С. Бақырғанидың қисса-дастандары – нәзира дәстүрінің қайнар көзі



Pdf көрінісі
бет14/18
Дата07.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#17084
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
2018 3. Матбек Н. Монография

Мұндағ былай үйретті ұстазым менің, 

Ата хақы – тәңірі хақы дүр білің, 

Ата алдында ұғыл жүрсе хата, 

Сіз жүрің алдымда ай, Нұрсафа,– [49,68 б.] 

 

деп әкесіне еріп үйіне келіп, Әзірейілді көріп, мән-жайға қанығады. 



 

Дүниеге келген һәм кетпек керек, 

Үшбу дүниеден һәм кешпек керек. 

Хүкім қылса жүз жаным болса берейін, 

Барша үмбет жолында құрбан қылайын,– [49,68 б.] 

 

дейді.  Әзірейілден  аз  уақытқа  мұрсат  алып,  мектепке  келіп,  дос-



жарандарымен, ұстазымен қоштасады. Достары: 

 

Айттылар: сіз үшін біз өлелік, 



Тілесін Хақтан Расулалла сені,– [49,69 б.] 

 

деп өздерін құрбан етпек болады.“Әркімге қаза жетсе, шара жоқ,”–деп 



үйіне  келіп,  әкесінің  тізесіне  басын  қойып,  жан  берді.  Осылай  Мұхаммед 

пайғамбарды  тек  үмбетінің  қамын  ойлаған  қамқоршы  ретінде  әсірелеп 

суреттейді. 

Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлының  көп  томдық  шығармаларының  бірінші 

томына енген “Ибраһим” атты дастанында Мұхаммед пайғамбар жалғыз ұлы 

Ибраһимді  жеті  жасқа  келгенде,  молдаға  оқытады.  Алла  Әзірейілді 




Мұхаммедке жіберіп, не перзентін, не үмбеттерін таңдасын деген талап қояды. 

Мұхаммед ұлын мешіттен ертіп келеді. Алдында жүруін сұрайды.  

 

Ата алдында бала жүрсе, болар қате, 

Алдыма сіз жүріңіз, ай, жан ата,– [90,86 б.] 

 

деп  ұлы  атасын  құрмет  тұтады.  Ибраһим  ұстазымен  қоштасуға  мұрсат 



сұрайды. Атасына үмбеттері үшін жанын қиюға ризашылығын білдіреді. 

 

Сол жерде Ибраһим қалды өліп, 



Жылап тұрды атасы оны көріп. 

Үмбеті сау қалғанға қуанады, 

Кейімейді перзентін ойына алып,– [90,69 б.] 

 

деп пайғамбардың үмбеттерінің саулығын бәрінен де жоғары қоятынын 



суреттейді. 

Мәшһүр-Жүсіп 

Көпейұлы 

дастаны 


“Бақырғани 

кітабындағы” 

Ғұбайдолла  шығармасының  желісімен  мазмұндас  екендігі  көрінеді.  Екі 

туындыда да Мұхаммедтің Хақ жолына шексіз берілгендігі суреттелген. 

“Бақырғани  кітабы”  жинағының  соңында  Хытаи  сақы  деген  автордың 

көлемі  164  шумақтан  тұратын  “Ахтам  қиссасы”  берілген.  Қисса  әдеттегідей 

Аллаға,  Мұхаммед  пайғамбарға  мадақ  айтудан  басталады.  Басты  кейіпкер 

Ахтам Мұхаммедтің сахабаларының бірі “ер сипатты, Әлиді өзіне дос тұтар 

еді”  деп суреттеледі. 

Жанәділ елі, сол елдің шаһы – бәрі Әлидің батырлық даңқынан қорқып, 

қан  жұтар  еді.  Шаһ  халқын  жиып,  кеңесті.  “Кімде-кім  Әлиді  өлтіріп, 

Мәдинадан  басын  кесіп  әкелсе,  байлығымның  жартысын,  өлшеусіз  алтын, 

күміс  және  қызымды  беремін,”–  деп  жар  салады.  Баһадүрлер  сайланды, 

белдеріне қылыш байлап, жолға шықты. 

 



Мәдина бір жарым айлық жол еді, 

Арасының көбі сусыз шөл еді. 

 

Мәдинаға баһадүр жұһуд жетті, Ахтамға жолықты. Ол Ахтамнан Әлиді 



сұрады.  Әлиді  көрсетсе,  жүз  мың  алтын  беретінін  айтты.  Ахтам  өзін  оған 

Әлимін деп таныстырды. Жанәділдің баһадүрі Ахтамның басын кесіп әкетті. 

Әли деп мәз болысты. Шаһ уәдесінде тұрып, қызын ұзатты.  

Мұхаммед  және  жанындағы  сахабалары  үш  күн  бойы  Ахтамға  не 

болғанын білмеді. Біләлді жіберді, үйіне барып, сұрастырды. Әйелі үш күннен 

бері үйіне келмегенін айтты, балалары атасын іздеп, жыласты. 

Жебірейіл  келіп  хазіретке,  Ахтамның  жан  бергендігін,  Жанәділ 

қаласына басы кеткендігін, Әли үшін азиз жанын пида еткен хабарын жеткізді. 

Бәрі қайғырды. Әлиді тауып, мән-жайды жеткізді.  

Әли  балаларымен,  әйелімен  қоштасып,  дүлдүліне  мініп,  қырық  бес 

күндік жолды үш күнде жүріп, Жанәділ шаһарына жетті. Әли отқа табынып 

отырған бір әйелді көріп, жөн сұрады. Әйелден жерлестерінің Әлидің басын 

кесіп әкелгенін, енді Мәдинаға аттану үшін әскер жиып жатқандығын біледі. 

Әли  әйелге  иман  келтіруді  бұйырады.  Әйел  ұнатпайды.  Әли  оның  басын 

шауып  алады.  Бұдан  біз  қисса  авторының  кәпірді  өлтіргенді  сауап  деп 

есептегендігін аңғарамыз. Әлгі әйелдің үйіне кіріп, тамақ жейді, қанша күннен 

бері аш еді. 

Шаһтың есігіне келді. Бір кісіге мал ұрлатып, ұрыны іздеп жүргендігін 

айтады. Оны көрген кісі шаһқа келіп, астындағы аты да өзіне лайық балуан бір 

жігіттің ұры іздеп жүргенін баян етеді. 

Мұнан кейін Әли дүлдүліне ескертті: “ Пайғамбар, сахабаларға барып, 

менен хабар жеткіз, Хасен, Хұсайынға, Фатимаға сәлем айтарсың”,– дегенді 

ескертті. Шаһқа кірді. Ол оның қуанышын білді. Сүйінші сұрады. Әлиді өзінің 

танитындығын  айтты.  Әлидің  басы  деп  кесілген  басты  табаққа  салып  алып 

келді. Әли Ахтамның басын көріп, көзінен жасын төкті. Әлидің маңдайы бір 

қарыс еді. Шашы да Әлидікі емес дейді. Әлидің үш ойынын білетіндігін айтты: 




біріншісі  –  қырық  арыстан  сүйегін  қабаттап  қойып,  бір  теуіп  уатып 

шашыратар еді; екіншісі – он екі батпан екі темірді бір қолымен алып ұратын 

еді; үшіншісі – қылыш ойынын білетін еді. 

Әлиді  өлтірген  ерді  шақырып  алдыртты.  Әли  ұрыс  салды.  Шаһ  кім 

екенін сұрады. Өзін толық таныстырды. Әскер жиып, Әлимен соғыспақ болды. 

Әли  дүлдүлден  сырылып  түсіп  қалады.  Дүлдүл  памдат  намазында  кетіп, 

кешінде Мәдинаға жетті. Расул құлағына дүлдүл үні естіліп, Біләлді жіберді. 

Бәрі иесіз дүлдүлді көріп, жыласты. Хазірет пайғамбар Құдайдан дүлдүлге тіл 

бітір деп тіледі. Құдай тіл берді. Дүлдүл сөйледі. Пайғамбар Әлидің өлі-тірісін 

хабарла деп Жебірейілден өтінді. Жебірейіл көзді ашып-жұмғанша Расулды, 

дүлдүлді  Әлиге  жеткізді.  Расул  Әлиді  көкке  шығарып  алды.  Әли  дүлдүлін 

мініп,  майданға  қайта  кірді.  Жүз  мың  кәпірді  қырды.  Кәпір  елін  мұсылман 

қылды. Мал алып, Мәдинаға жетті. Ахтам балаларына, мұсылмандарға бәрін 

таратып берді.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет