7-сурет. Зейіннің қасиеттері.
Зейіннің аударылуы деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды
көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың
ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе жүйке процестерінің
өзгермелілігіне байланысты.
Адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін
зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі-үш нәрсеге бөле алады.
Зейінді бір уақытта түрлі объектіге бөлуге болатындығын арнаулы
зерттеулер көрсетіп отыр.
Зейіннің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның қамтитын объектілерінің
санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер
тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі.
Алаң болушылық деп белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді
ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Әр нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ
адамдардың зейіні көбінесе осындай болады.
Зейінділік дегеніміз не? Адам қолға алған ісіне көңіл бөліп, оны ыждағатты
істеуге әдеттенсе, зейін ол кісінің тұрақты ерекшелігіне айналады да,
зейінділікке ұласады. Мұндай адам байқағыш, жан-жағындағы жағдайларды
жақсы қабылдауға қабілетті болып қалыптасады. Сөйтіп, ол болып жатқан
оқиғаларды басқалардан терең түсініп, оған ерекше толғанатын болады,
ықыласы жоқ жұмысқа да зейінін тез жұмылдырып, көндігіп кетеді.
Қарапайым
адамдарға
қарағанда,
жазушылардың,
ғалымдардың,
өнертапқыш-тардың, ұстаздардың зейіндері жоғарылығымен ерекшелінеді.
Психолог Ф.Н.Гоноболиннің жазуынша: «Зейінділік – жан қуаттарына
белгілі өң бере отырып, адамды жеке тұлға ретінде сипаттайды. Егер біз
біреудің әрнәрсені білуге құмарлығын, тез түсінетінін, тапқырлығын, екінші бір
адамның белгілі бір нәрсеге ғана көңіл бөлетінін... әуестенетінін көрсек, біз
олардың мінез-құлқы мен темперамент ерекшеліктері зейінділік деңгейіне
байланысты деген қорытындыға келеміз. Зейінділік – адамның адамгершілік
Зейіннің қасиеттері
Көлемі
Ауысуы
Таралуы
Аңқаулығы
Тұрақтылығы
Флюктуация
(ауысуы)
Шоғырлануы
Алаңдауы
61
қасиеті болып табылады. Бұл оның басқа адамдарға ілтипатты қарым-
қатынасында,
кішіпейілділігінде,
өзгелерге
қамқорлығында,
қайырымдылығында, яғни әр кісінің өзіндік ерекшеліктерін, мұқтаждарын,
мүдделерін, қажеттерін түсіне білуден көрінеді. Керісінше, кейде адамның
басқаларға салқын қарауының, оларға назар салмауының себебі – олардың хал-
жағдайын, көңіл күйін байқамауынан, оларға көңіл аудармауынан болады».
Зейінді тәрбиелеу түрлі жолдармен жүзеге асады.
Өмір заңы: адам зейіні жақсы болса, ісі де табысты болады. Зейінділік –
жоғары жетістікке жетудің басты шарты. Психолог мамандар жақсы зейінді
болуды адамның қай нәрсеге де жан-жақты қызығуынан, тұрақты түрде назар
аударуынан қалыптасатындығын айтады. Психолог Б.М.Тепловтың айтуынша,
«Ырықсыз зейін іске тікелей қызығудан болады, ал ырықты зейін әрекет
нәтижесіне дәнекерлі жанама қызығуға байланысты, ал ештеңеге әуестеніп
қызықпайтын адам Хлестаков («Ревизор») зейінінің дәрежесінен аса алмақ емес.
Екінші, зейін дамыту үшін адам әруақытта қандай нәрсеге болса да зейін
тұрақтата алуға өзін дағдыландыра білу қажет. Зейін өзінің дегеніне көнетін
құралың болсын. Адамның иесі зейін емес. Зейіннің иесі адам болу керек.
Зейінді тәрбиелеудің үшінші жолы - өзіңді жағымсыз жағдайда да жұмыс
істеуге дағдыландыру. Көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштермен
күресуге әдеттенудің арқасында адам өзінің зейінін шынықтырып, оны мықты
және шыдамды етеді.
Төртінші шарт, ешуақытта зейін салмай жұмыс істеу керек емес. Абайсыз,
байқаусыз істейтін адам алаңғасар болып кетеді.
Ең ақырында, соңғы шарт – адам өз зейінінің өзгешелік-терін, оның мықты
және нашар жақтарын мүмкіндігінше жақсы білсін. Зейіннің кемістіктерін
толық жою үшін адам өзімен-өзі көп жұмыс істеуі керек. Бірақ, әуелі ол
кемістіктерді тауып алмай, бұл жұмысқа кірісуге болмайды»
Зерде дегеніміз не?
Ойлау қызметінің жоғарғы түрін білдіретін, пайымнан өзгеше
философиялық категорияны зерде деп атайды. Ежелгі философияда зерде мен
пайым «жанның екі қабілеті» ретінде бөлек қарастырылғаны мәлім. Ол заманда
пайым ойлаудың төменгі сатысы ретінде салыстырмалы қатыстылық, осы
дүниелік пен шектілікті түйсіндіріп, зерде абсолютті құдірет пен шектілікті
танып білуге бағыттайды деп есептелді. Әйгілі философ И.Канттың айтуынша,
зерде «бүкіл әлемді, дүниені қалайда толық білемін, оның мәнін ашамын» деп
өнбейтін іспен айналысады. Ал оны басқа ғалымдар «Кант зердеден бас тартты,
ендігі жерде ол ғылымды мойындамайды, діни сенімге ғана есік ашық деп
жариялайды», деп айыптады, осылайша зерде туралы пікір бұрыннан-ақ сан
қилы.
Медицина
ғылымдарының
докторы,
профессор
Х.Сәт-паеваның
түсіндіруінше, «Ми іс-әрекетінің ең тартымды құбылыстарының бірі – оның
қабылданған ақпаратты сақтау және еске түсіру, яғни зерделілік қабілеті. Зерде
дегеніміз – жүйкенің ақпаратты код түрінде сақтап, нақтылы бір жағдайда оның
қасиеттері мен көшірмесін өзгертпестен қайта жаңғыртуы. Зерде есте қалдыру,
сақтау және еске түсіру үдерістерінен тұрады».
62
Зерденің түрлері
Психолог ғалымдар зерденің екі түрі болатынын айтады. Олар:
1. Генотиптік зерде. Ол шартсыз рефлексті, ырық-сыз сезімді және
импритингті қалыптастырушы.
2. Фенотиптік зерде. Ол тірі ағзаның жеке дамуы кезінде иемденген
мәліметтерін
өңдеу
мен
сақтау
механизмін
жүзеге
асырады.
Зерде ақпаратты сақтау ұзақтығына қарай: қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді.
Және де адам зерде-сінің барлық түрі екіге бөлінеді.
Олар: 1 Қисынды - мағыналық, 2. Сезімді – бейнелік. Бұлардың біріншісі
ұғымдарға, екіншісі елестеуге сүйеніп іс жүргізеді, дейді мамандар. Есте сақтау
сипатына қарай фенотиптік зерденің түрлері: бейнелік, эмоциялық, шартты
рефлекстік зерде.
1. Бейнелік зерде. Бұл жүйке жүйесінде адамның, жануардың ұнамды
немесе зиянды тітіркендіргіштің бейнесін есте сақтауы.
2. Эмоциялық зерде. Бұл ағзаның ерте бастан кешкен эмоциялық (сезініс)
күйін, оны тудыратын жағдайларды өз тұрғысынан бағалауы.
3. Шартты рефлексті зерде. Бұл жануарлардың мәлімет сақтауындағы ең
негізгі түрі.
Зерде есте қалдыру, сақтау және еске түсіру үдерістерінен тұратындықтан,
біз енді ес туралы жалпы түсінікке, адамдардың есте сақтау қабілетінің, яғни,
зеректігінің құдіреттілігіне тоқталсақ.
Достарыңызбен бөлісу: |