Қазақ тілінің пунктуациялық


§73.  Ал,  бірақ,  дегенмен,  алайда  жалғаулықтары  қатар  келгенде,  өз  араларына  үтір  қойылады:  Ал,  бірақ



Pdf көрінісі
бет22/44
Дата07.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#17625
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44
Байланысты:
Тыныс-белгі-ереже

§73.  Ал,  бірақ,  дегенмен,  алайда  жалғаулықтары  қатар  келгенде,  өз 

араларына  үтір  қойылады:  Ал,  бірақ  «білімсізбін»  деп  өзіңізді  өзіңіз  әдейілеп 



кемітуіңізге  жол  болсын  (М.Иманжанов).  Бірақ,  дегенмен  өзі  қорықпайтын 

бала екен. Ал, дегенмен әңгімеңді айтып көр. 

§74.  Да  (де,  та,  те),  әрі,  не,  немесе,  яки,  біресе,  бірде  жалғаулықтары 

салаласқа  енген  жай  сөйлемдердің  әрқайсысында  қайталап  келсе  де, 

қайталамай келсе де, жай сөйлемдердің  арасына үтір қойылады. Мысалы: Біз 

Балқашқа  баратын  поезды  күттік  те,  ол  Петропавл  поезымен  со  күні  кешке 

Алматыға аттанды (М.Иманжанов). Күн де шықты, біз де тұрдық. Біресе себелеп 

жаңбыр жауады, біресе қиыршақтап қар жауады. 

§75. Салаласқа енген жай сөйлемдер  бірақ, өйткені, сондықтан, дегендей, 



алайда, әйтсе де, ал деген  жалғаулықтармен  байланысса,  үтір  олардан  бұрын 

қойылады: Жарты сағаттан кейін атқа қондым, ал Савельич қала адамдарының 

бірі  тегін  берген  көтерем  ақсағына  мінді  (А.С.Пушкин).  Жұрт  Павелді  қоршап 

тоқтай қалды, бірақ ол алға жарып шықты (М. Горький). Күн бұлттанып-ақ тұр 



еді, алайда жауа қоймады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет