VI– бөлім. «Өнерлінің өрісі кең».
Сайыс түрлері бес балдық жүйемен бағаланады.
Мұғалім:
І бөлім. Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,
125
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
Сайыскерлер өз реттерімен таныстыруларын айтады.
ІІ – бөлім. «Бақытты отбасы қандай ? – деген тақырыпқа жоба
қорғау.
Сайыскерлерге плакат, фломастерлер таратылып ойлануға бес минут
беріледі. Жанұяның бір мүшесі қорғайды.
Әділқазыларға сөз беріледі
Мұғалім:
«Мақал
айтсаң
–жол
көрсеттің,
мәтел
айтсаң-жанымды
жайландырдың» демекші, енді залдағы ата аналармен оқушылармен
отбасына қатысты мақалдардың жалғасын табу ойыны жүргізіледі.
Өз жұрттың – күншіл,
Нағашы жұрттың – сыншыл,
Қайың жұрттың міншіл келеді.
Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.
Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.
Өз балаңды өскенше бағасың,
Немереңді өлгенше бағасың.
Тату үйдің тамағы тәтті.
Ана- бәйтерек, бала- жапырақ.
Әдепті бала – арлы бала,
Әдепсіз бала – сорлы бала
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
Ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол
Қызың өссе,қызы жақсымен ауылдас бол.
Ағаның үйі – ақ жайлау.
Қонақ жаман болса, үй иесі қыдырады,
Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.
Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.
Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.
Тентектің ақылы түстен кейін кіреді.
Жақсы сөз сүйсіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.
Ата-балаға сыншы
Ата тілін алмаған, аман болып көп жүрмес.
Ата-анаң бар болса, бала кезде жар болсын.
Атаңа не істесең, алдыңа сол келер
Атаңа не қылсаң ,балаң саған соны қылар
Ананың сүті бал, баланың тілі бал
126
Достарыңызбен бөлісу: |