Тарихи-мәдени деталь қызметі - жүріс-тұрыс тілі елдің, дәуірдің мәдени
фонымен қалыптасады, сол арқылы оның нормалары мен дәстүрі көрініс
табады. Жазушының шығармасы жүріс-тұрыс нормасының өзгеруі мен жаңа
форманың сақтап қалады.
Әлеуметтік-анықтауыштық деталь қызметі – персонаждың жүріс-
тұрыс, мінез-құлқына өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаның әсері болады,
бұл кейіпкердің әлеуметтік статусы жөнінде хабар береді.
Сюжеттік деталь - шығарманың авансценасына шығып, сюжетті
байланыстыру қызметін атқарады және тартысты ситуацияларды тудырушы
қызметін атқарады.