Қазақ тілінің пунктуациялық



Pdf көрінісі
бет28/44
Дата07.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#17625
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44
Байланысты:
Тыныс-белгі-ереже

§97. Бастауыш -у жұрнақты етістіктен не ол араласқан тіркестен жасалса, 

баяндауыш  атау  тұлғадағы  зат  есімнен  немесе  -у  жұрнақты  етістіктен  және 

керісінше  болғанда,  бастауыштан  кейін  сызықша  қойылады:  Елдің  шетін 



күзету  –  ең  ардақты  правоң  (Жамбыл).  Көргеннен,  білгеннен  аспау,  барды 

қанағат қылу – ой мешеулігі (Ғ.Мұстафин). Аз сөзді, көп мағыналы болу – 

мақал-мәтелдерге  тән  құбылыс.  Мектептің  міндеті  –  оқушыларға  жан-

жақты білім беру және тәрбиелеу. 

§98. Бастауыш -ған (-ген, -қан, -кен) жұрнағымен жасалған есімшеден (не 

есімше аралас тіркестен) болса, баяндауыш не зат есім, не есімше, не есімдіктен 

жасалғанда,  бастауыштан  кейін  сызықша  қойылады:  Бұған  таяу  отырған  – 

Ыбырайдың  Ысқағы  (М.Әуезов).  Көпір  біткен  –  соғыс  тұмсығының  қатты 

қадалатын жері (Ғ.Мұстафин). Алтын орден алғаным – терең жырдың тиегі 

(Жамбыл). Менің жазып отырғаным – теңіз үстінде кездескен көріністерден, 




жолыққан адамдардан  білгендерім  (С.Мұқанов).  Абайды таң  еткен  –  сол екі 

жігіт (М.Әуезов). Ән шырқаған – сол. Станцияға ең кеш келген – осы. 

§99.  Бастауыш  зат  есімнен  не  сілтеу  есімдігінен,  баяндауыш  есімшеден 

болғанда, екеуінің арасына сызықша қойылмайды, өйткені мұнда есімше өзінің 

етістік қызметінде қолданылады: Мектеп үйі жаңадан салынған. Сол екі жігіт 

Абайды таңдандырған. 

§100. Баяндауыш болып тұрған есімше зат есім мағынасында қолданылған 

болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Осы кездік – саған тартқаным 

(соңғы есімше тұлға «тартқан сыйым» деген заттық мағынада қолданылып тұр). 



Енді осы – тоқтатқаны (Ғ.Мүсірепов). 

§101.  Бастауыш  бірі,  біреуі,  біріншісі,  екіншісі,  алдыңғысы,  соңғысы  деген 

заттанған  сан  есім,  сын  есімдерден  және  көбі  деген  сөзден,  баяндауыш  атау 

тұлғадағы  зат  есімнен  не    жұрнақты  етістіктен  (және  керісінше)  болғанда, 

бастауыштан  кейін  сызықша  қойылады:  Пьесада  («Шыңырау  түбінде»)  бір-

біріне қарсы екі түрлі идея түйіседі: оның бірі – көнбістікті, төзе берушілікті 

уағыздайтын аяушылық идеясы, екіншісі – адам күшіне сену, оны өмір үшін 

күреске шақыру  идеясы  («Қазақ  әдебиеті»). Жаяу  Мұса  –  Біржан бастаған 

Арқадағы  әншілер  тобының  көрнектілерінің  бірі  (М.Әуезов).  Горькийдің 

реалистік шығармаларында суреттелетін образдардың  көбі  –  өмірдің азабын 

шеккен, қорлық, зорлық көрген таптың өкілдері («Қазақ әдебиеті»). 

§102.  Бастауыш  бірі,  біреуі,  екіниіісі,  біріншісі,  көбі  деген  сөздерден, 

баяндауыш  атау  тұлғадағы  зат  есім  мен  -у  жұрнақты  етістіктен  басқа  сөз 

таптарының бірінен болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады: Ойыл екеу: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет