Сатылханова гульмира алихановна


Диссертациялық  жұмыстың  құрылымы



Pdf көрінісі
бет20/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66
Байланысты:
Satylkhanova Disser

Диссертациялық  жұмыстың  құрылымы:  ғылыми  еңбек  кіріспеден,  үш 
бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


12 
 
1  НОВЕЛЛА  ЖАНРЫНДАҒЫ  ДЕТАЛЬ:  ТАБИҒАТЫ,  КӨРКЕМДІК 
МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТІ 
 
1.1 Қазақ әдебиетіндегі новелла жанры: ерекшелігі, эволюциясы 
Детальдың  көркемдік  қызметіне  жан-жақты  тоқталмас  бұрын  алдымен 
новелла  жанрына  азырақ  тоқталып  өткіміз  келеді.  Өйткені,  араб,  парсы,  үнді, 
қытай,  жапон,  грек,  итальян,  неміс,  испан,  ағылшын  әдебиеті  тарихында 
маңызды  орын  алатын  новелла  жанры  біздің  қазақ  әдебиетінде  бүгінге  дейін 
жеке жанр ретінде айрықша сөз болып, жеке ғылыми зерттеу обьектісі ретінде 
қарастырылмағаны белгілі. Мұны осыдан ширек ғасыр бұрын М.Алтынбекова 
да  айтып,  ескертіп  өткен  болатын:  «новелла  –  дүние  жүзі  әдебиеті  тарихында 
өзінің жанр ерекшелігімен тиісті орнын тауып, қашан да көп назарын аударып 
келе  жатқан  кексе  жанр.  Олай  болса,  біздің  қазақ  әдебиетінде  осы  уақытқа 
дейін бұл жанр ретінде айрықша сөз болып, өзінің қасиеттері талданып ауызға 
алынбай  келуі  қынжыларлық-ақ  жәйт»  [31,143].  Десе  де,  әлі  күнге  төл 
әдебиеттану  ғылымымызда  новелла  жанрына  қатысты  бұл  олқылықтың  орны 
толтырылған жоқ.       
Ғ.Мүсірепов:  «Шығарма  деген  белгілі  оқиғалардың  тізбегі  емес.  Шығарма 
жазушы  жүрегінде,  ойында  қайнап-пісіп,  кітап  оқушылары  зейін  қоюға 
тұратын,  жігер-қайрат,  адам  қоғамының  өсе  беруіне,  еселей  беруіне  үн  қоса 
алатын жанр» [32,7] деген тұжырымынан қандай жанрда жазылса да туынды ең 
алдымен  көркемдік-шығармашылық  болмысымен  құнды  екені  нақтыланады. 
Новелла да – өз дәуірінің келелі мәселелерін көтере алатын, зейін қойып оқуға 
тұратын жанр екені жасырын емес. М.Алтынбекова новелла жанрының барлық 
жазушы  шығармашылығында  болуы  міндетті  болмаса  да,  өскелең  әдебиеттің 
қай-қайсысында  болса  да  қағажу  көріп  келе  жатқан  осы  жанрдың  тағдырына 
алаңдаушылық  танытып,  оның  қазақ  әдебиетінде  кенжелеп  қалу  себебін 
анықтауға  талпынады.  Жазушыға  мына  жанрды  жаз,  мына  жанрда  жазба  деп 
ешкім  кесіп  айта  алмайды.  Қай  жанрды  таңдап,  жазу  керектігін,  өмірлік 
құбылыстың мәні мен маңызын суреткер өзі айқындайды. Дегенмен, зерттеуші 
М.Алтынбекованың  пайымдауынша,  негізгі  себеп  –  зерттеушілер  мен 
әдебиеттанушы  ғалымдардың  бұл  жанрдың  табиғатына  аз  көңіл  бөліп, 
новелладағы шеберліктің нәзік, күрмеуі мол шешілмеген мәселелерін назардан 
тыс қалдыруында. Зерттеуші егер ғалымдар жанрдың негізгі ерекшеліктері мен 
қасиеттерін  жазушылар  алдына  сөз  етіп,  талдап,  тарта  алса,  болашақта 
жазушыларымыз  бұл  сұлу  да  өткір  жанрды  еркін  игеріп,  мықты  новеллалар 
тудыратындығына  үлкен  сенім  білдіреді  [31].  Осымен  новелла  жанрының 
теориясы  мен  болашағына,  дамуына  қатысты  қазақ  әдебиеттану  ғылымында 
айтылған  ой,  ғылыми  пікір  ұзақ  уақытқа  дейін  айтылмай,  үзіліп  қалды  деуге 
болады. Әдебиеттану ғылымының көшбасында тұрған Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов 
сынды теоретик ғалымдар еңбегінде де бұл жанр жөнінде тұшымды ой, ғылыми 
пікір айтылмағанын байқадық.    
Новелла  жанры  –  әлем  әдебиетінде  ертеден  келе  жатқан  кексе  жанр. 
Новелланың  қайнар  көзі  ең  алдымен  латындық  exemple,  сонымен  қатар, 


13 
 
фаблио, мысал, халық ертегілері болып келеді. ХІІІ ғасырдағы окситан тілінде 
бұрыннан бар, дәстүрлі материалды өңдеп жаңадан әңгімелеген дүниені таныту 
үшін «nova» сөзі қолданылған. Осыдан келіп итальяндық «novella» шыққан, ал 
ХV  ғасырдан  бастап  бұл  сөз  Еуропа  елдеріне  кеңінен  тарап  кетті  [33].  Бірақ 
бұдан  новелла  жанры  тек  еуропа  елдері  әдебиетінде  ғана  болды  деген  ұғым 
тумау  керек.  Аталған  жанр  араб,  үнді,  парсы,  жапон,  қытай,  корей  әдебиеті 
тарихында  да  маңызды  орын  алды.  Бірақ,  қазақ  әдебиетіне  орыс  әдебиеті 
арқылы,  ал  орыс  әдебиетіне  батысеуропалық  әдебиеттің  ықпалымен  келіп 
енгендіктен, біз новелланың батыс елдері әдебиеті тарихында таралу мәселесіне 
аз-кем тоқталып өткенді жөн санадық.  
Классикалық новелла қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келді. Дәл осы кезеңде 
новелла жанры ерекше дамып, әйгілі болды. Оның өзіне ғана тән ерекшеліктері 
мен  белгілері,  драмалық  өткір  тартысы,  оқиға  мен  әрекеттің  күтпеген  жерден 
басқаша өріс алуы, бас кейіпкер тағдырының оқырман ойламаған арнамен кетуі 
немесе  аяқталуы  сынды  спецификалық  ерекшеліктері  тез  арада  толық 
сипатында  анықтала  бастады.  Новеллалық  туындылардың  үздік  үлгілерінің 
қатарында Джованни Боккаччо еңбектерін айтуға болады.  
ХІІІ-ХІV  ғасырлар  ширегінде  Италияда  қысқа  әңгіме-новеллалардың 
алғашқы жинағы пайда болды. Халық ауыз әдебиетінің негізінде туған новелла 
жанры  өз  алдына  дербес  әдеби  жанр  ретінде  ХІV  ғасырдың  ортасында 
Солтүстік  Италияның  қала-мемлекеттерінің  мәдени  өркендеу  жағдайында 
орнықты.  Шындығында  новелла  итальяндық  қайтаөрлеу  дәуірінің  ең  бір 
тамаша мәдени өнімі еді. Новелланың тамыры фольклорда, соның ішінде өткір 
анекдотта  болды.  Анекдотқа  табиғаты  жағынан  «фачеция»  («өткір  сөз,  әзіл, 
күлкі,  «оспақ»)  жанры  жақын  келетін.  Осыдан  келіп  бұл  жанрға  тән 
новеллланың  қызықтылығы,  баяндаудың  энергетикалық  лаконизмі,  тосын 
шешімнің  өткірлігі  мен  тиімділігі  шыққан.  Осы  бастау  көздері  новеллаға  тән 
сипатты  дарытып,  өмірлік  өткір  мәселелерді  көтеруге  қабілетті  қылды  деген 
пікірді бірқатар зерттеушілер мақұлдайды. 
Новелла оқырманға ол басқа жанрлық туындылардан таба да, кездестіре де 
алмайтын  жаңа  материалды  ұсынды:  эпикалық  поэзия  дәстүрлі  рыцарьлық 
роман  рухында,  ал  лирика  абстрактылы-философиялық  құрылымға  сай  дами 
бастады. 
Халық ауыз әдебиетінен новелланың тағы бір дәстүрге айналған ерекшелігі 
шығады: ол образдылық, кейіпкерлердің мақал-мәтелдер мен қанатты сөздерге 
бай ауызекі тілі. 
Жоғарыда  айтып  өткеніміздей,  итальяндық  новелла  атасы  флоренциялық 
Джованни  Боккаччо  (1313-1375)  болды.  Ол  новеллаға  классикалық  түр  берді. 
Боккаччо халық мәдениетіне жақын адам болғандықтан образды әрі дәл тауып 
айтатын халық сөзіне ерекше махаббатпен көңіл бөлді. Сонымен қатар, ол көп 
уақытын  латын  және  грек  тіліне,  антик  әдебиеті  мен  тарихын  оқып  білуге 
жұмсаған  гуманист  оқымысты  болды.  Халық  ауыз  әдебиетінің  үздік  дәстүрін 
қабылдап,  бойына  сіңіре  білген  Боккаччо  оларды  итальяндық  және  әлемдік 
мәдениет,  әдеби  тәжірибесімен  байытты.  Француздық  әзіл  әңгімелер,  ежелгі 


14 
 
және  ортағасырлық  шығармаларды,  әдебиет  тәжірибесін  пайдалана  отырып, 
оның  қаламынан  итальяндық  новелла,  оның  өзіне  тән  тілі,  тақырыбы  мен 
типтері  туып  жатты.  Новелла  материалы  ретінде  өмір  шындығы  алынды,  бұл 
дәстүр әлі күнге жалғастығын тауып келеді. Сондықтан да новелла өмірсүйгіш, 
еркін,  антиклерикалдық  (шіркеудің  саяси  және  мәдени  үстемдігін  күшейтуге 
қарсы болу) сипатта болды. Дәл осы өмірсүйгіш рухы мен дінбасыларын өткір 
сынға  алғаны  үшін  әрі  латын  тілінде  емес  халық  тілінде  жазылғаны  үшін 
новелла  үкімет  тарапынан  жиі  сынға  ұшырап  отырды.  Тіпті  новелланы 
«төменгі»  жанр  деп  те  танығандар  болды.  Бұған  қарсы  болған  Боккаччо 
жанрдың  өркениетті,  даналық  пен  сұлулықты  насихаттағанын  қалады.  Ол 
күнделікті өмірдің өзінен новелла өмірдің даналығы мен сұлулығын көре білу 
керек деп санады. Осы позициядан келіп оның басты туындысы – Веселовский 
«оба  кезіндегі  той»  деп  атаған  новеллалар  жинағы  «Декамерон»  (1350-1353) 
туды.  
Боккаччо новеллаларының көркемдік тілі бай болды, ол оқиғаның мәні мен 
психологиясын  ашып  көрсететін  және  оқырмандардың  жеңіл  қабылдауына 
бағытталған  көптеген  ескертпелерді  қолдан  енгізіп  отырды.  Сюжеттің  дамуы 
публицистикалық сипаттағы авторлық шегіністермен жиі-жиі бөлініп отырады; 
бұл  өз  кезегінде  халықтың  көңіл-күйі  мен  гуманистік  көзқарасын  білдіріп 
отырды.  Бұл  бір  жағынан  дінбасыларының  ашкөзділігі,  пайдакүнемдігі  мен 
екіжүзділігіне  деген  қарсылық,  әдет-ғұрыптың  сақталмай,  аяқасты  болуына 
деген өкініш, мұң болатын [34]. Боккаччоның новелла жинағын жазуына түрткі 
болған жай – 1348 жылғы Флоренцияны жайлаған оба ауруы болатын. Бұл ауру 
қала  халқының  көп  бөлігін  жалмап  қана  қойған  жоқ,  адамдардың  сана-сезімі 
мен  әдет-ғұрпына  да  ерекше  әсер  етті.  Адамдардың  күн  сайын  емес,  сағат 
сайын, сәт сайын о дүниелік болуы халықты қайтадан ортағасырлық түсінікке, 
өлім  мен  өлімнен  кейінгі  өмір  алдындағы  қорқынышқа  алып  келді.  Ертеңгі 
күніне сенімсіз қалалықтар моральдық бастауларды жоққа шығарып, бассыздық 
пен  жүгенсіздікке  ерік  беріп,  жақсы  мен  жаманды  айырудан  қалды.  Осы 
жағдайға  қарсылық  ретінде  автор  аталмыш  туындысын  дүниеге  әкелді. 
Декамерондағы  жеті  бикеш  пен  үш  жігіттен  тұратын  композиция  бұл  ауруға 
берілмей,  жеңеміз  деген  үмітпен,  аталмыш  індетті  өздерінше  қарсы  алуды 
ұйғарады.  Қала  сыртындағы  виллада  салауатты  өмір  салтын  ұстанып,  өз 
рухтарын  адам  энергиясын,  ақыл,  еркін,  өмірсүйгіштігін,  ортағасырлық 
феодалдық  күштерге  қарсы  батылдық,  әділдік,  жанкештілігін  дәріптейтін 
сипаттағы музыка, ән, би, өлең, новеллалармен бекітіп, күшейтіп отырды. 
«Декамерон»  (он  күндік  күнделік)  жүз  новелладан  (он  күн  бойына 
әрқайсысының айтқан 10 новелласы) тұрады. Жазушыны қоғамдық моральдың 
азғындауы,  екіжүзділік  пен  пайдакүнемдік,  есепшілдік,  эгоизм  сынды 
мәселелер  толғандырды.  Автор  өз  новеллаларында  гуманистік  идеялармен 
сусындаған адам образын, жоғарғы идеалды сомдауға тырысты. Бұл кодекстің 
негізіне  гуманизм,  кеңпейілділік  сынды  асыл  қасиеттер  алынды.  Жинақтың 
тағы  бір  маңызды  ерекшелігі  –  антиклерикалдық  бағытта  болуы,  шіркеу 


15 
 
қызметкерлерінің  екіжүзділігі  мен  арам  пиғылын,  католиктік  шіркеуді  өткір 
сынға алу. Жалпы Боккаччо новеллалары сатиралық сипатта болды. 
Зерттеушілердің  анықтауынша,  «Декамерон»  өмір  шындығын  әртүрлі 
қырынан  айтып,  жарқыратып  ашып  көрсетуде  шағын  жанрдың  зор 
мүмкіндіктерін  сарқа  пайдаланды.  Итальяндық  қайта  өрлеу  дәуірінің  барлық 
новеллистерінің  ішіндегі  ең  мықтысы,  ең  ірісі  Боккаччодан  кейін  де  новелла 
дамуы  жалғаса  берді.  Олардың  қатарында  ХV  ғ.  өмір  сүрген  Мазуччо 
Гуардаттиді  (оның  «Новеллино»  атты  еңбегін  Ватикан  тыйым  салынған 
кітаптар  индексіне  енгізген),  ХVІ  ғасырдағы  Джиральди  Чинтионы  («Жүз 
аңыз»),  Маттео  Банделлоны  («Ромео  мен  Джульетта»  новелласы)  айтуға 
болады.  
Боккаччо ықпалымен новелла жанры тек Италия емес бүкіл Еуропа елдеріне 
тарады.  Соның  ішінде  Англия  (Джефри  Чосер),  Франция  (Маргарита 
Наваррская), Испания (Сервантес) сынды елдерде новелла жанры өз деңгейінде 
танылды.  Францияда  1462  жылы  «Жүз  жаңа  новелла»  жинағы  шықты 
(шындығында  бұл  Поджо  Браччолинидің  фачецияларының  көшірмесі  іспетті 
дүние  болған),  Маргарита  Наваррская  болса  «Декамеронның»  үлгісімен  1559 
жылы «Гептамерон» атты кітап жазып шықты [33].  
Жанр эволюциясына қарап отырсақ, романтизм дәуірінде Гофман, Новалис, 
Л.Тик, Генрих фон Клейст, Э.По, Н.Гоголь сынды новеллистердің ықпалымен 
жанр  мистика,  фантастика,  қиял-ғажайыптық  элементтермен  байыған.  Бұл 
кезең  новелласына  тән  сипат:  материал  күнделікті  өмірден  алынбады,  оның 
үстіне  жанр  өзіне  трагиирониялық  культті  сіңіріп  алды.  Кейінірек  Проспер 
Мериме  мен  Ги  де  Мопассан  өздерінің  реалистік  әңгімелерін  де  новелла  деп 
атай  бастады.  ХІХ-ХХ  ғасырларда  новелла  жанры  Ы.Алтынсарин,  А.П.Чехов, 
Амброз Бирс, Л.Пиранделло, Б.Майлин, Ш.Андерсон, О.Генри, Герберт Уэллс, 
Артур  Конан  Дойль,  И.А.Бунин,  Гилберт  Честертон,  С.Цвейг,  Акутагава 
Рюноскэ,  Карел  Чапек,  Хорхе  Луис  Борхес  секілді  жазушылармен  толықты. 
Новелла  жанры  бұл  жазушылардың  қаламында  кейіпкердің  тұйық, 
оңашаланған  тағдырларын,  қоғам  ішіндегі  жатсыну  мәселесін  ашып  көрсетті, 
көп  жағдайда  фаталистік  және  гротескілік  бояуларға  жол  беріп  отырды  [33]. 
Модернистік новелла өкілдері (Ф.Кафка) туындыларында оқиға соқыр сенімге 
құрылып,  тағдырдың  үкімі  ретінде  ұғындырылып,  түсіндірілді,  адамдардың 
күткен үміті ақталмады, сенім жоққа шығарылды.  
Байқап  отырғанымыздай,  жанрдың  даму  тарихында  әрбір  тарихи  және 
әдеби дәуір өзіндік із, белгі қалдырып отырған. Романтизм дәуіріндегі новелла 
жанрының  мазмұны  мистикалық  сипатта  болды,  ал  ақиқат  пен  болмыстың 
аражігі  Гофманның  «Құм  адамындағыдай»  кейіпкер  санасында  өшіріліп 
отырды.  Демек,  алғашында  тұрмыстық  анекдоттан  нәр  алған  классикалық 
новелла  үлгілерін  романтик  жазушылар  өзгертті  деуге  болады.  Оған  себеп 
болған  әрине  романтиктердің  эстетикалық  пайымы  мен  жанрлық 
формаларының  фрагментарлығы,  шек  жігінің  жойылуы,  тіркелмеуі  сынды 
орныққан пікірлері еді.  


16 
 
Новеллаға  баяндау  тәсілі  мүлде  жат  болды,  автор  ешуақытта  өзінің 
көзқарасы  мен  берген  бағасын  ашып  айтқан  жоқ,  оны  ұғып-түсінуді 
оқырманның өзіне қалдырды. Және әр уақытта философия мен психологизмнен 
бойын  қашық  ұстады,  тіпті  реализм  әдебиеті  нық  бекігенде  де  солай  болды. 
Кейіпкердің  ішкі  әлемі  мен  дүниетанымы  оның  әрекеттері  мен  ісі,  қылығы 
арқылы беріліп отырды. 
Реализмнің  дамып,  белең  алуына  байланысты  новелла  да  әдебиет 
сахнасынан  ығысып,  тасада  қала  берді.  Өйткені,  ХІХ  ғасырдағы  реализмді 
психологизм, суреттеу мен баяндаусыз елестету мүмкін емес болатын. Ал бұл 
новелла  жанрына  мүлде  жат  әдіс  болғандықтан,  жанр  ығысып,  үлгілерін 
жоғалта бастады. Әңгіме жанры осы кезде алға шықты. 
Қазақ  әдебиетіне  новелла  жанры  басқа  да  әдеби  жанрлар  секілді  (мысал, 
сонет  т.б.)  орыс  әдебиеті  арқылы  келіп  енді.  Ал  орыс  әдебиетіне  еуропалық 
әдебиет 
арқылы 
енді. 
Алғашында 
орыс 
новеллалары 
зерттеуші 
О.А.Державиннің  айтуынша,  классикалық  боккаччолық  новеллаларды  аудару 
арқылы  келді.  Аударма  новелланың  алғашқы  үлгісі  К.Н.Батюшковтың 
«Гризельда»  новелласы  болды.  1817  жылдың  10  шілдесінде  Н.И.Гнедичке 
жазған хатында жазушы аудару барысында Боккаччо мәнерін барынша беруге 
тырысқанын  жазады.  Дәл  осы  К.Н.Батюшков  арқылы  орыс  оқырмандары 
Джованни Боккаччо  новеллаларының үлгілерімен таныс болды.  
Орыс  әдебиетінде  новелла  жанр  ретінде  ХІХ  ғасырда  қалыптаса  бастады. 
Оған  мұрындық  болған  батысеуропалық  әдебиеттің  орыс  әдебиетіне  ықпалы, 
аудармашылық қызмет және орыс жазушыларының шығармашылық тәжірибесі 
сынды  факторлар  болатын.  Орыс  новелласының  көшбасында  А.С.Пушкин 
тұрады  («Белкин  повестері»).  Ал  кеңес  әдебиетінде  ХХ  ғасырдың  20-
жылдарында  новелла  жанры  өнімді  болды.  И.Бабель,  Ю.Олеша,  В.C.Иванов, 
М.Зощенко,  В.Катаев  сынды  новеллистер  халық  өміріндегі  стихияны,  яғни 
төңкеріс  орнатқан  өзгерістерді,  адам  психологиясы  мен  тұрмыс  өзгерісін 
жазды. 
ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  әдебиетінде  де  новелла  жанры  тез  бой  түзеп, 
шымыр  новеллалар  жазыла  бастады.  Бұл  кезеңде  қазақ  новеллистикасының 
көгіне шарықтап Б.Майлин шықты.  
Қазақ  әдебиетінде  новелла  жанрының  зерттеліп,  ғылыми  тұрғыдан 
пайымдалуы да көңіл көншітпейді. Неміс ағартушысы Гете «бұрын-соңды көз 
көріп,  құлақ  естімеген  тамаша оқиға  туралы  шындыққа  сыйымды  әңгіме»  деп 
таныған  жанрдың  расында  да  әңгіме  жанрымен  арасындағы  шек-жігі 
айқындалмай, әңгіме жанры басымдылық танытты. Күні бүгінге дейін новелла 
жанры қалыс қалып, қағажу көріп, әңгіме жанрының көлеңкесінде қалып келе 
жатқаны  жасырын  емес.  Қазақ  әдебиеттану  ғылымындағы  басты  теориялық 
еңбектерге шолу жасап өткеннің өзінде новелла жанрының теориялық тұрғыдан 
бағалануы,  жанрлық  ерекшеліктерінің  саралануы,  тарихы,  дамуы  сынды 
мәселелер  көңіл  көншітпейді.  Новелла  жанры  жөнінде  ғалым  А.Нұрқатов 
«Шағын  жанр  туралы»  (1957),  «Әңгіме  жайын  сөз  еткенде»  (1960); 
Н.Ғабдуллин,  М.Дүйсеновтер  мақалаларында  бірлі-жарым  ой  айтылады.  Бірақ 


17 
 
олар  новелланың  жанрлық  ерекшелігін  толық  талдап,  көкжиегін  белгілеп, 
жазушылар  алдына  тарта  алған  жоқ.  Теоретик  ғалым  З.Қабдолов  «Сөз  өнері» 
еңбегінде новелла жанры жайында бес сөйлеммен ғана жалпыға ортақ ақпарат 
берумен  шектеледі.  «Біз  новелланы  эпостың  шағын  түріндегі  даму  сырларын 
қатерге  алғандықтан  ғана  атап  отырмыз.  Әйтпесе,  новелла  біздің  дәуірімізде 
көркем әңгімемен ұласып, екеуінің ара жіктері жойылып бара жатыр. Әдебиет 
білімпаздарының  бірқатары  тіпті  бұл  екеуін  бір-бірінен  айыра  қарауға  қарсы, 
екеуін  бір  нәрсе  деп  түсіндіреді.  Сондықтан  біз  кей  реттерде  новелланың 
жанрлық  ерекшеліктері  болып  көрінетін  сюжеттегі  оқшау  шиеленіс,  оқыс 
шешім сияқты жайттарға арнайы тоқтап, айрықша мән бермей-ақ көркем әңгіме 
мәселесін пайымдауға көшеміз» деп, табиғаты жағынан бір-біріне етене жақын 
келетін әңгіме жанрына қарай ойысып кетеді [11,301]. 
Біздіңше, адамзат баласының өміріндегі ең бір маңызды кезең, санасын дір 
еткізіп, жарық түсірген тарихи кезең – Ренессанс дәуірінде туып, қалыптасып, 
жалпы  халық,  қоғам  емес,  жеке  адамдар  басындағы  оқыс,  оқшау  оқиғалардан 
туған новелла жанрының әдебиет тарихында өзіндік орны бар. Оның ең негізгі 
ерекшелігі де осында, ол жеке адамның басындағы жағдайға мән береді, әрбір 
адамның  дара  тіршілігі,  іс-әрекеті,  басынан  кешкен  оқшау  оқиғалары  мен 
кездейсоқ құбылыстарға мән беріледі. Шындығында әңгіме ғана емес, новелла 
–  қиын  жанр.  Адам  өміріндегі  ең  бір  елеулі,  оқшау  оқиғаны  таңдап  алу  да 
авторға оңай емес. Екіншіден сол оқшау оқиғаның өзі оқырман мүлде күтпеген 
финалда шешім табуының өзі қиыннан қиыстыруда талап ететін дүние. Көлемі 
шағын  дүниенің  ішінде  осынша  талаптарды  орындау  автордан  жинақылық, 
шеберлікті  ғана  емес,  ерекше  логиканы,  ұшқыр  ойлылықты  талап  етеді.  Және 
новелла бір оқылғаннан кейін оқырманына ұмытылмастай әсер ету керектігі де 
үнемі автордың басты назарында болып отырады.  
«Әдебиеттану.Терминдер сөздігінде» бұл жанрға: «көлем жағынан әңгімеге 
теңдес  прозалық  шығарма,  кейде  өлеңмен  жазылады.  Новелланың  әңгімеден 
айырмасы  – онда әдеттегіден тыс, өзгеше жағдай, ғажайып оқиға баяндалады. 
Оқиға  желісі  таң  қаларлықтай  қызықты  етіп  өріледі  және  тосын,  күтпеген 
жерден  аяқталады.  Қазақ  әдебиетінде  новелла  жазу  дәстүрі  С.Ерубаевтан 
басталады»  [35,253]  деген  анықтама  беріледі.  Новелланың  теориялық 
анықтамасына берілген анықтамаға қосыламыз, ал қазақ әдебиетіндегі новелла 
жазу  дәстүрінің  кімнен  басталатындығы  тәуелсіз  ел  әдебиеті  тұрғысынан 
жаңаша  бағытта  қарап,  бағамдауды  қажет  етеді.  «Қазақ  әдебиетінде  новелла 
жазу  дәстүрі  С.Ерубаевтан  басталады»  дегенді  асығыс  айтылған  пікір  деп 
санаймыз.  Мұндай  пікірдің  әдебиетімізде  қалыптасуына  новелланың  жанрлық 
ерекшелігі әлі күнге біз ізге түсіп, талданбағандығы себеп болып отыр.   
Новелла  мен  әңгіме  жанрының  бір-біріне  ұқсамайтын,  бірін-бірі 
қайталамайтын  жанрлық  ерекшеліктері  өмірдің  өзіндей  анық.  Новелла  көп 
уақыттан  бері  жазушыларды  қызықтырып  келгенімен,  әлі  күнге  дейін  өзіндік 
шек-жігі  ажыратылып,  айқындалып,  жанр  жөнінде  келісілген,  қалыптасқан 
ортақ  ұғым  жоқ.  Тіпті,  кей  зерттеушілер  әңгіме  мен  новелланың  жанрлық 
айырымын көрсетудің қажеті жоқ деп санайды. Мәселен, Е.Мелетинский өзінің 


18 
 
«Новелланың  тарихи  поэтикасы»  еңбегінде  «мен  новелланың  әңгімеден 
айырмашылығын айырып көрсету маңызды деп санамаймын» [36] деп жазады.  
Новелла  көлемі  жағынан  әңгімемен  шамалас,  повестен  ықшам,  суреттеу 
сипатында  келетін  прозалық  жанр.  Көлемі  жағынан  әңгімеден  шағын  келетін 
новелла  түрлері  де  кездеседі.  Новеллаға  өткір  сюжет,  қысқалық,  шешімнің 
күтпеген  жерден  болуы,  мазмұндау  стилінің  бейтараптығы  тән.  Бұл  жанрда 
қатысатын  кейіпкерлер  саны  шектеулі  (екі-үш),  адам  өміріндегі  маңызды 
оқиғаның  төңірегіне  құрылатын  болғандықтан,  сюжеті  өткір,  шымыр, 
шиеленісті  болып  келеді.  Оқиғаның  түйіні  күтпеген  жерден,  тосын  болады. 
Жанрлық  ерекшелігі  бойынша  новеллада  бір  ғана  оқиға  өріс  алады,  оның  өзі 
өткір  мәселе  болуы  тиіс.  Көп  жағдайда  символика  элементтері  кездеседі 
(әсіресе  шығарма  атауында).  «Новелланың  әңгімеден  басты  айырмашылығы  – 
сюжетінің  күштілігінде,  оқиғасының  қоюлығында,  адам  өмірінде  сирек 
кездесетін  қызықты  оқиғаға  құрылып,  сөз  өнерінде  тапқырлық  көрсетуінде, 
образдарының қайралған өткірлігінде» [8,144].  
Новеллада  көпсөзділік,  кейіпкердің  оқырманды  жалықтыратындай  ұзақ 
монологы кездеспейді. 
Зерттеуші  С.Асылбекұлы  новеллаға  «елгезек  жанр»  деген  баға  береді. 
Қаламгер М.Мағауин новеллистикасының көркемдік диалектикасын жан-жақты 
талдай  отырып,  ғалым  новеллаға  «прозаның  осы  көлемі  шағын  болғанымен, 
оқырманға  айтар  ойы  мен  сезіндірер  сезімін  экспресше  заулаған  замана 
ағымынан  қалыспай,  уақыт  пен  мезгілдің  тыныс-тіршілігін  іле-шала  суреттеп 
беріп  отыратын  елгезек  жанр»  [37,97]  екенін  танытумен  қатар,  оның 
ерекшелігін де  ашып көрсетеді.  
Новелланың бойында болмайтын қасиеттер қатарында баяндау, лирикалық 
шегініс  түріндегі  автордың  баға  берулері,  тақырыптың  көпмағыналылығы 
сынды нәрселерді айтуға болады. Мұнда астарлы ой, подтекст болмайды, бәрі 
анық,  көзбен  көріп,  қолмен  ұстағандай.  Басқа  жанрлардағыдай  бірнеше 
проблеманың  орын  алуы  да  новелла  жанрына  мүлде  жат.  Психологизм 
берілмейді,  әрекеттің  өзі  баяндалады,  нақтылай  айтқанда  кейіпкер  әрекетінің 
мотиві  баяндалмайды.  Бірақ,  бүгінгі  таңда  новелланың  жанрлық  сипаты 
өзгеріске  ұшырап,  психологизм  элементтері  дендеп  енгені  жұмыс  барысында 
тарқатылып айтылады. 
Новелла  мысал,  анекдот  сынды  шағын  фольклорлық  жанрлардың 
комбинациясы  мен  дамуының  нәтижесінде  пайда  болған.  Анекдоттан 
айырмашылығы  сюжетінің  комикалық  жағдайға  емес,  сентименталдық  немесе 
көп  жағдайда  трагедияға  құрылуында  болса,  мысалдан  айырмашылығы 
аллегория  мен  ақыл-өсиеттің  айтылмауында  деуге  болады.  Ал  ертегіден 
айырмашылығы  новеллада  қиял-ғажайыптың  кездеспеуімен  айқындалады. 
С.Ерубаевтың  қиял  элементтері  кездесетін  «Келесі  соғыс  туралы»  атты 
новелласын  зерттеуші  Т.Кәкішев  «қазақтың  ғылыми  қиялының  шырқау  биігі» 
[27,7]  ретінде  таныған.  Аталған  новелла  ол  қазақ  әдебиетіндегі  ғылыми 
фантастиканың  алғашқы  туындысы  ретінде  бағаланады.  Енді  қазақ 
новелласының көшбасында тұрған новеллистерге тоқталсақ. 


19 
 
Қазақ әдебиетіндегі новелла жанрының пайда болуын қалыптасқан көзқарас 
бойынша  С.Ерубаевтан  емес,  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  өмір  сүрген 
ақын,  жазушы,  ағартушы  Ыбырайдан  бастағанымыз  жөн.  С.Сейфуллин:  «...ол 
қазақ  әдебиетін  Европа  жолына,  өнер  жолына  бұрып  бастаған  ең  тұңғыш 
жаңашыл,  суретші  ақын»  [38,249]  деп бағалаған  Ыбырайдың  қазақ  әдебиетіне 
соны  сүрлеу,  тың  түрен  салғаны  бүгінгі  ғылым  үшін  жаңалық  емес. 
«Ыбырайдың  «Кел,  балалар,  оқылық!»,  «Өнер-білім  бар  жұрттар»  атты  оқу-
білімді,  техниканы  дәріптеген,  «Ей,  жігіттер»  атты  адамшылыққа  үндеген 
өлеңдері,  «Жаз»,  «Өзен»  атты  табиғатты  суреттеген  өлеңдері  және  осы 
бағыттардағы  толып  жатқан  қысқа,  мағыналы,  көркем  әңгіме-новеллалары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет