Арыздасу. Арыздасу (ғұрып). Бұл өмірден өтіп бара жатқан адам
соңғы сағатында туған-туысқандарымен, бала-шағасымен соңғы рет
тілдесіп, олармен қоштасады. Қатесі болса, кешу сұрайды. Өсиетін,
арманын айтады. Бүкіл ел-жұртымен, туған елімен қоштасады.
Арыздасу – тірі адамның соңғы тілеуі, ақырғы сөзі. Мұны өлім сәті
таянғанын сезген әр адам есі, тілі барында айтып қалуға тырысады.
Мұнда ауру жанында отырған адамдар «бақұл бол», «қияметте
кездесейік» деп көзіне жас алады.
Достарыңызбен бөлісу: |