187
Либертарлық онтология бойынша, формалды теңдік (яғни
құқықтық мән) – жалпыміндеттік позитивті – құқықтық құүбылыстың
(заңның ) мәні, ал жалпыміндеттік позитивті – құқықтық құбылыс (заң) –
осы объективтік құқықтық мәннің (формалды теңдік) көрінуінің және
нақтылауының мемлекеттік формасы. Құқық болмысы өзінде, іштей
өзара байланысты және бірін–бірі ұйғаратын құқық қасиеттері мен
сипаттарының бүкіл жиынтығын, құқықтық мән мен құқықтық
құбылыстың қажетті бірлігі түріндегі құқықты, адамдардың қоғамдық
өміріндегі теңдіктің, еркіндіктің және әділеттіктің жалпыміндеттілік
формасы түріндегі құқықты сақтайды.
Либертарлы-юридикалық онтология көзқарасы тұрғысынан
алғанда жалпыміндеттелген мемлекеттк заң (яғни құқықтық заң)
формасындағы теңдік, еркіндік және әділеттіктің тарихи жетілген сатысы
мен өлшемінің шынайы-практикалық нығайуының түбегейлі маңызы
бар, өйткені онсыз құқықтық болымыс та, құқықтық құбылыс та болмақ
емес.
Достарыңызбен бөлісу: