектерінде.  Кунның 
айқындауы алдымен парадигма түсінігіне байланысты. Парадигмалар, 
Кун  бойынша,  «данадан»(экземпляр)  және  «пәндік  матрицадан» 
құралған.  Дана  (экземпляр)  –  парадигманың    орталық  элементі.  Ол 
ғылыми проблемалардың, бас қатырғыштардың нақты шешімі болып 
табылады.  Ғылыми  қауымдастық  даналарды  (экземплярларды)  үлгі 
ретінде қабылдайды. Ал пәндік матрицалар ғылыми қауымдастықтың 
іргелі  түсініктерінің  жиынтығын  білдіреді.  Бұларға  кепілдік 
мақұлдаған 
терминдер, 
жалпы 
модельдер, 
жалпылама 
құндылықтардың  жүйесі  жатады.  Кун  «парадигма»  терминінің 


 
 
42 
«пәндік  матрица»  түсінігімен  алмастыруға  қарсы  емес.  Қалыпты 
ғылым  кезеңдерінде  барлық  ғылыми  қауымдастық  мүшелері  бірегей 
пәндік  матрицаларды  жақтайды.  Пәндік  матрицалардың  құрамдас 
бөлігі  ретінде  Кун  рәміздік  (символдық)  жалпылықтарды,  жеке 
онтологиялық  үлгілерді  және  даналарды  (экземплярларды)  ерекше 
атап көрсетеді. 
       Кун  өзінің  тұжырымдамасын  ғылымды  неопозитивистік  түсінуге 
ғана емес, Поппердің «ғылыми білімінің өсуі» доктринасына да қарсы 
қояды.  Поппер  де,  Кун  да  ғылымның  және  ғылыми  танудың 
дамуының  «шындыққа  негізделген»  талдауына  талаптанады.  Сол 
кездегі  ғылыми  философияның  реализмге  осындай  талпынуы 
позитивизм  мен  субъективизм  дағдарысымен  байланысты.  Сонымен 
қатар олардың концепцияларындағы түбегейлі айырмашылықтар бар. 
Егер  Поппер  ғылыми  прогресстің  объективті  және  рационалды 
тетіктерін  ашуға  бел  буып,  шығармашылық  психологиясы  мен 
әлеуметтануды  зерттеуден  бас  тартса,  Кун,  керісінше,  ғалымдар  мен 
ғылыми  қауымдастықтар  қызметінде  құндылықтардың  рөлін 
анықтаумен 
шектеледі. 
Кунның 
«ғылыми 
революциялар» 
концепциясы  Поппердің  жалғаспалы  революциясына  қарама-қарсы. 
Қорыта  келгенде,  Поппер  және  Кунның  ғылымының  дамуындағы 
үлгілерін 
біріктіретін 
белгі-әлеуметтік 
және 
психологиялық 
факторлардың  маңыздылығын  тану.  Осы  белгімен  олар  неопозити-
вистер  ұсынатын  үлгіден  ерекшеленеді.  Поппердің  үлгісін 
«кьювенистік»деп  атауымызға  болады.  Олардың  концепциялары 
ғылымның  тарихымен  қайшы  тұстары  болған  соң,  көптеген 
методологтар  мен  тарихшылар  ғылым  дамуының  процестерін 
философиялық  тұрғыдан  қарастыруға  басқа  жолдарын  іздестіруге 
итермелейді.  Сол  жаңа  ізденулердің  ішінде  қызығушылық 
тудыратындары 

И.Лакатос, 
С.Тулмин, 
П.Фейерабендтің  
философиялық  концепциялары. 
        Ғылымның даму процесін реконструкциялаудың Попперлік және 
Кундық  көзқарастармен  Лакатостың  көзқарасы  –  бәсекелеседі. 
Лакатостың  көзқарасы  зерттеушілік  программалар  терминдерінде 
қалыптасқан.  Есте  сақтайтын  жағдай,  зерттеушілік  бағдарламалар 
(ЗБ)  концепциясы  Поппердің  идеяларынан  бастау  алады  және 
Поппермен  бәсекелеске  түскенімен,  Лакатос  көп  жерде  өзін 
Поппердің  шәкірті  мен  жалғастырушысы  деп  көрсетіп,  Поппердің 
әдістемелік фальсификационизмін біршама дамытып жетілдірді. 
        Зерттеу  программаларының  әдістемесі  Лакатостың  келесі 
еңбектерінде  көрініс  тапты:  «Сынаушылық  және  ғылыми  зерттеу 
программаларының  әдістемесі»,  «Фальсификация  және  зерттеушілік 
программаларының  әдістемесі  және  т.б.  Зерттеу  программасы  жаңа 


 
 
43 
фактілердің  ашылуына  алып  барса,  онда  ол  прогрессивті  деп 
танылады.  Егер  ол  бәсекелестерімен  ашылған  жаңа  материалдарды 
қолданумен шектелсе, ол азғындалған. 
        Лакатостың  зерттеу  программаларының  әдістемесі  Попперлік 
доктринаны  дамытушы  болып  табылады,  ал  Лакатостың  өзі  оны 
белсенді  жақтаушыларының  бірі.  Верификация  процедурасын  жоққа 
шығаруға  тырысқан  Кунға  қарсы  шықты.  Осыған  байланысты 
Лакатос  Поппердің  философиясын  әртүрлі  варианттарын  өте 
тиянақты түрде қайта қорытып, талдап шықты. Бұл жердегі  мақсаты 
Поппер  философиясының  неопозитивизмімен  сыйыспайтындығын 
дәлелдеу  еді  және  ғылымның    дамуының  фальсификационистік 
моделін  жетілдіруге  тырысты.  Поппер  бойынша  рационалды 
реконструкциялау  үшін ғылымдағы әрбір инновация актісі–бұл жаңа 
теориялық  ұсыныстарды  жасау.  Рационалды  реконструкциялау 
ғылымның  дамуын  дискреттік  жүйе  деп  түсінеді  немесе  пәрменді 
революция.  Бірақ  та  білімнің  дамуындағы  үздіксіздікті  жояды. 
Фальсификационизм  шегінде  қарастырылып  отырған  бірнеше 
теориялар,үздіксіздікті қамтамасыз ету үшін біртұтас болуы керек.  
Бірнеше 
теориялар 
компоненттері 
мирасқорлықпен 
байланысқан,  ол  ғылымда  өте  маңызды  рөл  атқарады  (Кунның  
«Нормалды  ғылымының»  реминисценциясы)  және  зерттеушілік 
программаларға  айналдырады.  Ғылым  дегеніміз  –  даму  себептері 
өзінде жатқан зерттеушілік программа. 
Лакатос пен Поппердің көзқарастарының айырмашылығын көру 
үшін  Лакатостың  ғылымның    «ішкі»  және  «сыртқы»  тарих 
түсініктерін қарастыруымыз керек. «Ішкі» тарих бұл бәрі қабылдаған 
әдістеме  шекарасында  әрқайсысын  рационалды  түсіндіруге  болатын, 
ғылымдағы  болып  жатқан  өзгерістерді  қайта  енгізу.  Бір  әдістеме 
шекарасында  барлығын  түсініп  және  түсіндіруге  болмайтындықтан, 
«ішкі»  тарих  «сыртқы»  тарихпен  толықтырылуы  тиіс.  «Сыртқы» 
тарихта  ғылымның  дамуына  әсер  ететін  маңызды  факторлар  болуы 
мүмкін  болғандықтан,  ол  өте  маңызды  және  бұл  факторлар 
рационалды  реконструкциямен  теориялық  ассимиляцияланбауы 
мүмкін. 
       Батыс  философиясында  Поппер  мен  Лакатос  көзқарастарының 
өзгешелігі  танылған.  Лакатос  қайтыс  болғанда  П.Фейерабенд  жазған 
«Имре  Лакатос»  мақаласында,  ол  Поппердің  ғылымының  дамуын 
реконструкциялауында  үлкен  өзгерістер  енгізген.  Бұл  өзгерістер 
келесідей: 
1.  Бағалаудың  стандартты  теориясын  қабылдау  мен  теріске 
шығару ережелерін бөліп тастады. 


 
 
44 
2.  Бұл  стандартты  кейбір  теорияларға  ғана  қолданған  жоқ,бірақ 
олардың нәтижесіне ЗБ шекарасында қолданды. 
3.  ЗБ  элементтерін  логикалық  жүйелердің  ережелерінен  тәуелсіз 
етті;  бұл  элементтер  іс  жүзіндегі  ғылымға  тең,  эмпирикалық  және 
логикалық  қателіктермен  /погрешности/  бірге,  кез-келген  формада 
қолдануға болады. 
4.  Стандартты  ЗБ-нің    қазіргі  кездегі  формасын  бағалауға  ғана 
емес, ЗБ-нің уақыт және бәсекелесуші ЗБ бірге бағалау; бұл дегеніміз 
барлық  теориялары  дәрменсіз  болса  да,  ЗБ  реалды  ғылымнан 
сызылып тасталмайды. 
5.  Стандарттарды  әрекет  етуге  ұсыныс  деп  көрсетпей,  тек  бағалау 
деп көрсетті. 
6.  Стандарттардың  өзін  бағалауға  рұқсат  етті(эмпирикалық  ЗБ 
секілді); бұл стандарттар тарихи ЗБ деп қарастырылады. 
        Лакатостың  теориясы  оның  өзіне  қарсы  айналып  келуі  мүмкін 
деп  көрсеткен  Фейерабенд,  іс  жүзінде  ғылымның  дамуына 
скептикалық  көзқарас  жеңіп  шығатындығын  көрсеткісі  келді. 
Фейерабендтың  өзі  осы  көзқарастың  ақтаушысы  болатын  және  осы 
көзқарас  бойынша  әлемге  деген  көзқарастардың  барлығы  бірдей 
жақсы,  не  барлығы  бірдей  жаман.  Бірақ  күмәнданушыға 
«зерттеушілік»  программалардың  әдістемесі  қажет,  өйткені  ол  әлем 
көрініп  тұрғандай  реті  емес  екендігін  көрсететін  фактілерді  береді, 
және  әлемге  күмәнмен  қараудың  дұрыстығын  көрсетеді.  Лакатос 
концепциясы  философия  мен  ғылым  тарихын  зерттеулерде  шет 
елдерінде кеңінен қолданылады. 
       Жоғарыда  атап  өткеніміздей,  ғылымның  тарихи  бағыттағы 
белсенді  оқымыстылардың  бірі  –  П.Фейерабендтің  философия 
ғылымында  алатын  орны  ерекше.  Оның  ғылыми  даму  жүйесін 
«анархистік» деп айтқаны мәлім. Ол ғылымның шынайы дамуындағы 
мәңгі  және  өзгермейтін  рационалдық  –  методологиялық  ережелерін 
теріске шығарады. Өзінің «Түсіндіру, редукция және эмпиризм» атты 
мақаласында  және  алғашқы  еңбектерінде  Фейерабенд  келесі 
тезистерді негіздеді: 
1.  Ғылымның  даму  процесіндегі  бір-бірімен  алмасушы  теориялар, 
бір- біріне ұқсамайтын, бірікпейтін теориялар; 
2.  Термин  сөздің  мағынасы  теоретикалық  мағыналы  мәтінге 
байланысты  болады,  сондықтан  бір  контекстен  екінші  контекстке 
(мағыналы  мәтінге)  ауысқан  кезде  өз  мағыналық  жүктемесін 
өзгертеді. 
        Фейерабенд,  Поппер  мен  Лакатостың  ғылым  және  оның  дамуы 
толық рационалды дегенімен келіспейді және иррационализмге қарай 
бет бұрғанға ұқсайды.
 


 
 
45 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет