Қазақ тілінің пунктуациялық



Pdf көрінісі
бет29/44
Дата07.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#17625
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44
Байланысты:
Тыныс-белгі-ереже

бірі – ащы, бірі – тұщы (Ғ.Мұстафин). 

§103.  Бастауыш  өзінен  кейінгі  сөзбен  тіркесіп,  сөйлемнің  басқа  бір 

мүшесімен шатасып кететін  болса,  одан кейін сызықша қойылады (мұндайда 

баяндауыш  қай сөз табынан, қандай тұлғадан жасалғаны шарт  емес).  Айтуда 

бастауыштан кейін пауза болады. Мысалы: Отыз – алтыға қалдықсыз бөлінеді. 

§104. Бастауыш зат есім не заттанған басқа сөз табынан болып, баяндауыш 

болымсыздықты  білдіретін  емес  сөзі  тіркескен  есімдердің  бірінен  болса, 

бастауыштан  кейін  сызықша  қойылады:  Туысым  –  аталасым  емес,  өзіммен 

мұңы  бір,  бейнеті  бір  жатақтар  (М.Әуезов).  Сұлу  –  сұлу  емес,  сүйген  –  сұлу 

(Мақал). Эпопеядағыдай бұларда үстем болып отырған – оқиға емес, драмадағы 

тәрізді, адам («Қазақ әдебиеті»). Жатақтарды қосып отырған – ру ұраны емес 



(М.Әуезов). 

§105. Бастауыш алды (алдым, алдың), арты (артым, артың), қасым (қасы, 



қасың),  үсті  (үстім,  үстің),  асты  сияқты  көмекші  есімдердің  жалаң  өзінен 

болып,  баяндауыш  та  есім  сөзден  болғанда,  бастауыштан  кейін  сызықша 

қойылады: Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ (Абай). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет