53
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы
т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді.
Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады.
Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады.
Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің
нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің
жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша
байланыстары жатады. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі деп атаған.
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктерін қарастырайық.
Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден
тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.
Кей кезде бұрынғы тәжірибемізде ұшыраған кейбір объектілердің жеке
бөліктері, шет жағасы ғана қабылданса да, біз бұларды тұтас зат формасында
қабылдаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: