17
Ана тілің – өркенің.
Ана тілің – ертеңің,
Қадірле ана тіліңді –
Сонда ашасың гүліңді.
(Б. Үсенбаев)
Ғажайып сәт.
Топқа бөрік киген қуыршақ келеді.
–Балалар, қонақты қалай қарсы алу керек?
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге құрқол келген жоқпын. Мен сендерге суреттер
әкелдім.
1.
Негізгі кезең
Көрнекілікпен жұмыс: «Қазақтың ұлттық баскиімдері»: бөрік, тақия, сәукеле.
Сөздік жұмыс: баскиім, бөрік, тақия, сәукеле.
Қуыршақ:
–Менің баскиімім бар, бірақ менің баскиімімде ою-өрнек жоқ.
– Менің баскиімімді әшекейлеп беріңдерші?
Оюларды салыңдар,
Ою мәнін табыңдар.
Ою-өрнек тоқыңдар,
Ою жайлы оқыңдар.
(Н. Қалқа)
– Балалар, қуыршақтың бөркіне әдемілеп ою-өрнек салып берейік.
– Бөріктің түсі қандай?
– Терісінің түсі қандай?
– Ою-өрнектің түсі қандай?
Үлгіге қарай отырып, педагог ою-өрнекті бөрік салынған қағазға қалай орналастыруды
магниттік тақтада көрсетеді.
Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
2. Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
Қуыршақ (қуанып):
–Енді менің біреу емес, көп бөркім бар! – дейді.
Қуыршақ балаларға рақметін айтады.
Достарыңызбен бөлісу: