140
мақсат етеді деп әрине новелла басында мүлде ойламайды. Бірақ, автордың
жазушылық ерекшелігі де сол, ол оқырманын алдамайды, финалды бақытпен
аяқтау, оның авторлық ұстанымына қайшы. Ол өмір қандай, дәл сондай етіп
суреттеу арқылы оқырманын ойлануға, барлық нәрсені ақылмен, сабырмен
шешуге шақырады. Және автордың кейіпкерлері негізінен өмірде алдына
мақсат қойғыш, талапшыл, қиындықтан қорықпайтын, қолымен істегенді
мойнымен көтеруге дайын мықты жандар болып келеді. Қалқаш та сондай жан.
Ол алғашында өзін әкесінің қызметі үшін сүйіп, соның арқасында диссертация
қорғап, Алматының төрінен үш бөлмелі пәтер алуды ғана көздеп, өзін
айналдырып жүрген Қанмен қосылып, ауыл жігітінің хатын мазақ қып, күлкі
үшін оқып, қызық үшін жауап бергенімен, уақыт өте келе өз әрекетінің
орынсыздығын, өз табиғатына жат нәрсе жасап жүргенін пайымдайды. Қыздың
өмірлік серігім, жүрегімнің жартысы деп таныған адамының қандай екенін
автор мына детальдар арқылы ұғындырады: «Әкем жұмыстан босағасын,
етегіңді сүйіп, есегің болайын деп жүрген Қанмен бірте-бірте ауыл алыстап,
түбегейлі ат құйрығын кесісіп тындық. Ол бір доктордың өзінен екі-үш жас
үлкен қызына үйленді. Кешікпей, өзің білесің, соның арқасында кандидаттық
диссертация қорғап алды. Ал мен болсам, қалықтап ұшып бара жатқан құсқа оқ
тиіп, құлап түскендей, дел-сал, қансыраған халді басымнан жалғыз кештім.
Ақылдасар, сырласар ешбір ет бауыр жақын досым жоқ екенін сонда ғана
білген едім» [140,299].
Новеллада төрт қана кейіпкер бар. Бірі – Қалқаш, екіншісі – Қан, үшіншісі –
банкетке кездескен, Қалқаштың сырласы – журналист жігіт, төртіншісі – әрине
ақ көңілдің адал махаббатымен сағынышқа толы хат жазып жүрген Есен. Үш
жігіттің де адамдық келбетін автор хат арқылы, онда жазылған сөздермен
байланыстыра отырып, танытады. Қанның болмысын, екіжүзді, аярлығын,
қызғаншақтығын автор диссертация қорғап, банкет жасаған сәтінде
характерологиялық детальдармен шебер бере білген: «Ғылыми атағы өскен жас
жігітке бағышталған небір сүбе майы кере қарыс сөздер әркімнің аузынан
кертіліп-кертіліп шығып, жас ғалымның санасын кептеп-ақ жатыр. Келбетті де,
кербез жігіт осыншалық зор мадақтауларға
малтығып қалса да, жұлығынан
Достарыңызбен бөлісу: