91
Атасы жақсы құл болмас,
Анасы жақсы күң болмас.
Оң жақтан кетіп барамын.
Қыз еркелеп ұл болмас,-
деп өзінің жат жұрттық болып жаратылғанын жырға қосады. Ең
соңында:
Жанымдағы қыным ау,
Сіңлілер мен інім ау.
Жыл айналып келгенше,
Қош аман бол күнім-ау,
деп бауырларымен қоштасады. Мұнда «жыл айналып келгенше»
деген сөздің мағынасы бар. Өйткені, дәстүр бойынша ұзатылған қыз
жыл толмай өз үйіне бара алмайды.
Қоштасу қазақ халқының бауырмалдық, әншілік, айтқыштық қабілет
ін көрсететін тұрмыс салт жырларының ішінде көркем де көрнекті
дәстүр. Қоштасу жыры соңынан қыздың жеңгелері мен серіктері:
Жылама, бикем, жылама,
Көзіңнің жасын бұлама.
Ұл болып тусаң әуелден,
Сені мұндай қыла ма?-
деп оған жұбату айтып, келешегіне жақсы тілек білдіреді.
Салт жырларының тәрбиелік маңызы зор. Мұнда ұлттық дәстүр,
халықтық қағида, ағайын-туыстық қимас сезім, алдағы арман бәрі де
бар. Қоштасу, жұбату жыры сонысымен құнды.
Қыз ұзату. «Қыз ұзату» (салт, той). «Ұлын ұяға, қызын қияға
қондыру» ата-ананың тілегі әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату үлкен
той, думан әрі қызық. Бұл күні ата-ана қуанады, әрі жылайды.
Қуанатыны қыз өсірді және оны құтты жеріне қондыруы, жылайтыны
әрине қимастық көңілі.
Қызды алуға құда (тақ санмен) бес не жеті кейде одан да көп адам
келеді. Мұның ішінде бас құда, құдалар және күйеу жолдас болады.
Солтүстік және Орталық Қазақстанда тек ер адамдар барады. Құдалар
әдетте кешкілік баруы керек. Мұнда ойын-сауық, құдалық рәсімдер мен
кәде-жоралар жасалады. Жақын адамдар құданы үйіне шақырады.
Ұзатылатын қызды дәстүр бойынша таң ата, күн шыға жөнелтеді.
Оның алдында қыз «Қоштасу жырын», жастар «Жар-жар», «Ау,жар»,
«Аушадияр» айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: