Ылым тарихы мен философиясы



Pdf көрінісі
бет82/103
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17045
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   103
1.1
      10.4    Құқықтың  
аксиологиялық бағыттары 
 
ретіндегі  құқықты  тұтастай  доктриналық  анықтау)  ретіндегі  құқықтық 
норманы  юридикалық-доктриналық  түсіндірумен  және  сонымен 
байланысты  норманың  құрлымдық  бөліктерінің    (гипотезалар, 
диспозициялар және санкциялар) сәйкестік мазмұнын анықтау түріндегі 
заң мәтінінің (позитивтік құқықтың) қағидаларымен шартталған. 
     Құқықтың  либертарлы-юридикалық  қағидасы  құқықтық  норманы 
(құқықтық  заң  нормасы)  негізге  ала  отырып  және  оның  легистік 
бейқұқықтық  нормамен  (бейқұқықтық  заң  нормасы)  алмасуын  жоққа 
шығара  отырып,  құқықтың  өзіндік  нормативтігін  заңи  түсінудіодан  әрі 
дамытады.  Сонымен  бірге  либертарлық-юридикалық  онтология 
көзқарасы бойынша мәселе құқықты денормативтендіру емес, керісінше, 
құқықтық  құбылыс  ретіндегі,  құқықтың  өмір  сүруі  мен  әрекетінің 
формасы  ретіндегі  заң  нормасын  юридизациялау  (юридикаландыру) 
болып  табылады.  Құқықтық  заң  нормасы  формалды  теңдіктің  тек  бір 
формасының  көрінісі  мен  жүзеге  асуы  ретінде  өзге  қажетті  құқықтық 
формалармен қатынаста болып, құқық болымысының жалпы кеңістігінде 
өзіне тиісті орынын алу керек. 
Құқық  пен  заңды  барабарлықта 
қарастыратын, 
құқықтың 
объективтік  мәні  мен  құқықты 
зомбылықтан ажырату критерийін терістейтін легизм шеңберінде заңды 
өзіндік  құқықтық  бағалау  мен  оның  құқықтық  құндылығы  туралы 
кешенді ой айту тіпті мүмкін емес. Құқықтың объективтік, заңшығарушы 
және  заңға  тәуелсіз  қасиеттері  мен  сипаттарын  теріс-тейтін  легизм, 
аксиологиялық  тұрғыда  алғанда,  шын  мәнінде  өзіндік  құқықтық 
құндылықтарды  жоққа  шығарып,  тек  заңның  (позитивтік  құқық) 
құндылығын  ғана  мойындайды.  Сонда  легистердің  (позитивистер  мен 
неопозитивистердің)  заңның  (позитивтік  құқықтың)  «құндылығын» 
мойындауы  шын  мәнінде  құқықтың  өзіндік  құқықтық  құндылығынан 
айырылуы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет