Студенттің орташа балы (GPA). Рейтинг. Бақылау.
Студенттің үлгерімі бойынша орташа балл есептеледі.
(GPA), оның ең жоғарғы көрсеткіші 4,0 балды құрайды.
Орташа балл студенттің қорытынды нәтижесі бойынша
шығарылады. Өз кезегінде нәтиже балдық-рейтингілік жүйе
бойынша бағаланады. Рейтинг – бұл балдық көрсетілімдегі
студент қызметінің бағасы. Рейтингтік жүйені оқу үдерісінде
дұрыс қолдану студенттің білімін, қабілетін, дағдыларын және
жүйелік еңбегін бақылау әділдігінің артуына ықпал етеді, бұл
алған білімнің беріктігінің кепілі болып табылады.
Студенттің оқу блогы ағымында әр түрлі жұмыстарға
қатысқаны үшін алған балдарының сомасымен анықталатын
рейтинг білім беру сапасының жалпы көрсеткіші ретінде
танылады.
Студенттердің білімін үздіксіз рейтингілік бақылау оңтайлы
үйлесімі өзара байланысты бақылаудың үш түрін құрайтын
кезеңдерден өтеді: ағымдық, аралық және қорытынды.
Бақылаудың әр түрі үшін студент белгілі балл жинауы керек,
олардың жиынтығы қорытынды бағаны (қорытынды рейтинг)
қалыптастырады.
Студенттер
білімінің
деңгейін
анықтау
мақсатында
56
бақылаудың рейтингілік жүйесі қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |