131
«Көзі ойнақшыған қара әйел ыстықпен быршып, мұрнының ұшы тершіп
маңындағы әйелдердің бәрін ауыз жиғызбай күлдірумен болды.
- Қойшы, Биқасап, біреу естіп қалар, ұят-ты, - дейді бір әйел салмақты
кісімсіп.
- Е, несі бар, бозбаланікі бозбала болсын, сақалы желбеңдеп шалдарға не
жоқ! Солардың бір жиылысына да барып көргеміз жоқ қой, өмірімізде көрген
бір жиылысымыз екен, өзімізге жеке берсе қайтетін еді?! – дейлі әлгі қара әйел
Биқасап» [97,133]. Үлкен әлеуметтік проблема көтеріп тұрған әлеуметтік-
анықтауыштық деталь үлгісі. Заман ағымының адам санасына өзгеріс енгізіп,
оң әсер етіп, кешегі төмен етекті саналған әйел баласының да көзі ашылып,
болашаққа, теңдікке ұмтылуын білдіреді. Өз ойын ашық білдіруден
тайсалмайды. Тіпті осы деталь-диалог сюжеттік байланыс, тартыс, шиеленіске
жол ашып, кешегі сұлтан-билерді сыртқа шығарып жіберіп, бірнеше әйелдің
сауат ашу мектебіне жазылуымен новелла аяқталады.
Ы.Алтынсариннің шығармасындағы басты кейіпкер «Қыпшақ Сейітқұл
отыз үйлі тобырымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз
үй кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын деп ойға
қалды» деген сөйлемнен Қыпшақ Сейітқұлдың көшбасшы, ел арқа сүйейтін
сенімді ер, ел ағасы екені байқалады. Әңгіме Сейітқұлдың ойлануынан
басталуы әлеуметтік-анықтауыштық детальді білдіреді. «Бай баласы мен жарлы
баласындағы» «Жылағанмен еш нәрсе өнбес. Көшкен ауылды iздеп табалық»
деген Үсен сөздері оның ақылды, әр нәрсенің байыбына бара білетін, бар
жауапкершілік өз мойнына түскенін сезінген, мүсінген бала қалпын
танимыз. «Мен әкемнiң ұстағандарын көрiп едiм, – деп, манағы жұрттан тауып
алған қылдан есiп тұзақ iстедi де, оны апарып үйректiң ұясына құрды, бiр
шақпақ тас тауып әкелдi және шапанының бiр кiшкентай жыртылған жерiнен аз
ғана
мақта суырып алып, деген детальдар оның жарлы баласы екенін танытады.
О.Бөкей кейіпкері жөніндегі («Жасын» новелласы бойынша) «Менің
таңғалғаным: жоғары білімі бар Тойғанбайдың қоғамдық санадан екі сағаттық
лекция оқи алатыны, бірақ сөйте тұра қоғамдық еңбектен қашатыны» [140,]
деген әлеуметтік-анықтауыштық детальдар ісі мен сөзі үйлеспейтін, өзгеге
айтқан ақылын өзіне қолдана алмайтын жандардың бар екенін сездіреді.
Новелла табиғатының жанрлық ерекшелігіне сәйкес кейіпкер есімінің
«Тойғанбай» деп символдық тұрғыда берілуінің өзі көп жайдан хабар береді.
Автор Тойғанбай образы арқылы өмірде болып жатқан оқиғаларға, өзгерістерге
бейжай қарайтын, сау басының ғана амандығын тілейтін, ештеңеге
алаңдамайтын адамды суреттеген. М.Мағауиннің «Күтпеген кездесу»
новелласындағы «Қара бақырларын шығарып, билет алуға да шамалары
келмей, өкшелері жерге әрең тиіп, тұздау үшін күбіге салынған балықтай иін
тіресе, жыпырлап тұрған халық трамвай орталықтан аулақтаған сайын сирей
берді: жұрттың демімен сұрғылттана шаңытқан қос жармалы қызыл есік
топсасы тұтқырланып қалғандай, ортасынан әрең айрылып, қинала серпілген
бойда, әр аялдамада топ-тобымен түсіп жатыр, ал жаңадан кірушілер некен-
саяқ» [125,121] деген трамвай ішіндегі бір сәтті бейнелеу арқылы автор қала