Мінездемелік портрет – кейіпкердің мінезі жөнінде жан-жақты, толық
мәлімет беріледі.
Типтік портрет – кейіпкердің қандай да бір әлеуметтік тобы (әлеуметтік-
типтік портрет) немесе ұлты (этникалық портрет) жөнінде мәлімет беретін
белгілерді қамтиды.
Шарждалған портрет, яғни дәл келтіру – кейіпкердің жалпы нормадан
ауытқып, көзге ұрып тұратын ерекше белгілеріне тоқталу
Пейзаж – (француздың – paysage, pays – ел, мекен) – көркем туындының
маңызды және композициялық компоненттерінің бірі: табиғатты суреттеу,
кеңірек алғанда, сыртқы әлемнің кез келген ашық кеңістігін суреттеу.