4.2 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ СЕНСОРЛЫҚ
ДАМУЫ
Мектепке дейінгі балалық шақ баланың сенсорлық дамуының қарқынды
кезеңі болып табылады. Бұл кезде баланың заттар мен құбылыстардың сыртқы
қасиеттері мен байланыстарын, кеңістік пен уақыт бағдарлауы жетіледі.
Заттармен іс-әрекетте бала барған сайын оның түсін, түрін, шамасын,
салмағын, температурасын дәл бағалай бастайды. Музыканы қабылдауында
бала оның әуенін қадағалауды, дыбыстардың қатынасын жоғарылағанына қарап
бөлуді, ырғақтылықтың түрлерін аңғаруды үйренеді. Сөзді қабылдауында ұқсас
дыбыстардың айтылуындағы аса нәзік айырмашылықтарын есіте алады.
Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуының бір-бірімен
байланысты екі жағы бар. Біріншісі, заттар мен құбылыстардың әр түрлі
қасиеттері мен байланыстары жөніндегі түсініктерді меңгеру. Екіншісі,
қоршаған ортаны толықтай және жекелей қабылдауға мүмкіндік беретін
қабылдаудың жаңа әрекеттерін игеру.
Сенсорлық эталондар және оларды мектеп жасына дейінгі балалардың
игеруі. Сәбилік шақтың өзінде балада заттар әр түрлі қасиеттер жөніндегі
түсініктердің белгілі қоры жинақталады, бұл түсініктердің бірқатары үлгінің
орнына жүреді, қабылдау процесіндегі заттардың жаңа қасиеттерін бала осы
үлгімен салыстырады.
Мектепке дейінгі балалық шақта бала өзінің сенсорлық тәжірибесін
жинақтау нәтижесі болып табылатын заттық үлгілерді қолданудан көпшілік
қабылдаған сенсорлық эталонға ауысады. Сенсорлық эталондар дегеніміз –
қасиеттер мен қарым-қатынастардың әр түрінің негізгі жеке түрлері жөнінде
адамзатта қалыптасқан түсініктер. Бұлар адамзаттың тарихи дамуының
барысында пайда болған, адамдар оны үлгі, өлшем ретінде пайдаланады.
Адамзат бұларды әдеттегі жеке түрлерге келтіріп реттей біледі, бұл айналадағы
дүниені қоғамдық тәжірибе айнасынан көргендей қабылдауға мүмкіндік береді.
89
Сондай-ақ кез келген заттың пішінін белгілі геометриялық фигураға
ұқсастыруға немесе кеңістіктегі белгілі тәртіппен орналасқан осындай бірнеше
фигураның үйлесімі ретінде қабылдауға болады. Мұнда әңгіме сөз түрінде
бейнелеуде болып отырған жоқ, біз заттардың қасиеттерін өзімізге таныс
үлгілердің жеке түрлері мен үйлесімі ретінде қабылдаймыз. Эталонның әр түрі
жеке үлгілердің жай ғана жиыны емес, берілген қасиеттің жеке түрлері белгілі
бір тәртіппен топталған, айқын белгілері бойынша дәлме-дәл ажыратылатын
жүйе болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсорлық эталонды игеруі балалар
бақшасының бағдарламасына сәйкес геометриялық фигуралармен, түстермен
танысудан басталады. Мұндай танысу негізінен тиімді іс-әрекеттердің көптеген
түрлерін меңгеру процесінде өтеді. Егер тіпті баланы қасиеттердің жеке
түрлерін көпшілік қабылдаған үлгілерге сәйкес ажырата алуды үйретпегеннің
өзінде бала сурет салу, құрастыру мозаика мен жапсырманы салғандағы
материал қолдануында қажетті үлгілер болады.
Көпшілік қабылдаған эталондарды меңгеруге қажетті жағдайлар алғашқы
рет әрекеттің тиімді түрінде жасалады. Бұл баланы материалды бірнеше рет
тексеруге мәжбүр етеді, түр-түсін, кубик формаларын есте сақтауына тура
келеді. Түрлі заттардың бейнелерін жасағанда балалар әр жолы да сол бір түсті
кубиктерді, мозаика элементтерін пайдаланады, олардың қасиеттері көптеген
заттардың қасиеттерімен қанастылылығы айқындалады да біртіндеп үлгілердің,
эталондардың мәніне ие бола бастайды.
Арнайы ұйымдастырылған сенсорлық тәрбиесіз-ақ әдетте балалар тек
кейбір, мысалы дөңгелек пен квадрат формалары, қызыл, сары және жасыл
түсті эталондарын игереді. Мектеп жасына дейінгі балалар үшбұрыш, сопақша
сияқты форманы, қызғылт-сары, күлгін түс туралы түсініктерді едәуір кеш
меңгереді.
Кейбір эталондар ғана игерілгенде бала заттардың осы эталонымен сәйкес
келетін қасиеттерін өте анық және дәл қабылдайды, ал эталоны әлі игеріліп
болмаған өзге жеке түрлер қасиеттерін тиянақсыз және көбіне қате қабылдайды.
Белгісіздеу қасиеттер меңгерілген жуықтағандау, соларға теңелгендей болады.
Дәл сондай-ақ сары және қызыл түстер жөнінде түсінігі жоқ балалар қызғылт
сары заттарды сары және қызыл түстер түрінде қабылдауға бейім тұрады.
Меңгерілген эталондар олардың жай тек атауларына ғана емес, ең алдымен
қасиеттерді қабылдаудың өзіне ықпал ететіні балаларға үлгіге сай дәл сол түсті
заттарды үнсіз таңдау ұсынылғанда тәжірибелерде байқалады. Мектепке
дейінгі үш жастағылар көптеген жағджайларда сары түсті үлгі бойынша тек
сары заттарды, ал қызғылт сары түсті үлгі бойынша қызғылт сары түсті де,
сары түсті де таңдайды, көк түсті үлгі бойынша тек қана көк түсті көгілдір түсті
де, көк түсті де таңдайды. Бұл әсіресе, алдымен балаларға үлгіні көрсетіп, кейін
оны жасырып қойып таңдауды ойша жүргізген жағдайда айқын көрінеді. Бұл
фактілерді балалардың сары мен қызғылт сары көк пен көгілдір түс арасын
ажырата білмейді деп түсіндіруге болмайды. Таныс түс үлгісі бойынша таңдау
дұрыс жүргізіледі, ал аз таныс үлгі бойынша қателіктері болады. Мұның себебі
– балалар мысалы сары үлгіні алғанда оны өзіндегі эталонмен арқатынасын
90
ажыратады да, сары түс деп таниды. Мұнан кейін олар сары заттарды таңдап
ала бастайды, қалғандарын түсін жете тексеріп жатпай-ақ «ондай емес» деп жай
шетке ығыстырады. Қызғылт сары түс баланы қиын жағдайға қалдырады.
Қызғылт сары түс жөнінде оның түсінігі болмағандықтан бала оның орнына
өзінде қалыптасқан эталондарға бәрінен жуығырақ келетін сары түсті
пайдаланады. Сондықтан бала үлгіге сәйкес қызғылт сары түсті де және үлгіге
сәйкеспейтін бірақ таныс эталонға сәйкесетін заттарды да таңдайды.
Әрекеттің тиімді түрлерін күрделендіру нәтижесінде бала біртіндеп форма
мен түстің жаңа эталондарын игереді және шамамен төрт-бес жасқа жеткенде,
олардың біршама толық жиынын меңгеріп алады.
Заттардың шамасы жөніндегі түсініктерді бала үлкен қиындықпен
меңгереді. Форма мен түстің эталондарына қарағанда, шаманың көпшілік
қабылдаған эталондары шартты сипатта келеді. Бұған адамдардың саналы
қолданатын өлшемдері (сантиметр, метр) жатады. Өлшемдер жүйесі және
оларды пайдаланудың жолдары, әдетте, мектепке дейінге балалық шақта
меңгерілмейді. Мектеп жасына дейінгі баланың шаманы қабылдауы басқа
негізде дамиды. Олар заттардың шама жағынан қатынастары жайлы
түсініктерді меңгереді. Бұл қатынастар зат басқа заттар қасына қандай орын
(үлкен, кіші, ең үлкен тағы басқалар) алатындығын көрсететін сөздермен
белгіленеді. Әдетте мектепке дейінгі жастың бас кезінде балаларда бір мезгілде
қабылданатын қос зат арасындағы шама қатынасы туралы ғана түсінік болады
(үлкен-кіші). Оқшауланған заттың шамасын бала анықтай алмайды, өйткені
оның өзге заттар арасындағы орнын ойда келтіруі қажет. Мектепке дейінгі кіші
және естияр жастағы балаларда үш зат арасындағы шама қатынасы туралы
түсініктер (үлкен, кіші, ең кіші) қалыптаса бастайды.
Балалар кейбір өздеріне таныс заттардың үлкенділігі мен кішілігін
олардың өзге заттармен салыстыруға байланыссыз ақ анықтай бастайды.(«піл -
үлкен», «шыбын – кіші»).
Бес жасар бала түс пен форманың жеке эталондарын меңгеру арқылы
олардың арасындағы байланыстар мен қатынастарды, заттардың қасиеттернің
өзгеруіне әсер ететін белгілері туралы түсініктерді игеруге көшеді. Үлкендердің
жәрдемімен арнаулы ұйымдастырылған әрекетте бір ғана форманың өзі
бұрыштарының шамасы, осьтері мен қабырғаларының арақатынасы жағынан
түрлене алатынын, түзу сызықтарды қисық сызықтардан бөле отырып
формаларды топтастыруға болатындығын балалар меңгеріп алады. Мұнда
форманың сенсорлық эталондарының жүйесі геометриялық фигуралардың
математикада берілетін ғылыми бөлінуінен басқаша болады. Ал, егер де
геометрияда дөңгелек – сопақшаның жеке бір түрі, квадрат төртбұрыштың жеке
бір түрі ретінде көрінетін болса, сенсорлық эталондар ретінде бұл
фигуралардың бәрі «тең праволы», өйткені олардың бәрі де тең дәрежеде
белгілі бір заттар тобының формасы туралы түсінік береді.
Түстер туралы түсініктерді жетілдіру спектрдің түстік (тон реңктерін)
меңгеруге жеткізеді. Бала әр түс мөлдірлігі жағынан өзгертетіндігін, түстер
көзге ұнамдылығы және ұнамсыздығы жөнінен топталатынын біліп алады,
91
жұмсақ, көзді тартарлық түстердің баттиған, қарама–қарсы түстерге
ұштасуымен танысады.
Баланың затты түрлі шамадағы өзге заттармен салыстыруынан шама
жөніндегі түсінік байиды. Балаларда шаманың жалпы эталондарының басқа
олардың ұзындығы, ені, биіктігі сияқты жеке өлшемдері жөнінде түсініктер
қалыптасады.
Барлық осы түсініктерді балалар нақты іс–әрекет процесінде төңірекке
күнделікті бағдар тұтудың нәтижесінде меңгереді және әрдайым сөз арқылы
бейнелене, ұғыныла бермейді. Сенсорлық эталондарды меңгеру заттардың түсі
мен формасына ғана қатысты емес, заттар мен құбылыстардың өзге
қасиеттеріне де қатысты болады. Мысалы, мектепке дейінгі жастағы балалар
тіл арқылы қарым–қатынаста ана тілінің дыбыс жүйесіне сәйкес келетін
үлгілерді, музыкалық іс–әрекет процесінде дыбыстың биіктігі мен
ырғақтылығы қатынастарының үлгілерін т.б. үйретеді.
Балаларды сенсорлық эталондардың көптеген түрлерімен және оларды
жүйелеумен тетелес таныстыру – мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлық
тәрбиелеудің басты міндеттерінің бірі. Мұндай таныстырудың негізінде әрбір
қасиеттің негізгі жеке түрлерін тексері мен есіне сақтау балалардың іс–
әрекеттерін ұйымдастыру жатыр. Осы жеке түрлер эталондар мәніне ие болуы
тиіс. Қасиеттердің жеке эталондары жөніндегі түсініктердің қалыптасуы
балаларды сурет салуға, жабыстыру ісіне, құрастыруға, музыка сабақтарына
үйрету, яғни, бала қабылдануға барған сайын күрделілірек міндеттерді қоятын
және сенсорлық эталондарды меңгеруге бейімдейтін жағдайлар туғызатын іс–
әрекет түрімен тығыз байланысты.
Балаларды сенсорлық эталондармен таныстыру – заттардың қсиеттерінің
негізгі жеке түрлерін білдіретін сөздерді баланың есінде сақтауын
ұйымдастыру болып табылады. Атау сөз сенсорлық эталонды белгілейді, оны
баланың есінде бекітеді және ұғынарлықтай әрі дәл қолдануға болатындай
мүмкіндік береді. Бірақ бұл эталон атайуары – баланың тиісті тексеру және
қолдануда өзіндік іс–әрекет негізінде қабылданғанда ғана болады. Балаларға
геометриялық формалардың, түстердің, шамалар қатынасының жеке түрлерін
тек қана көрсетіп, олардың аттарын есте сақтауға жеткен жағдайларда, тіпті
дұрыс қолданылатын сөздің өзі мектеп жасына дейінгі баланың ұғымдары мен
қабылдауларын жетілдіруге себепші бола алмайды.
Мектепке дейінгі жас ішінде балаларды сенсорлық эталондармен
таныстыру біртіндеп тереңдей түседі. Біріншіден, балаларды барған сайын
эталон қасиеттернің ең нәзігірек жеке түрлерімен таныстырады. Спектр
түстерімен танысудан олардың ренктерімен танысуға, негізгі геометриялық
фигуралармен
танысудан
олардың
осьтерінің,
жақтарының,
бұрыш
шамаларының ара қатынасына байланысты түрленулерге және тағы да басқа
заттардың жалпы шамаларының өзара қатынасымен танысуға көшу осылайша
басталады. Екіншіден, балаларды үлгілердің арасындағы байланыстар және
қатынастармен атап айтқанда спектрдегі түстердің орналасу ретімен, ашықтығы
бойынша реңктер өзгерісінің жүйелілігімен, түс тондарын ұнамдыларға және
ұнамсыздарға топтаумен, түстердің көруге жайлысының және баттиған қарама–
92
қарсыларының ұштасуымен; фигураларды дөңгелектерге және түзу сызықтарға
бөлумен, бір фигураларды екінші фигураларға түрлендіру мүмкіндігімен,
олардың пропорциялық өзгерістері жүйелілігімен, заттардың жалпы шамалары
мен жеке ұзындық бағыттарының кемуі немесе өсуі бойынша біріктіру тағы
басқаларымен таныстырады.
Қабылдау іс–әрекеттерінің дамуы. Сенсорлық эталондарды меңгеру
заттардың қасиеттеріне баланың бағдарлануы дамуының тек бір ғана жағы.
Біріншіден тығыз байланысты екінші жағы – қабылдау іс–әрекетін жетілдіру.
Бала мектепке дейінгі шақта сәбилік шақта қалыптасқан қабылдау іс–
әрекетін меңгере отырып өседі. Бірақ бұл іс–әрекеттер әлі тым жетілмеген
күйде болады. Бұл әрекеттер бала іс–әрекетінің жаңа түрлерін бағыттап және
реттеп алдымен заттардың, шама жағынан қатынастарының, формаларының,
түстерінің жеке ерекшеліктерін көз алдына елестету қажет болатын табысты
тапсырмаларды орындауға, заттарды күрделі қасиеттерін жекелей қабылдауға,
олардың айқын да дәл бейнелерін жасауға мүмкіндіктер бере алмайды. Заттық
іс–әрекеттердегі заттардың қасиеттерін есепке алу үшін жеткілікті болатын
қабылдаудың сол бір дәлдігі мен даралары табысты іс–әрекеттер үшін мүлде
жеткіліксіз болып шығады.
Мектепке дейінгі кішкентайларға жалпы нұсқасы мен ішкі бөлшектері бар
күрделі емес фигураға қарап сурет салу ұсынылды. Ол жалпы нұсқасын немесе
бөлшектерін жақсылы–жаманды етіп сала алады, бірақ та ол екеуін де,
бейнелеуге онша тырыспайды. Үлгі бойынша текшелерді құрастыру процесінде
белгілі форма мен өлшемдегі текше жетпей қалады. Егер таяу орында ретсіз
үйіліп жатқан текшелерді көре қалса, бала керекті текшені біршама оңай тауып
алады, әйтсе де қажетті текше басқа құрастыруда тұрса (балаға оны бұзуға
рұқсат етілсе де), бала ол текшені көрмейді, сөйтіп бөлшекті бүтіннен ажырата
алмайтын болып шығады. Бұл екі мысалдан заттық іс–әрекетпен байланысты
балада қалыптасқан қабылдау әрекеттері тым жалпы үлгілерді жасай білуге
келтіргенімен затты жүйелеуге және толықтай тексеруге, оның бөлшектері мен
белгілерін бөле білу мүмкіндіктерінің бола бермейтінін көрсетеді.
Мектепке дейінгі бала ішінде қабылдау әрекеттерінің өзгеруі туралы әр
түрлі жастағы балалар тобының өздері үшін жаңа заттармен танысуын байқап
отырып қорытынды шығаруға болады. Мектепке дейінгі үш жастағы
балалардың қолдарына жаңа затты беріп, оның қандай екенін және не қызмет
атқара алатындығын анықтауды сұрағанда, олар бірден затпен әрекет жасай
бастайды. Олардың затты қарау және ұстап көруге әрекеттенулері байқалмайды:
заттың қандай екендігі жөніндегі сұрақтарға балалар жауап бермейді. Төрт
жастағы балалар затты қарай бастайды, бірақ мұны тиянақсыз, жүйесіз істейді,
көбіне қол әрекетін жасауға көшеді. Заттарды ауызша сипаттағанда бір–бірімен
өзара байланыстырмай олар тек жекелеген бөліктер мен белгілерді атайды.
Бес, алты жасар балаларда заттарды неғұрлым жоспарлы да тұрақты
тексеру мен сипаттау пайда болады. Қолдарына алған затты олар олай–бұлай
аударып төңкеріп қарайды, оның бірсыпыра ерекшеліктеріне назар аударып
сипап көреді.
93
Қабылдау іс-әрекеттерін оқыту да сенсорлық эталондармен таныстыру
сияқты балаларды іс-әрекеттің жемісті түрлеріне үйретумен байланысты
өткізіледі. Мұндай үйрету іс-әрекеттердің түрлерін байыта түседі. Сонымен
бірге заттардың қасиеттері және олады тексеру тәсілдерімен балаларды жүйелі
таныстыру үшін арнаулы сабақтар да енгізеді, біртіндеп күрделендіре түсетін
дидактикалық ойындар мен жаттығулардың жүйесін пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |