Аппликация



Pdf көрінісі
бет21/28
Дата07.01.2022
өлшемі476,19 Kb.
#17288
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28
Көрнекіліктер:  үлестермелі  материалдар,  қазақтың  ұлттық  баскиімдерінің  суреттері, 

магниттік тақта, дайын ою-өрнектер. 



Сөздік жұмыс: баскиім, бөрік, тақия, сәукеле. 

ҰОҚ-нің барысы 

1.

  Ұйымдастыру кезеңі 

Шаттық шеңбері. 

Педагог балалармен шаттық шеңберін құрады. 



Ана тілің – ертегің, 


17 

 

Ана тілің – өркенің. 



Ана тілің – ертеңің, 

Қадірле ана тіліңді – 

Сонда ашасың гүліңді. 

                                    (Б. Үсенбаев) 

Ғажайып сәт. 

Топқа бөрік киген қуыршақ келеді. 

–Балалар, қонақты қалай қарсы алу керек? 

– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге құрқол келген жоқпын. Мен сендерге суреттер 

әкелдім. 

1.

  Негізгі кезең  

Көрнекілікпен жұмыс: «Қазақтың ұлттық баскиімдері»: бөрік, тақия, сәукеле. 

Сөздік жұмыс: баскиім, бөрік, тақия, сәукеле. 

Қуыршақ:  

–Менің баскиімім бар, бірақ менің баскиімімде ою-өрнек жоқ. 

– Менің баскиімімді әшекейлеп беріңдерші? 



Оюларды салыңдар, 

Ою мәнін табыңдар. 

Ою-өрнек тоқыңдар, 

Ою жайлы оқыңдар. 

                                      (Н. Қалқа) 

– Балалар, қуыршақтың бөркіне әдемілеп ою-өрнек салып берейік. 

– Бөріктің түсі қандай? 

– Терісінің түсі қандай? 

– Ою-өрнектің түсі қандай? 

 Үлгіге қарай отырып, педагог ою-өрнекті бөрік салынған қағазға қалай орналастыруды 

магниттік тақтада көрсетеді. 

Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді. 

2.  Рефлексия 

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды. 

Қуыршақ (қуанып):  

–Енді менің біреу емес, көп бөркім бар! – дейді. 

Қуыршақ  балаларға рақметін айтады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет