Студенттерді бақылаудың түрлері:
Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау (АғБ) –
студенттердің білімін академиялық кезеңде кесте бойынша
оқытушы өткізетін дәрісханалық және дәрісханадан тыс
сабақтардың кәсіптік оқу бағдарламаларына сәйкес тексеру
жүйесі.
Ағымдық бақылау лектор ассистенті, лектор арқылы
академиялық кезеңде жүзеге асырылады.
Ағымдық бақылау кезінде студенттердің жетістіктері пәннің
негізгі бөлімдерін оқуды аяқтау мен кредиттер көлеміне сәйкес әр
орындалған тапсырмаға 100 балдан бағаланады. Сонымен қатар
жұмыстардың бір түрі академиялық кезең бойы студенттердің
белсенділігін бағалауға бағытталған.
Ұсынбалы жұмыс түрлері: коллоквиум, реферат, жоба, эссе,
блиц-сұрақ, шығарма, шығармалық диктант, бақылау жұмысы,
рөлдік ойын және т.б.
Аралық бақылау (АрБ) бір оқу пәнінің жырағында бір
академиялық кезеңде екі реттен кем өткізілмейді.
Студенттердің білімін аралық бақылау 100 баллдық
шкаламен бағаланады және академиялық кезеңнің 6-8 аптасы
(АрБ1) және 11-13 аптада (АрБ2) лектор арқылы жүзеге
асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |