1. Жалпы ережелер
Академиялық адалдық ережесі 2008 жылғы 18-наурыздағы
№ 125 Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін
ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау
өткізудің Үлгілік ережелерінің талаптарына (07.04.2017 ж.
берілген өзгерістер мен толықтырулармен), академик Е.А.
Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Корпоративтік этика кодексіне
сәйкес жасалған.
1.1. Осы ереже академиялық адалдықтың негізгі ұғымдары
мен қағидаттарын, оларды қолдану мақсаттары мен міндеттерін
айқындайды, білім беру үдерісіне қатысушылардың академиялық
адалдықты сақтау бойынша құқықтары мен міндеттерін
белгілейді, академиялық адалдықты бұзу түрлерін және олар
жасалған жағдайда шара қолдану тәртібін анықтайды.
1.2. Академиялық адалдық ережесін қабылдау мамандарды
сапалы даярлау, Университет миссиясы міндеттерін жүзеге
асыруға ықпал етеді.
1.3. Академиялық адалдық ережесі білім алушылар,
профессор-оқытушылар құрамы, әкімшілік-басқару және оқу-
көмекші персоналы тәрізді оқу үдерісіне қатысушылардың
барлығы үшін бірыңғай болып табылады.
1.4. Қазақстан Республикасында білім беру қызметін
реттейтін нормативтік актілер, Университет Жарғысы мен оның
даму стратегиясы өзгертіліп, білім беру бағдарламаларына
қойылатын талаптар қайта қаралған жағдайда Ереже қайта
қаралуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |