Қиял бейнелерінің адамның өміріне тигізетін әсері
А
да
м
н
ы
ң
м
ам
ан
ды
қ
м
әд
ен
и
ет
і
И
н
ди
ви
ду
ал
ды
л
ы
ғы
Нақты шыңдық
Адамның жалпы мәдениеті
Адамның әлеуметтік тәжірибесі
Ойлау операциялары
Абстрактциялау
Анализ
Синтез
Қиялдың бейнесі
Агглютинация
Акценттеу
Типизация
Гиперболизация
Шығармашылық іс -
әрекеті
83
қиял процесстері
П
си
хо
ло
ги
ял
ы
қ
қо
рға
у
м
ех
ан
из
м
де
рі
О
рга
ни
ка
лы
қ
пр
оц
ес
сте
р
Жағдайлық мінез-
құлық
Қиялдың
бейнелері
ҚИЯЛ
Белсеңді
Пассивті
Қайта жаңғыртушы
Шығармашылық
Қиял формалары
Арман
Фантазия
Түс көру
Ойлау тәжірибесі
ҚИЯЛДЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Прагматикалық
Психотерапиялық
Психодиагностикалық
Танымдық
Нақты іс-әрекет барысында
туындаған мәселелерді шешу
Психикалық және физиологиялық
процесстер мен күйлерді реттеу
Тұлғаның қасиеттерін зерттеу
Танымдық процесстерін зерттеу
84
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ
АҚЫЛ ОЙЫНЫҢ ДАМУЫ
4.1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ
Мектепке дейінгі жаста балалардың қарым-қатынас шеңбері кеңи түседі.
Балалар біраз есейе түскен соң шағын семьялық байланыстар шегінен шығып,
адамдардың аумақты тобымен, әсіресе қатар құрбыларымен араласа бастайды.
Сөйлесетін адамдардың көбеюі баладан ең бастысы тіл болып табылатын
қарым-қатынас құралын толық меңгеруді талап етеді. Баланың күрделене
түсетін әрекеті тілдің дамуына да жоғары талаптар қояды.
Тілдің дамуы бірнеше бағытта жүреді: басқа адамдармен араласу кезінде
оны іш жүзінде қолдану жетіле түседі, сонымен бірге тіл психикалық
процестерді қайта қараудың негізі, ойлау құралы болып табылады.
Мектепке дейінгі кезеңнің соңына қарай тәрбиелеудің белгілі бір жағдайда
сауаттылықты меңгеру үшін үлкен маңызы бар, тілді тек пайдаланып қана
қоймай, оның құрылысын да ұғына бастайды.
Мектепке дейінгі кезеңде тілдің сөздік құрамы өсе түседі. Сәбилік
кездегімен салыстырғанда мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қоры үш есе
өседі. Мұнда сөз қорының өсуі тұрмыс және тәрбие жайларына тікелей
байланысты; психикалық дамудың басқа кез келген салаларына қарағанда
мұнда жеке түр өзгерістері басымырақ.
Мектеп жасына дейінгі баланың сөздік қоры тек зат есімдердің және
шылау сөздердің есебінен де тез өседі. Егер бала грамматика заңдары бойынша
сөйлеудегі сөздерді тіркестіре білуді қатар меңгермесе, сөздік құрамының өз
бетінше өсуінің онша үлкен мәні болмаған болар еді. Мектепке дейінгі балалық
шақта ана тілінің морфологиялық жүйесі игеріледі, бала іс жүзінде жалпы
сипатта септеу мен жіктеудің типтерін үйренеді. Сонымен бірге балалар
құрмалас сөйлемдерді, жалғаулық шылауларды, сондай-ақ оның үстіне кең
тараған жұрнақтардың басым көпшілігін үйреніп алады.
Мектепке дейінгі жаста балалар сөздерді айтарлықтай жеңіл құрады, әр
түрлі жұрнақтар жалғау арқылы олардың мәнін өзгертеді.
Келтірілген мысалдан баланың тілдік мінез-құлқын, әр сөзден нақты затты
көретіндігін байқауға болады. Мысалы, ересек түр – үлкен жануар (бұлан), ал
оның түрі кіші, сондықтан да ол «бұланша», ал ересек түр – кішкене жануар
болса (шыбын), оның төлі де «бәрібір шыбын», яғни ол да сондай кішкене, яғни
кішірейту жұрнағын қолданудың қажеті жоқ.
Тілді үйрену баланың өзінің тілге деген ерекше белсенділігімен
анықталады. Бұл белсенділік баланың қолда бар үлгіден шығаратын сөз
құраулары мен сөз өзгертулерінен көрінеді.
Сөздің мәніне, сөздердің көрсететін шындығына бағдар ұстаумен қатар
мектеп жасына дейінгі балалар мәнінің қандай екендігіне қарамастан сөздің
85
дыбыстық түріне үлкен ынта қоятындығы байқалды. Олар көбіне сөздің түрін
әдейі өзгертеді, жаңа сөздер «ойлап табады», сөз ырғағын құрастыруға беріле
жаттығады.
Баланың тілге деген белсенділігі тек өлеңмен жазылған түрге ауысады,
бірақ бұл шынында ақындық шығармашылықтан әлі де әлдеқайда алыс.
Сөздердің дыбыстық түріне бағдар ұстау тек өлең құрылысынан ғана
білініп қоймайды. Мектепке дейінгі кіші жастағылар сөздердің бастапқы
түрлерін ескере отырып оларды өзгерте алады. Бала сөзді атау күйінде қалай
айтуына байланысты қалған септіктерде де осы сөзді өзгертетін болады.
Мектепке дейінгі ересек жастардағыларда «қосар» септеу жағдайлары
кездеспейді. Балаларда сөздердің дыбыстық түріне бағдар ұстаудың пайда
болуы ана тілінің морфологиялық жүйесін меңгеруіне себепші болады. Тілдің
дыбыстық жағы өте ертеден-ақ балалар әрекетінің мазмұнына айналады.
Мектепке беру алдында грамматиканың өте күрделі жүйесін үйреніп алады.
Бұл жүйеге тілде қолданылып жүрген синтаксистік және морфологиялық
тұрғыдағы ең нәзік заңдылықтар кіреді, міне, сондықтан баланың игеретін тілі
ол үшін шынында ана тілі болып шығады.
Тілдің мағыналық жағына бағыт ұстау да, сондай-ақ тілдің дыбыстық
жағына бағыт ұстау да сөздерді іс жүзінде қолдану мен өзгерту процесінде
жүзеге асырылады және белгілі кезге дейін сөздің дыбыстары мен оның мәнінің
арасындағы байланысты түсіндіруге жетелейтін сөйлеуді ұғына білумен
байланысты болмайды. Әйтсе де біртіндеп дами бастайтын стіл ерекшеліктерін
айыра білу қабілеті мен мұнымен байланысты келетін тілді ой елегінен өткізу
сөзді ұғына білу әрекеттеріне әкеп соғады. Бес жасқа толған балада сөздің
мәнін саралап білу және шығу тегін түсіндіру әрекеттері пайда болады. Бала бір
сөзді оған дыбысталу жағынан ұқсас сөзбен салыстыруға тырысады.
Сөзді жетерліктей терең ұғына білу мектепке дейінгі баблаларда тек
арнаулы оқыту жағдайларында қалыптасады.
Фонемалық естудің дамуы. Баланың фонемалық естуі тікелей тіл қарым-
қатынасының негізінде қалыптасады. Сәбилік кезеңнің соңына таман бала бір-
бірінен тек бір ғана ұяң және қатаң дыбыспен, немесе жуан не жіңішке
дыбыспен ғана ажырылатын сөздерді жақсы жіктейді. Сонымен бастапқы
фонемалық есту толықтай ерте жіктеледі. Әйтсе де сөзге дыбыстық талдау
жасауды, сөзді оны құраушы дыбыстарға ажыратуды, сөздегі дыбыстардың
ретін бала мектепке дейінгі жаста жеткеннің өзінде де біле бермейді. Тілдік
қарым-қатынас баланың алдына талдаудың мұндай жоғары түрлері
дамытарлықтай міндеттерді шеше алмайды. Сондықтан бес-алты жасар бала,
мысалы үш дыбыстан құралған сөздерге қарапайым талдау жасауға қиналады.
Балаларды сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйреткеннің өзінде тіпті
мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың өзі белгілі жағдайларда сөздердің
бірінші және соңғы дыбыстарын ажырата білетіндігі көрінеді, ал мектепке
дейінгі естияр жастағылар үшін ешбір айтарлықтай қиындық туғызбайды.
Сөздерді дыбыстық құрамын талдағанда бала оларды ерекше айтады, кейін
жеке аталуға тиісті дыбысты үн ырғағымен бөледі. Бес-алты жастан бастап
сөздің жеке дыбыстарын керекті дыбысты созып айту сияқты амалды үйренген
86
болса сөзге толық дыбыстық талдау жасай алады. Мұндай тәсіл балаларды
сөздің дыбыстық құрамына еркін бағдар жасай білуге үйретеді. Дыбыстарды
ырғағымен сөздің бастапқы үш әрпін дұрыс айтты, төртінші әріпке жеткенде
бала «ы» деп сыбырлап қалады. Бала топқа бұрылады да: «Жоқ, «ы» емес, «а».
Егер мұнда «ы» болса, «қағыз» болар еді, ал мұнда «қағаз» делінген. Сөйтіп
мектеп жасына дейінгі бала сөздерді сөйлеудегі қарым-қатынаста қалыптасып
қалған үйреншікті түрлерден бас тарта отырып сөздің дыбыстық құрамын білу
мақсатында сөйлеу білуге үйренуі мүмкін. Сөздер дыбыстық талдау жасай білу
оқу мен жазуды жемісті меңгеруге себепші болады.
Мектепке дейінгі жаста табысты өтетін тілді іс жүзінде меңгерумен
салыстырғанда сөйлеу әрекетінің өзін ұғына білуден тілдің сөздік құрамын
ұғына білу едәуір кейін қалады. Қарым-қатынас жасау нәтижесінде бала ұзақ
уақыт бойы тілдің сөздік құрамына емес, ол үшін сөз түсінуді анықтайтын
заттық жағдайға бағдар ұстайды. Бірақ сауаттылыққа үйрену арқылы тілдің
сөздік құрамын ұғынуды үйренуі қажет. Балалар сөйлемге арнайы
дайындықсыз тұтас жағдайды, нақты бір әрекетті немесе оқиғаны білдіретін
бірыңғай сөз жиыны ретінде қарайды.
Кейбір балалар сөйлемді ырғақтық-мәндік топтарға ажыратуға тырысады.
Әріптерді білетін немесе аздап оқи білетін балалар сөйлемдегі сөздерді
талдағанда өздеріне берілген сөйлемдерді дыбыстарға немесе буындарға бөледі,
кей жағдайларда олар сөздерді ажыратады.
Егер бала оқи бастаса, бұл жағдайда ол тілдің сөздік құрамын ұғына
бастайды. Әйтсе де тілдің сөздік құрамын ұғыну қабілеті өздігінен тым баяу
қалыптасады. Мектепке дейінгі жасқа толық жеткенде балалардың сөйлемдегі
сөздерді айқын ажырата білуіне мүмкіндік беретін арнайы дайындық, бұл
қабілеттің қалыптасуын едәуір жеделдетеді.
Мектепке дейінгі кезеңде дамитын тілдің негізгі қызметтерінің бірі –
қарым-қатынас жасау қызметі. Тіпті сәбилік шақтың өзінде бала тілді қарым-
қатынас жасаудың құралы ретінде пайдаланады. Әйтсе де ол тек жақын немесе
жақсы танитын адамдармен ғана қарым-қатынаста болады. Бұл жағдайдағы
қарым-қатынас ересектер мен бала қатысатын нақтылы жағдайдың себебінен
пайда болады. Қайсыбір әрекеттер мен заттарға байланысты нақты бір
жағдайдағы қарым-қатынас жасау ситуациялақ, сөйлеудің жәрдемі арқылы іске
асырылады. Бұл сөйлеу әрекетке байланысты пайда болған немесе жаңа
заттармен, құбылыстармен танысқандағы сұраулар, сұрауға берілген жауаптар,
немесе белгілі бір талаптар түрінде болады.
Ситуациялық сөйлеу әңгімелесушілерге толықтай анық, бірақ бөгде адамға
әдетте түсініксіз болады. Бала сөйлеуіндегі ситуациялық әр түрлі формадағы
болып келуі мүмкін. Сөйлеу «ол», «олар» деген сөздерге толы болады және де
әңгіменің ұзын ырғасына қарап бұл есімдіктердің кімге қатысты екенін білу
мүмкін емес. Сондай-ақ сөйлеуде үстеулер, ауызекі тіл шаблондары мол
болады, алайда бұлар сөйлеудің мазмұнын анықтай алмайды.
Диалогты сөйлемде баланың әңгімелесуші серіктесі одан айқын, мәнерлі
сөйлеуді, сөйлем құруын жағдайға онша байланыстырмауды талап етеді. Бала
төңірегіндегілердің
ықпалымен
ситуациялық
сөйлеудің
тыңдаушысы
87
түсінерліктей етіп құра бастайды. Бала біртіндеп шексіз қайталана беретін
өсімдіктердің орнына белгілі анық ойды беретін зат есімдерді енгізе бастайды.
Мектепке дейінгі жастағы балаларда кәдімгі сөйлеу құрылымы пайда болады,
бала әуелі өсімдіктерді «ол», «оларды» енгізеді, сосын барып баяндаудың анық
еместігін сезгеннен кейін есімдіктерді зат есім арқылы түсіндіре бастайды: «ол
(қыз) кетіп қалды»; «ол (сиыр) сүзді»... бұл – бала тілінің дамуындағы елеулі
кезең. Баяндаудың ситуациялық тәсілі тыңдаушысына бағдарланған
түсіндірулермен бөлініп отырады. Әңгіменің мазмұны жайындағы сұраулар тіл
дамуының бұл кезеңінде дәлірек және түсініктірек жауап беру ынтасын
тудырады.
Қарым-қатынас жасау ауқымының кеңеюіне, танымдық қызығуының
өсуіне қарай балаға контексті сөйлеу тән. Контекст жағдайды жеткілікті түрде
толық сипаттайды, бұл үшін осы жағдайды тікелей қабылдау шарт емес.
Кітептың мазмұнын айтып беру, қызғылықты факт жөніндегі әңгіме немесе бір
нәрсені сипаттау айқын баяндалмаса тыңдаушы оны түсіне алмайды. Бала
өзіне-өзі белгілі талаптар қоя бастайды және сөйлем құрауда соларды
қолдануға тырысады.
Бала контексті сөйлем құру заңдарын меңгере отырып ситуациялық
сөйлеуді пайдалануды да тоқтатпайды. Ситуациялық сөйлеу дәрежесі төмен
сөйлеу болып табылмайды. Тікелей араласу жағдайларында ересектер де оны
пайдаланады. Уақыт өте келе бала қарым-қатынас жасау жағдайлары мен
сипатына қарай бірде ситуациялық сөйлеу бірде контексті сөйлеуді толығарақ
және орынды түрде пайдалана бастайды.
Контексті сөйлеу жүйелі оқыту ықпалы арқылы меңгереді. Балалар
бақшасында балаларға ситуациялық сөйлеуден гөрі дерексіз мазмұнды
баяндауға тура келеді, ересектер сөзінен иеленетін сөйлеудің түрлері мен
әдістеріне деген қажеттілік пайда бола бастайды.
Бала сөйлеуінің ерекше типіне түсіндірме сөйлеу жатады. Мектепке
дейінгі ересек жастаға балаға құрбысына болашақ ойынның ойыншықтың
құрылысын тағы басқа көптеген нәрселерді түсіндіруге тура келеді. Тіпті сәл
ғана түсіндірудің өзі көбіне айтушы мен тыңдаушының өзара наразылығына,
дауласуына әкеп соғады. Түсіндірме сөйлеу әңгімеге қатысушының түсінуі
үшін ситуациялық басты байланыстар мен қарым-қатынасты бөлуде
баяндаудың белгілі ретін талап етеді. Байланысты сөйлеудің түсіндірмелі типі
балалардың коллективтік қарым-қатынастардың қалыптасуы мен ақыл-ойдың
дамуы үшін де айтарлықтай мәні бар.
Бір баланың екінші баланы жаңа ойынға тарту кезеңінде қолданылатын
түсіндірме байланыстырушы мектеп жасына дейінгі балалар көбінесе
ситуациялық сөйлеумен алмастырады.
Мектепке дейінгі ересек жастаға баладан түсіндірменің мәнін ашуды талап
ететін арнаулы жаңдайды жасағанда бала баяндауын тыңдаушы реакциясына
байланысты құрады, оның түсіндірмесінің мазмұнын өзге адамның толық
түсіне білуіне тырысады.
Қарым-қатынас жасау тілдің атқаратын басты, бірақ бірден-бір қызметі
емес. Мектепке дейінгі жаста баланың тілі оның күнделікті мінез-құлқын
88
бағыттау мен реттеу құралына айналатынын біз білеміз. Сөздің екінші қызметі,
міне, осында.
Сәбилік шақтағы баланың ойлауы оның іс жүзіндегі заттық әрекеттеріне
кіреді. Бұл ішінара баланың өтіп жатқан оқиғаға көзқарасын білдіретін лебізі,
ішінара әрекет пен оның нәтижелерін көрсететін сөз түрінде болады.
Баланың іс-әрекет үстінде пайда болатын және өзіне қарата айтылған сөзі
эгоцентрикалық сөз деп аталады. Мектепке дейінгі жас кезінде эгоцентрикалық
сөз өзгеріп отырады. Бұл айтылуға баланың не істеп жатқанын ғана емес, оның
іс жүзіндегі алдын ала ескертуші және бағыттаушы сөздер пайда болады.
Мектепке дейінгі ересек жасқа жеткен кезде эгоцентрикалық сөз кеми түседі.
Бала бұл кезде қасында ешкім болмаса, көбіне жұмысын үндемей істейді. Бұл
оның сөз негізіндегі ойлауының болмайтынын көрсетпейді. Эгоцентрикалық
сөз ішкі сөзге айналады және осы түрде өзінің жоспарлаушы қызметін атқарады.
Сонымен, эгоцентрикалық сөз баланың сыртқы және ішкі сөзінің арасындағы
баспалдақ болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |