Қазақ тілінің пунктуациялық



Pdf көрінісі
бет8/44
Дата07.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#17625
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44
Байланысты:
Тыныс-белгі-ереже

 

 

 

Үтір  

 

§30.  Сұраулық  мағынасы  бар  бірыңғай  сөз  тіркестері  ерекше 

интонациямен айтылмаса, араларына үтір қойылады: Желдің суылы ма, оқтың 

зуылы ма – құлағымды жанай әлдене ысқырып өтіп жатады (С.Мұқанов). 



§31. Егер деп-тен кейінгі етістік төл сөздің айтылуынан соң  болатын істі 

білдірсе, деп-тен кейін үтір қойылады: 

– Тұр! – деп, біреу қаттырақ дауыспен оятты (С.Мұқанов). 

– ...Бірақ ондай-ондай сән табылар, ән табылмайды ғой! – деп, шімірікпей 



күлді де, жастарға қарай бұрылды (М.Әуезов). 

– Бір сағаттан кейін сыртқа шығарсың, Сикорскийдің конторына кел, – деп, 

кейін қарай бет алды (Ғ.Мүсірепов). 

 



Ескерту:  Төл  сөз  бен  автор  сөзін  байланыстырып  тұрған  деп етістігінен 

кейін төл сөзге қатысты етістік келсе (деп сұрады, деп ойлады, деп үн қатты, деп 



айғайлады, деп сыбырлады т.б.), деп-тен кейін үтір қойылмайды. Мысалы: 

Абай Асылбайдан: 

– Қалада не хабар бар? – деп сұрады (М.Әуезов). 

«Егер Амантай аман болса, кескіні маған ұқсайды, мен інісі едім дейін», – 

деп ойлады ол (С.Мұқанов). 

 

§32.  Төл  сөзден  кейін  де  етістігінің  десе,  дегенмен,  дегенде,  деген  соң, 

дегенше, дегеннен кейін, деді де тұлғалары тұрса, бұлардан соң үтір қойылады. 

Бұлардан кейінгі сөздер автор сөзі болмай, төл сөз болса, қос нүкте қойылады.  

Мысалы:  Бозторғайды  аяған  жұрт:  «Бұ  бишара  неге  төмен  қарай 

ұмтылмайды,  неге  жоғарылай  береді?»  –  десе,  біреу:  «Төмендесе-ақ  қағып 

түспей ме тұрымтай, соны біліп жоғарылап барады», – дейді. 

Балалар: 

–  Айдағанға  көне  ме  ол,  ата?  –  десе:  –  Неге  көнбейді?  –  дейді  Ораз 

(С.Мұқанов). 



Әшірбек сонда да азсынып: 

– Неге ақырын? – дегенде: 

– Қатты көмір, – деді Әкім (Ғ.Мұстафин). 

§33.  Төл  сөзден  кейінгі  де  етістігі  деді,  деп  еді,  дейді,  деген  еді  сияқты 

тиянақты  тұлғаларда  тұрса,  одан  кейінгі  автор  сөзі  өз  алдына  тиянақты  не 

бағыныңқы сөйлемдер болса, араларына үтір қойылады: Менің есебімді бер! – 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет