2.3 Академиялық адалдық қағидаттары:
1) адалдық – білім беру үдерісі субъектілерінің өз
міндеттерін мұқият орындауы.
2) автордың және оның құқық мирасқорларының
құқықтарын қорғау – авторлықты тану және басқа біреудің
сөзін, ойларын дұрыс жеткізу және бағаланатын жұмыстарда
ақпарат көздерін көрсету арқылы авторлық құқық объектісі
болып табылатын туындыларды қорғау;
3) ашықтық –білім беру үдерісіне қатысушылардың
арасындағы айқындық, өзара сенім, ақпаратпен және идеялармен
алмасу;
4) теңдік – білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің
құқықтары мен бостандықтарын өзара құрметтеу, білім беру
үдерісіне қатысушылардың осы Ережені сақтауы және оны
бұзғаны үшін тең жауапкершілікке тартылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |