Қазақ тілінің пунктуациялық


әйтеуір, бұған дейін жекіп көрген жоқ еді. Мысалы



Pdf көрінісі
бет12/44
Дата07.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#17625
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44
Байланысты:
Тыныс-белгі-ереже

әйтеуір, бұған дейін жекіп көрген жоқ еді. Мысалы, Омбының сол кездегі зор 

үйі  –  Омбы  темір  жолының  басқармасы  –  Қызылжарда  жоқ  (С.Мұқанов). 

Сөйтіп, ол Кішкене Кентай атанып кетті (М.Ғабдуллин). 

в)  Тыңдаушының  назарын  аудару  үшін  айтылатын  сөздер:  айталық, 



өздеріңізге  мәлім,  көріп  отырсыз,  шынында,  міне,  әне,  қане,  байқаймын, 

байқайсыз ба  т.б. Мысалдар:  Шынында,  бүгін болмаса ертең, ертең болмаса 

бүрсігүні айырылуға тура келетіні анық сезілуші еді (М.Горький). Байқаймын, 

ол мені танитын адамға ұқсайды (М.Иманжанов). Бұған, айталық, тағы да екі 

литр су құямыз. Қасыңдамын, міне, келдім. 

§42. Не, немесе, қалай, ендеше, осы сияқты сөздер де сөйлем мүшесі болмай, 

айтушының  (автордың)  белгілі  бір  сезіміне  байланысты  қолданылғанда, 

қыстырма сөз ретінде үтірмен бөлінеді. Мысалы: Не, бәрің осы баланы мүйіздей 

бересіңдері  (Ғ.Сыланов).  Бүгін  қойды  кеш  сауып  болған  ба,  немене,  ымырт 

жабылып  қалыпты.  Арысыңды,  ендеше,  арыстан  жеді.  Қалай,  құлағың 

ашылды ма? (М.Әуезов) 

§43.  Сөйлемдегі  сөздермен  синтаксистік  байланысы  жоқ  қыстырма 

сөйлемдер  көбінесе  үтірмен  бөлінеді:  Ұмытып  барады  екем,  жуырда  елінен 

Әміржан келіп қалды. Сол ниетпен кірсем,  неге  екенін  кім  білсін,  мені елеген 

адам  болған  жоқ  (С.Мұқанов).  Осы  кезде,  Құнанбайға  Жексен  шаққан  болу 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет