6-сурет. Зейіннің жүйеленуі
Зейіннің түрлеріне тоқталайық.
Шәкірттің сабақты түсіне алмауы, есінде
дұрыс сақтамауы, қате жіберуі, адамның үйренген бір кәсібін меңгере алмай
орашолақтық жасауы тәрізді іс-қылық, оған жөнді зейін қоймауынан. Осыған
орай адам зейіні үшке бөлінеді.Олар:
1. Ырықты зейін. Оның әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау
арқылы жүзеге асырылады.
2. Ырықсыз зейін. Бұл да адам өмірінде елеулі орынға ие. Оған әртүрлі
жағдайлар мен себептер әсер етеді.
3. Үйреншікті зейін. Мұны адамның күнделікті әдетіне айналып кеткен
зейін деп те атайды. Оған арнайы күш жұмсау қажет емес.
Адам зейініне мынандай қасиеттер тән: тұрақтылық, бір нысаннан
екіншісіне
оңай
ауысушылық,
бөліну,
нысандарды
қамту
көлемі,
алаңдамаушылық және т.б.
Зейіннің негізгі қасиеттері
Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса,
оны зейіннің тұрақтылығы дейді.
Зейіннің жүйеленуі
Тегі
Іске асуы
Объектпен байланысы
Табиғи
Әлеуметтік
Еріксіз
Үйреншікті
Ерікті
Жанама
Тура
60
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтап алу арқасында адам істеп отырған
ісін тереңнен түсініп, оның әр түрлің байланыстарын анықтайды. Зейінді
тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеге алудың басты бір белгісі
болып табылады.